«Ақ бота» интеллектуалдық марафоны

«Ақ бота» интеллектуалдық марафоны

24-02-2012

Дарынды балаларды айқындау және оларға қолдау көрсету мақсатында жылма-жыл Республикалық ғылыми-практикалық орталық 3-10 сынып аралығында «Ақ бота» интеллектуалдық марафонын өткізеді.

Интеллектуалдық марафонға қатысушылар:

3-4 сыныптар үшін қазақ тілі, орыс тілі, математика, дүниетанудан;

5-8 сыныптар арасында қазақ тілі, орыс тілі, биологиядан;

9-10 сыныптарда қазақ тілі, орыс тілі, математика, физика, химия пәндері бойынша тесттік тапсырмаларды орындайды.

«Ақ бота» интеллектуалдық марафонға оқушылар ерікті түрде қатысады.

Қатысушыларға сертификат, ал жеңімпаздарға диплом, сыйлықтар және жазғы профильдік «Дарын» мектебіне жолдама беріледі.