новости
03-09-2019

Білім беру ұйымдарының математика, ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен тәрбиешілеріне арналған республикалық «ПедСтарт» қашықтық олимпиадасы

Ақпараттық қоғам жағдайында педагогтердің өздігінен білім алу мәселесі, ақпаратқа қол жеткізу, онымен жұмыс істей білу өзекті болып табылады. Ақпараттық қоғам білім қоғамы ретінде сипатталады, онда ақпаратты білімге айналдыру үдерісі ерекше рөл атқарады.

Танымдық белсенділікті, саналы өзін-өзі дамыту формаларының бірі-өздігінен білім алу. Қашықтықтан өткізілетін іс-шараларға қатысу - бұл өз іскерліктері мен дағдыларын көрсетуге, өзінің кәсіби әлеуетін толық көлемде іске асыруға, интернет-ресурстарды сауатты пайдалануға тамаша мүмкіндік. Олимпиада педагогикалық қызметкерлердің ақпараттық мәдениетін, олардың кәсіби деңгейін және педагогикалық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді; компьютерлік ақпараттық технологияларды енгізу қажеттілігін жаңарту; дәстүрлі және компьютерлік оқыту әдістерін біріктіру арқылы оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылдың 26 қыркүйегінде республикамыздың білім беру ұйымдарыныңматематика, ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен тәрбиешілеріне арналған республикалық «ПедСтарт» қашықтық олимпиадасын (бұдан әрі - Олимпиада) өткізеді.

Олимпиада 26 қыркүйек күні сағат 11.00-17.00 дейін (Астана уақыты бойынша) өтеді. Олимпиаданы өту уақыты 60 минут.

Олимпиадаға қатысу үшін:

1. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының www.daryn.kz сайтының басты бетінің жоғарғы жағында орналасқан «Мұғалімдерге арналған ақпарат» бөлімінде «Онлайн олимпиадалар» бөлігін басу арқылы "Тіркеу", "Нұсқаулық", "Жүйеге кіру" тақырыпшалары шығады.

2. «Тіркеу» позициясын таңдап, өзінің жеке ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) арқылы тіркеуден өтіп, логин пароль арқылы (парольді міндетті түрде есте сақтап қалу қажет) өзіне жеке кабинет ашады.

3. Нұсқаулыққа сәйкес ұйымдастыру жарнасын (1000 теңге) қатысушының ЖСН негізінде QIWI терминалы көмегімен төлеуге болады.

4. Тапсырмаларды орындау үшін 26 қыркүйек күні (сағат 11.00-17.00 дейін) (Астана уақыты бойынша) өзінің жеке кабинетіне кіріп, «Менің олимпиадаларым» парақшасындағы Олимпиаданы бастау қажет.

Олимпиада қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге “Дарын” РҒПО І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар а.ж. 5 қазаннан бастап жүктеуге арналған жеке кабинеттерде орналастырылатын болады.

Нәтижелері www.daryn.kz сайтында жарияланады.

Олимпиаданың Ережесімен www.daryn.kz сайтынан танысуға болады

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Астана қаласы, РҒПО "Дарын", Республика даңғылы 34а, тел. 8 (7172) 294998, 87071078933, 87473288308.