новости
31-08-2019

Итоги XX республиканских Абайских чтений

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасымен бірлесіп, ағымдағы жылдың 26-28 тамыз күндері «Абай және Шәкәрім» кесенесінің музей-кешенінде білім беру ұйымдарының 8-11(12) сынып оқушылары арасында ХХ республикалық Абай оқуларын өткізді.

Абай оқуларының негізгі мақсаты - қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, оқушылардың классикалық қазақ әдебиетін оқуға қызығушылығын арттыру, Абай мен Шәкәрім шығармашылығын насихаттау, оқушылардың эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлы ақындардың поэзиясына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу болып табылады.

Биылғы  Абай оқулары 20 жылдық мерейтойымен ерекшеленді. Абай оқулары 2000 жылдан бері әр жыл сайын қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған ақынның келбеті мен шығармашылығын жаңа қырынан ашып, өткізіліп келеді.  20 жыл ішінде Абай және Шәкәрім шығармашылығын шынайы қадір тұтатын 2300 оқушы – өздерінің қабілеттері мен дарындылығын көрсетті, оның ішінде 1030-дан астам жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Бұл қазақстандық жас буын үшін халық ағартушысының рухани мұрасын зерделей білудің маңызы зор екенін көрсетеді.

Ережеге сәйкес, Абай оқулары үш кезеңде өткізілді: аудандық (қалалық), облыстық және республикалық.

Абай оқуларының республикалық кезеңі 6 номинациядан тұрды:

1 номинация - «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы – Абай өлеңдерін жатқа оқу конкурсы.

2 номинация - «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Абайдың қара сөздерін жатқа, мәнерлеп оқу.

3 номинация - «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Шәкерім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу.

4 номинация - «Көңілім әнді ұғады» номинациясы – оқушының Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындау шеберлігі бағаланды.

5 номинация - «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы –оқушылардың өз шығармалары.

6 номинация - «Ұлылар әлемі» Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыпқа  эссе жазу.

Сайысқа бірінен-бірі озған оқушылар шынайы бәсекеге түсті.

Абай оқуларына облыстық кезеңнен жүлделі орын алған Республикамыздың Ақмола, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және Абай атындағы мамандандырылған мектеп интернатынан, сондай-ақ республикалық физика-математикалық мектебінен жалпы 130 оқушы 6 номинация бойынша бәсекеге түсіп бақтарын сынады және олардың 22 жетекші мұғалімдері қатысты.

Қатысушылардың жұмысын білікті қазылар алқасы бағалады.

Сайыс қатысушыларына мазмұнды мәдени - танымдық бағдарлама дайындалды: Семей қаласында биологиялық орталықты аралап, Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды және Семей ядролық полигон құрбандарына арналған ескерткішке тағзым етті. Сондай-ақ, Абай ауданының шекарасында Абай ауданының әкімшілігі, білім бөлімі барлық қонақтарды құшақ жая қарсы алды. Бөрлідегі Абай және М.Әуезов мұражайына және Сырт Қасқабұлақтағы Абайдың туған жеріне саяхат жасап, «Еңлік-Кебек», «Үй тастағы», Шілікті кезеңдегі театрландырылған көріністерін тамашалады. Байқау Жидебайдағы Абай-Шәкәрім кесенесінде және Қарауыл ауылындағы мәдениет үйінде өткізілді. Абай-Шәкәрім кесенесінің жанынан он киіз үй тігіліп қатысушылар ашық аспан аясында тамақтанды. Оқушылар өз өнерлерін ашық амфитеатрда көрсетті. ХХ Республикалық Абай оқуларының ашылу салтанаты мен қатысушыларды марапаттау жабылу рәсімі аудан әкімі Байсабыров Жарқынбек Борашұлының қатысуымен Абай аудандық мәдениет үйінде өтті.

Абай оқуларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 60 оқушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, медальдарымен марапатталды. Оның ішінде І дәрежелі дипломға - 12 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға - 18 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға – 30 оқушы ие болды. Сонымен қатар, орын алған оқушыларға бағалы сыйлықтар да тапсырылды. Бірінші орынға микрофон, екінші орынға құлаққап/наушники, үшінші орынға кітаптар табысталды. Абай оқуларының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында жоғары оқу орындарының ректорлары жеңімпаздарға арнап келесі оқу жылына өз университеттерінің ректорлық гранттарының сертификаттарын табыстады. Атап айтсақ, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, тарих ғылымының докторы, профессор, Шәкәрімтанушы, Абай елінің тумасы – Ерлан Батташұлы Сыдықов мырза өз грантын Қарағанды облысының «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Макашев Абзалға тапсырды, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, Абайтанушы – Бауыржан Аманкелдіұлы Ердембеков мырзаның екі гранты Қызылорда облысының №225 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Жанызакова Эльмираға және Ақтөбе облысының С.Оразалин атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Нысанқұл Дариғаға бұйырды. Сондай-ақ, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректоры, тарих ғылымдарының доктор, профессор Мейір Ғариполлаұлы Ескендіров мырза өз грантын Шығыс Қазақстан облысының №27 орта мектептің 11-сынып оқушысы Қадырмолдина Дильяраға тапсырды. Сонымен қатар, Абай ауданының әкімі Байсабыров Жарқынбек Борашұлы да ең үздік атанған қатысушы Алматы облысы, Іле ауданының №13 орта мектептің 11-сынып оқушысы Слам Айтболға ноутбук тарту етіп, грант берген ректорларға өзінің алғыс хатын жолдады.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының номинациясы бойынша дипломдарымен 9 оқушы және грамоталармен 12 оқушы марапатталды және барлық қатысушылар мен жетекшілерге сертификаттар табыс етілді, сонымен қатар ұйымдастыру комитеті тарапынан әр оқушыға сөмкелер, флеш-дисктер, футболкалар, бейсболкалар, қолшатырлар берілді.

