География пәні бойынша республикалық олимпиада

04-01-2013

География пәні бойынша республикалық олимпиада елімізде дарынды балаларды анықтау, іріктеу және ғылыми білімге қызығушылығын арттыру мақсатында жыл сайын жалпы білім беретін 15 пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасы аясында өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылдың 13 наурызынан №99 бекіткен «Жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасын өткізу» ережесі туралы бұйрығына сәйкес, олимпиада 4 кезеңде өтеді:

1) бірінші кезең – мектептік;

2) екінші кезең – аудандық (қалалық);

3) үшінші кезең – облыстық (Астана және Алматы қалалары, сондай-ақ республикалық мектептер дәрежесі облыстық олимпиадаға теңеледі);

4) төртінші кезең – республикалық.

Республикалық олимпиада жүлдегерлері қазылар алқасының шешімі бойынша I, II, III дәрежелі грамоталармен және тағы да басқа сыйлықтармен марапатталады.

Олимпиадада орын алған оқушылардың ұстаздары, ғылыми-жетекшілері, сонымен қатар, республикалық олимпиаданы өткізу дебелсенділік көрсеткен жалпы білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы беріледі.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес, Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломымен марапатталған республикалық олимпиадасының жеңімпаздары республиканың жоғары оқу орындарына грант алу конкурсына қатысқан сәтте, көптеген жеңілдіктерге ие бола алады.

2012 жылғы география пәнінен республикалық олимпиаданың тапсырмалары: