новости
16-04-2019

Психология пәнінен С.М.Жақыпов атындағы республикалық олимпиада

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультеті, жалпы және қолданбалы психология кафедрасы мен «Дарын» республикалық практикалық орталығы Психология пәнінен С.М.Жақыпов атындағы республикалық олимпиадасын өткізеді.

Конкурстың мақсаты -  Көрнекті қазақстандық психолог және педагог  С.М. Жақыповтың ғылыми мұрасын дамыту және көпшілікке таныту, мектеп психологтары мен студент жастардың ғылыми әлеуетін белсендендіру, ғылыми-зерттеу жұмыстарға тарту.

Конкурсқа Қазақстандық жоғары оқу орындарының «Психология», «Психология және педагогика» мамандығы бойынша оқитын студенттер мен магистранттар  және мектеп психологтары қатыса алады.

Конкурсқа студенттер мен магистранттардың мақалалары, баяндамалар, ғылыми-зерттеулері, дипломдық, курстық жұмыстары мен жобалары ұсынылған конкурстың ережесінің талаптарына сай және 2018-2019 жж. аралығында жеке орындалған жұмыстар ұсынылады. Жұмыстар 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын) PDF форматында электрондық нұсқада болуы тиіс. Реферат сипатында жазылған жұмыстар қарастырылмайды.

Жұмысты көрсетуде шарттар бұзылған жағдайда байқауға қатысуға қабылданбайды.

Конкурсқа жұмысты қабылдау мерзімі: 2019 жылдың 10 науырыздан - 20 сәуір аралығанда  қабылданады: kaznu_psychology19@mail.ru , 87752249654, 87788847164

2019 жылғы 30 сәуірде конкурстың қорытындылары ҚазҰУ әл-Фараби және  «Дарын» республикалық практикалық орталығы  сайттарында жарияланады.