Орын алған жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімі қосымша бетте көрсетілген.

Қосымша

1 номинация - «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша

Орын

Аты-жөні

Облыс / қала

Мектебі

Сыныбы

І

Сембекқызы Сагина

Жамбыл облысы

Б.Адамбаев ат.ОМ

9

І

Қадырмолдина Дильяра

ШҚО

№27 ОМ

11

ІІ

Орынбаева Нұрсұлу

Қостанай облысы

Родина ОМ

11

ІІ

Мурат Дильназ

Қарағанды облысы

№61 ЖББОМ

10

ІІ

Жақсылық Сабина

Ақтөбе облысы

№57 ОМ

9

ІІІ

Бауржанқызы Сұңқар

Ақмола облысы

Елтай ОМ

9

ІІІ

Қайыржан Назира

СҚО

Алқатерек ОМ

11

ІІІ

Дүйсенғазина Тоғжан

ШҚО

Тарбағатай ОМ

11

ІІІ

Қалыбекова Айсана

ШҚО

Шәкәрім ОМ

9

ІІІ

Асанова Ақтоты

Алматы қ.

№81 МГ

8

«Дарын» РҒПО номинация бойынша дипломдары

Ном/дип.

Реш Нұргүл

Маңғыстау облысы

№7 ОМ

8

«Дарын» РҒПО грамоталары

Гр.

Бурабай Динара

Қызылорда облысы

№249 ОМ

11

Гр.

Оралбекұлы Оралжан

Алматы облысы

№18 ОМЛ

8

 

2 номинация - «Абайдың қара сөздері»

номинациясы бойынша

Орын

Аты-жөні

Облыс / қала

 

Мектебі

Сыныбы

І

Кәріпбаева Бағжан

ШҚО

Шәкәрім ат. ОМ

11

І

Егдірбек Айнұр

Маңғыстау облысы

А.Өтепбергенов ат. ОМ

10

ІІ

Серікқалиева Шуақ

ШҚО

М.Әуезов ат. ОМ

10

ІІ

Слам Айтбол

Алматы облысы

Іле ауданы, №13 ОМ

11

ІІ

Жұмабек Әліби

Жамбыл облысы

Абай ат.ОМ

9

ІІІ

Закария Бақыт

Нұр-Сұлтан қ.

№14 МГ

10

ІІІ

Оңдасын Қарақат

Түркістан облысы

М.Әбенов ат. ЖОМ

9

ІІІ

Боранбай Жансая

Қостанай облысы

Ғ.Қайырбеков ат. №9 ОМ

8

ІІІ

Баянбатұлы Ерасыл

Павлодар облысы

Ақсу гимназиясы

10

ІІІ

Түсүпқанова Гүлназ

 ШҚО

Ақтайлақ би ат. ОМ

9

«Дарын» РҒПО номинация бойынша дипломдары

Ном/дип.

Рахметова Зарина

Ақтөбе облысы

№49 ОМ

11

РҒПО «Дарын» грамоталары

Гр.

Мінәж Ақниет

Қызылорда облысы

№23 МЛ

9

Гр.

Махаш Ақерке

Нұр-Сұлтан қ.

№77 МГ

10

           
 

3 номинация - «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары»

номинациясы бойынша

 

Орын

Аты-жөні

Облыс / қала

Мектебі

Сыныбы

І

Мұқаш Айгерім

Ақтөбе облысы

Жарқамыс ОМ

9

І

Нұртасұлы Заңғар

ШҚО

Көкбай ОМ

8

ІІ

Қабышева Карина

ШҚО

Шәкәрім ОМ

9

ІІ

Жанызакова Эльмира

Қызылорда облысы

№225 ОМ

11

ІІ

Ғизатұлы Санат

Алматы қ.

№130 МГ

8

ІІІ

Жанайдар Санжар

Нұр-Сұлтан қ.

№51 МГ

8

ІІІ

Шәкен Оразмұхамед

Нұр-Сұлтан қ.

№69 МГ

10

ІІІ

Еркебекова Жанерке

Жамбыл облысы

Ә.Әйтиев ат. ОМ

11