новости
22-07-2019

Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында ХХ республикалық Абай оқуларын өткізу туралы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер»бағдарламасын іске асыру және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасымен бірлесіп, ағымдағы жылдың 26-28 тамыз күндері Семей қаласы, Абай ауданында «Абай және Шәкәрім» кесенесінің музей-кешенінде жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында ХХ республикалық Абай оқуларын (бұдан әрі – Абай оқулары) өткізеді.

Абай оқуларының негізгі мақсаты:қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді  оқуға  деген қызығушылықтарын арттыру. Абай және Шәкәрім шығармаларындағы  эстетикалық  талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Абай оқуларының ережесі www.daryn.kzсайтында орналасқан.

Абай оқулары ережеге сәйкес аудандық (қалалық), облыстық республикалық кезеңдерден тұрады және 6 номинация бойынша өтеді.

Республикалық қорытынды кезеңіне облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері, 8-11 сынып оқушылары қатыса алады. Әр командада 6 оқушы (әр номинацияға – 1 оқушы) және 1 жетекші болуы тиіс. Абай оқулары- қазақ тілінде жүргізіледі.

Республикалық кезең  келесі 6 номинация бойынша өткізіледі:

1. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы – Абай өлеңдерін жатқа оқу конкурсы. Қазылар алқасы бұл номинацияда оқушы жатқа білетін Абай шығармаларының санына байланысты бағалайды.

2. «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Абай қарасөздерін жатқа, мәнерлеп оқу. Бұл номинация бойынша Абай қарасөздерін толық білуі бойынша бағаланады.

3. «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Шәкерім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу.  Бұл номинация бойынша шығарма мәтіндерін жатқа, мәнерлеп айтуы, толық білуі бойынша бағаланады.

4. «Көңілім әнді ұғады» номинациясы – оқушының Абай және Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау шеберлігі бағаланады.

5. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»  номинациясы – оқушылардың өз шығармалары (поэзиялық) бағаланады.

6. «Ұлылар әлемі» Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыпқа (ұсынылған тақырыптардан таңдау) эссе жазу.

Қатысушылардың Семей қаласына келу күні – 26 тамыз, таңғы сағат 08:00 ге дейін, жабылуы салтанаты 28 тамыз, сағат 20.00-да. Абай ауданынан  қайту күні 29 тамыз сағат 05.00.

Қатысушылар мен жетекшілердің Семей қаласына келуі мен кері қайту жол билеттері жіберуші тараптың есебінен төленеді.

Семей қаласында және Абай ауданында оқүшылардың  тамақтануы мен жатын орны «Дарын» РҒПО есебінен, жетекшілердің Семей қаласында тамақтануы мен жатын орны («Турист» қонақ үйі - тәулігі – 5000 тенге, тамақтануы- 2500 тенге), ал Абай ауданында тамақтануы мен жатын орны (тәулігі – 7525 тенге, ЖК «Джумагалиев Е.Ж.») жіберуші тараптың есебінен төленеді.

Қатысушылардың  Республикалық кезеңге сұраныс хатты 2019 жылғы 8 тамызға дейін республикалық ұйымдастыру комитетіне мына электрондық почтаға z.amanova7@mail.ruжіберу қажет (сканерленген құжаттары және графикпен  қоса).

 

Сұраныс хат төменде көрсетілген үлгіде жіберілуі тиіс:

 

Қатысушының аты-жөні

Облысы/

қаласы/

ауданы

Мектебі

Сыныбы

Жетекші-мұғалімнің аты-жөні, жұмыс орны, байланыс тел.номері

Семей қаласына келуі мен кері қайту кестесі (автобусы, пойызы, вагон №, уақыты)

1.

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша ақпаратты келесі мекенжайға хабарласу арқылы ала аласыздар:

| 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Республика даңғылы, 34а, «Дарын» РҒПО, тел.: +7 (7172) 295-159