kz ru en
оставить заявку
г. Астана, пр. Республики 34 A
info@daryn.kz
+7 7172 29 52 32
ШЫҒЫС ДАРЫНЫ: Облыс бойынша 450-ге жуық оқушы республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңіне қатысты

ШЫҒЫС ДАРЫНЫ: Облыс бойынша 450-ге жуық оқушы республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңіне қатысты

30-11-2017

Оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдылық қызметін ынталандыру, талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау мақсатында 2017 жылдың 25 қарашасында Өскемен қаласының №47 орта мектебінің базасында 8-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндерден республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі (әрі қарай – Конкурс) өткізілді.

Ағымдағы жылда Конкурсқа 430 оқушы, аудандық және қалалық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты. 16 секция бойынша: физика, техника, Жер және Ғарыш туралы ғылым, математика, қолданбалы математика, экономика, информатика, химия, биология, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау, тарих, құқықтану, өлкетану, әдебиет, этномәдениеттану және тіл білімінен 370 жоба ұсынды.

Бүгін жас зерттеушілерді «Рухани жаңғыру» идеясын жастар арасында бекіту, мәдени мұра, Шығыс Қазақстан облысының аумағында туризмді дамыту сұрақтары алаңдатуда.

Конкурс қатысушыларының «Радио-бала күтуші» тыңдау құралы, жол төсемдерінен мұзды кетіру үшін аспалы жабдық, Өскемен қаласының оқушысы үшін туристік анықтама, Өскемен қаласы – Язевое көлі перспективалық туристік маршруты сияқты қызықты және пайдалы өнертабыстар мен әзірлемелері қазылар алқасы мен бақылаушыларды қызықтырды.

Конкурс қорытындысы бойынша құрамына облыстың үздік жоғарғы білім беру орындарының ғалымдары енген әділ қазылар алқасының шешімімен 196 қатысушы 160 жоба бойынша жүлделі орындарды иеленді.

І дәрежелі дипломдармен38 оқушы (29 жоба), ІІ дәрежелі дипломдармен - 65 оқушы (51 жоба), ІІІ дәрежелі дипломдармен - 93 оқушы (80 жоба) марапатталды.

Жыл сайын оқушылардың белсенділігі өсуде, сонымен қатар ұсынылатын ғылыми жобалардың да сапасы артуда.

Облыстық кезеңнің жүлдегерлері үшін 2017 жылдың 5 желтоқсанында жалпы білім беретін пәндерден республикалық конкурстың қашықтық кезеңі (тестілеу) өтеді.

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың ғылыми жетекшілерін және ата-аналарын құттықтаймыз! Шығыс Қазақстан облысының командасына конкурстың республикалық кезеңінде сәттілік тілейміз!

ТОО Компания Финист, Creative Group ©, 2017