kz ru en
оставить заявку
г. Астана, пр. Республики 34 A
info@daryn.kz
+7 7172 29 52 32

Ақпараттық хат 1-7 сынып оқушыларының зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобаларының XIII «Зерде» республикалық конкурсын өткізу жайлы

27-11-2017

Бастауыш және орта буынды оқушылардың  интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру мен  оларға қолдау таныту мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми -практикалық орталығы 2018  жылдың 29-31 қантар  айында «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының (Ақмола облысы, Щучье қаласы) базасында оқушылардың зерттеу жобаларының мен шығармашылық жұмыстары  XIII  республикалық «Зерде» конкурсын өткізеді. 

Конкурсқа келу күні – 2018 жылдың 29 қантар сағат 11.00 дейін.  Конкурстың салтанатты ашылуы-29 қантар сағат 15.00-де. Зертеу жұмыстарын қорғау 16.00-де басталады. Конкурстың салтанатты жабылуы-31 қаңтар сағат 10.00-де. Қатысушылардың қайтуы  –31 қантар сағат 13.00-ден кейін.

Конкурстың қорытынды кезеңіне әрбір секция бойынша 1  ғылыми-зерттеу жобасымен  жас ерекшеліктеріне сәйкес (кіші жастағы топ-1-4 сыныптар, ересек жастағы топ - 5-7 сынып) іріктеу  кезінің 1 орын алған  жеңімпаздарынан құралған құрама командалары мен әр топтан бір жетекші ұсынылады.

1 секция - қазақ тілі мен әдебиеті;

2 секция – орыстілі мен әдебиеті, ағылшын тілі;

3 секция - математика, информатика;

4 секция - физика, техника;

5 секция - медицина, психология;

6 секция – химия, биология;

7 секция - тарих, өлкетану, этномәдениеттану;

8 секция - экология, валеология.

Ата-аналар жіберілмейді.

Конкурстың I, II кезеңінің қорытындысы бойынша есепті және қорытынды кезеңге өтінімді ұйымдастыру комитетіне облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармалары, Республикалық білім ұйымдары, ААҚ «Назарбаев зияткерлік мектептері»  2018 жылдың 10 қантарға дейін жіберу қажет. Конкурстың ережесі, хаттама формасы, есеп және өтінім www.daryn.kz сайтында (1,2 қосымша) орналасқан.

Сонымен қатар өтінімде жетекшінің аты-жөнін, байланыс телефондарын, келу және қайту кестесін көрсету қажет.

Іссапар шығыстарын (тамақтануы мен жататын орны  - 10000 теңге, экскурсия -500 теңге, бассейн – 700 теңге, трансфер- 200 теңге  және екі жаққа келу/кету жолы) жіберуші жақ есебіне жатқызылады.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

Астана қаласы,  Республика дан., 34 «а»,  тел 8(7172) 29-51-59, факс 8(7172) 29-52-32 «Дарын» РҒПО, e-mаil: z.amanova7@mail.ru

ТОО Компания Финист, Creative Group ©, 2017