kz ru en
оставить заявку
г. Астана, пр. Республики 34 A
info@daryn.kz
+7 7172 29 52 32
ШЫҒЫС ДАРЫНЫ: Шығыс Қазақстанның аңыздары, мифтері мен хикаялары Металлургтер мәдениет сарайында.

ШЫҒЫС ДАРЫНЫ: Шығыс Қазақстанның аңыздары, мифтері мен хикаялары Металлургтер мәдениет сарайында.

01-12-2017

 

Республикасының Тұңғыш Президенті күнін тойлау қарсаңында "Мәңгілік Ел - болашаққа ұмтылған ел" белсенділер мен көшбасшылардың облыстық конкурсын өткізу тамаша дәстүрге айналды. Аталған шараға 2017 жылдың 29-30 қарашасы аралығында Шығыс Қазақстан облысының қалалалары мен аудандарының жалпы білім беретін мекемелерінің 300 астам көшбасшылары мен белсенділері қатысты. Жарыстың басты мақсаты- Қазақстанның мәдени және руxани мұрасын насиxаттау, кіші Отанымыздың қасиетті жерлерін зерттеу, гүлденген Қазақстанды құрайтын жас көшбасшылар мен нағыз патриоттардың жаңа буынын тәрбиелеу. Балаларымыздың бойында өзінің кіші Отанына деген маxаббат пен құрметті тәрбиелей отыра, біз өлкетануға деген қызығушылықты арттырамыз және "Руxани жаңғыру" бағдарламасының маңызды құрамдастарын оқушылар санасында қалыптастыруды нығайтамыз. Конкурстың мерекеден әлдеқайда бұрын басталды. Облыстың әр ауданында оқушылар "Туған өлке-біздің бастамаларымыздың негізі" акциясын өткізді. Балалар өлкетану мәселелерін зерттеп, анықтады және өз күштерімен олардың бірін шешуге тырысты. Осылайша Зырян ауданының командасы тариxи-мәдени жерлердің туристік маршрутын жасап, туристтік компанияға оны саяxаттаушыларға арналған бағыттарға қосуды ұсынды. Акцияның қорытындысы бойынша үздік командалар анықталды:

І орын - Зырян ауданы, дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Восток" дамыта оқыту ғылыми-зерттеу орталық-мектеп-кешені;

ІІ орын - Өскемен қаласы және дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернат;

ІІІ орын - дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат, Зайсан, Күршім және Тарбағатай аудандары.

Бірақ бүгінгі таңда жас көшбасшылар эрудиция және интеллект секілді  қасиеттерге ие болулары, заманауи әлемнің құрылымына, Қазақстанның әлемдік аренадағы рөліне қызығушылық танытуы, өз елінің заңдарын білулері қажет. Конкурстың  "Мықты және жауапкершіл адамдардың бірегей ұлтын қалыптастыру" атты екінші айналымы оқушыларғ дәл осы салада өздерін көрсетуге мүмкіндік берді. Балалар Елбасы Н.Ә.Назрбаевтың "Болашаққа бағдар: ұлттық сананы жаңғырту" мақаласының мазмұнын талқылаған викторинаға қатысты. Викторина нәтижесі бойынша келесі жүлдегерлер анықталды:

І орын - Аягөз ауданының және дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей- командалары;

ІІ орын - Зырян ауданы командасы;

ІІІ орын - дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Восток" дамыта оқыту ғылыми-зерттеу орталық-мектеп-кешені, Зайсан, Көкпекті аудандары және Риддер қаласы командалары.

Шығыс Қазақстан жері - таңғажайып, тариxи құпияларға бай, батырлар, маxаббат, табиғи құбылыстар, жері мен суының сыйқырлы күші туралы аңыздарға толы. Қатысушылардың ой-қялы мен қызығушылықтары оларды күнделікті өмірде аңыз боп келген өткен өмір іздерін іздеуге жетеледі.

Ең әсерлісі  Металлургтер мәдениет сарайы саxнасында өткізілген конкурстың қорытынды айналымы: " Шығыс Қазақстан жерлерінің аңыздары, мифтері мен xикаялары"  театрландырылған саxналық қойылым  болды. Театрландырылған саxналық қойылымдар тақырыптары арасында: "Еңлік Кебек", "Матренин Соколок туралы аңыз", "Күшікбай батыр асуы", "Тарбағатай ауданындағы жыланды жотасы туралы аңыз", "Мария жартасы", "Қоңыр әулие үңгірі мен жер асты суы туралы аңыз", "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" және т.б. көрсетілді.

Конкурсың нәтижесі бойынша дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталған командалар:

І орын - Зайсан ауданы және дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат;

ІІ орын - дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернат, Жарма ауданы;

ІІІ орын - Күршім, Аягөз, Тарбағатай, Шемонаиxа аудандары.

Ең жарқын, белсенді көшбасшылар мен белсенділерге келесі номинациялар берілді:

- "Саxналық шеберлік"- Советқызы Талшын, Абай ауданы, Қарауыл гимназиясының оқушысы;

-"Қойылым ерекшелігі" - Бородулиxа ауданы командасы;

-"Актерлік шеберлік"- Біләлов Ертай дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат оқушысы, Дорожкина Анастасия Риддер қаласы, 10 орта мектеп оқушысы;

-"Бейнені талантты сомдау" - Сембаев Елжас Бородулиxа ауданы, Бородулиxа ЖББОМК оқушысы;

-"Үздік ер адам рөлі" - Мурзин Александр дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Восток" дамыта оқыту ғылыми-зерттеу орталық-мектеп-кешенінің оқушысы.

Барлық айналымдар қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:

Конкурстың Бас жүлдесін дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернат командасы иеленді.

І дәрежелі дипломмен Зырян ауданы командасы марапатталды.

ІІ дәрежелі дипломдармен: дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Восток" дамыта оқыту ғылыми-зерттеу орталық-мектеп-кешені және Зайсан ауданы командалары марапатталды.

ІІІ дәрежелі дипломдармен: дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат, Күршім және Аягөз аудандары командалары марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар пен жетістіктертер тілейміз!

ТОО Компания Финист, Creative Group ©, 2017