новости
13-06-2019

2-4 сынып оқушылары арасында «Бастау» XІІ республикалық математикалық турнирінің қорытындысы туралы ақпарат

Алматыда қазақстандық оқушылардың ең үздік математиктері анықталды!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылғы 9-12 маусым күндері аралығында Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп базасында 2-4 сынып оқушылары арасында «Бастау» XІІ республикалық математикалық турнирін өткізді.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры – турнирге қолдау көрсетіп, барлық қатысушыларға үш тілде кітаптар сыйлады және турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерлеріне әйгілі «Меломан» дүкендер желісінің сыйлық сертификаттарын табыс етті.

Математикалық турнир бұл - математикалық білімді мектепте одан әрі жетілдіру және кіші буын мектеп оқушыларының осы пәнге деген қызығушылығын арттырудағы жүйелі жұмыстарының бірі болып табылады.

Турнирдің басты мақсаты – бастауыш мектеп оқушылары арасында математикаға ерекше қабілетті дарынды балаларды анықтау, дамыту және оларға қолдау көрсету, математикадан оқушылардың білімін тереңдету және кеңейту.

Туринирге Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан және «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», республикалық физика-математикалық мектептерінен, сондай-ақ жеке білім ұйымдарының республикалық қауымдастық мектептерінен 2-4-сынып оқушылары арасында 150 қатысушы бәсекеге түсіп, бақтарын сынады.

Турнирдің республикалық кезеңі 3 тур бойынша өткізілді:

  • «Әу, баста» (командалық есеп);
  • «Асық» (командалық есеп);
  • «Математикалық бәйге» (ауызша жеке есеп).

Турнирдің тапсырмалары математикалық логикаға негізделеді, олар дұрыс талқылауды, дұрыс ойлауды және дұрыс шешім қабылдауды үйретеді.

Тапсырмаларды қорғаған кезде қатысушылар әділ сотқа шағымданып, өздерінің көзқарастарын дәлелдеді, бұл қазылар алқасының оқушының ынтасына деген достық қарым-қатынасында болды.

Турнир командалық сынақпен және жеке сынақпен ерекшеленеді. Команда қатысушылары өздерінің ептіліктерін, ұжымшылдықтарын және командада жұмыс істей білетіндерін көрсетті.Қазірдің өзінде ерте мектеп жасындағы қатысушылар нұсқаларды бір-бірімен  ұжым болып шешуге, келісуге үйренуде. Жеке сынақта қатысушылар тапсырмаларын жай ғана бермей, оны ауызша дәлелдеді. Қазылар алқасы қатысушылардың дайындықтарының жоғары деңгейде екенін, сонымен қатар олардың 5-7 сынып материалдарын меңгергенін белгіледі. Мысалы, есептерді шешуде 2-сыныптың қатысушысы Виета теоремасын қолданғанын және ол 7-сыныптың бағдаламасында оқытылатынын айта кетті.

Әр турдан кейін қабырғада турдың нәтижелері рейтингтерімен бірге ілініп тұрды.

Бастауыш мектептің жетекші - мұғалімдері үшін - «Бастауыш сынып оқушыларын әртүрлі стандартты емес математикалық есептерді шешуге оқыту әдістемесі» атты семинар ұйымдастырылды.

Қатысушыларға әр түрлі қызықты бағдарламалар ұйымдастырылды, сондай-ақ олар "EVRIKUM" интерактивтік-ойын-сауық орталығын тамашалады.

Командалық және жеке сынақтар бойынша жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Дарын" РҒПО дипломдарымен марапатталды. Ең жоғары ұпай санын жинаған жеңімпаз-команда турнир Кубогымен және Бас-жүлдемен марапатталды.