kz ru en
оставить заявку
г. Астана, пр. Республики 34 A
info@daryn.kz
+7 7172 29 52 32

АКБОТА

27-12-2017

«Дарын» Республикалық ғылыми - практикалық орталығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойы қарсаңында 2017 жылдың 15-17 желтоқсан аралығында Москва  қаласында «Ақ бота - 2017» республикалық интеллектуалдық марафонының жеңімпаздарына мәдени-танымдық ауысым ұйымдастырды.

Мәдени-танымдық ауысымның мақсаты: оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, рухани құндылығын,  патриоттық сезімін қалыптастырып, әсем қаламен таныстыру.

Мәдени-танымдық ауысым қатысушылар құрамына Республикамыздың барлық өңірлерінен 8-10 сынып аралығындағы 28 оқушы кірді.

Экскурсия Царицин музей қорығына барудан басталды. Мұражайдамектеп оқушылары резервтік құрылыс тарихымен және оның мақсатымен танысты. Жылыжайларды, сарайларды, көпірлерді, тоғандарды, жарық пен музыкалық субұрқақты және Царицынодағы басқа көрікті жерлерді тамашалады, сондай-ақ бұл ерекше жер туралы көптеген аңыздар тыңдады.

Сапардың екінші күні мектеп оқушылары палеонтологиялық мұражайға барды, ол әлемдегі ең ірі табиғи тарихи музейлердің бірі болып саналады. Мұражайдың алты залында жойылып кеткен ағзалардың қалдықтары, динозаврлардың қаңқалары, көне құстар, жер бетіндегі сүтқоректілер сақталған. Мұражай экспозициясын сараптау барысында балалар жер бетіндегі жануарлар мен өсімдік әлемінің эволюциясын білді.

Мәдени-танымдық ауысымның соңында оқушылар әлемнің көне астаналарының бірі - Мәскеу қаласына экскурсиясы жасады. Храмдар мен үйлер, көшелер мен жолдар, ортағасырлық архитектура және заманауи құрылыстар - мұның барлығы өз көзімен көріп, сондай-ақ танымал қаланың көрнекті және есте қаларлық, мәдени орындарының тарихы туралы қызықты мәліметтермен танысты.

Оқушылар және олардың ата- аналары сапарды ұйымдастырған Білім және Ғылым Министрлігіне, сонымен қатар «Дарын» Республикалық ғылыми практикалық орталығына мереке күндерін әлемдегі ең әдемі қалалардың бірінде қызықты, танымдық әрі пайдалы етіп өткізуге қолдау көрсеткені үшін үлкен алғыстарын білдіреді.

ТОО Компания Финист, Creative Group ©, 2017