новости
24-05-2019

Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша ІІ республикалық жасөспірімдер олимпиадасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылдың 27-29 мамырында Нұр-Сұлтан қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша ІІ республикалық жасөспірімдер олимпиадасын өткізеді (бұдан әрі - Олимпиада).

Олимпиаданың басты идеясы - жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді тереңдете оқуға оқушылардың қызығушылығын арттыру, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға жасөспірімдерді даярлау жүйесін жетілдіру және еліміздің Олимпиадалық резервін құру.

Олимпиаданың аудандық және облыстық кезеңдеріне еліміздің барлық білім беру ұйымдарынан 25 808 оқушы қатысты.

Олимпиадаға 210-ға жуық іріктеу кезеңінің жеңімпаз, оқушылар қатысады деп жоспарлануда. Қатысушылар үшін қызықты мәдени-сауық бағдарламасы жоспарланған. Республиканың үздік олимпиадалық жаттықтырушылары қатысушы командалардың жетекшілері үшін (математика пәні мұғалімдеріне) әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларға жасөспірімдерді дайындау бойынша шебер-сыныптар өткізеді.

Қазылар алқасының құрамында еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының ғалым-педагогтары, сондай-ақ халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары бар. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен және Олимпиада демеушісі «ExxonMobil Kazakhstan Inc.» компаниясының бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

Олимпиаданың ашылу салтанаты 27 мамыр күні сағат 19.30-де «NURORDA» мектеп-лицейінің акт залында өтеді (Аманжолов көшесі, 34).

Олимпиаданың жабылу рәсімі және жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау аталған мектепте 29 мамыр күні сағат 11.00-де өтеді.

 

Қосымша ақпаратты төмендегі мекен-жай бойынша алуға болады:

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы

Нұр-Сұлтан қ., Республика даңғылы, 34а, «НұрТау» БО,710,

тел: 8 (7172) 29-50-76, Елекенова Л.З.