kz ru en
Іс-шаралар қорытындысы
Бастауыш сынып, орта буын және жоғары сынып мұғалімдеріне арналған «Математикадан олимпиада есептерін шешудің тәсілдері» республикалық оқу-әдістемелік семинарының қорытынды ақпараты
25-06-2018
0
 Бастауыш сынып, орта буын  және жоғары сынып мұғалімдеріне арналған «Математикадан олимпиада есептерін шешудің тәсілдері» республикалық оқу-әдістемелік семинарының қорытынды ақпараты
Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2018 жылғы ісшаралар жоспарына сәйкес бастауыш сынып оқушыларының республикалық «Бастау» турнирі аясында а.ж. 20-22 маусым аралығында бастауыш сынып мұғалімдеріне «Бастауыш мектепте математикадан олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері», орта буын мұғалімдеріне«Орта буын сыныптарында математикадан олимпиадалық дайындық» атты республикалық…
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қазақ диаспорасы балаларының «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты XV Халықаралық олимпиадасының ҚОРЫТЫНДЫСЫ
21-06-2018
0
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша  қазақ диаспорасы балаларының   «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім»  атты XV  Халықаралық олимпиадасының  ҚОРЫТЫНДЫСЫ
  Шетелде тұратын қазақ диаспорасының ерекше дарынды балаларын анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Қарағанды облысының  білім басқармасымен бірлесіп, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің базасында 2018 жылғы 15 - 19 маусымда  Қарағанды қаласында  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қазақ диаспорасының балаларына арналған  «Қазақстан - ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты XV Халықаралық олимпиадасын  өткізілді. Аталған шараның негізгі мақсаты - шеттегі қандастардың дарынды балаларын  Отанымен таныстыру, ана тілім бар деген ұғымды саналарына  сіңіру,  еліміздегі жоғары оқу орындарында білі…
«КЕНГУРУ - МАТЕМАТИКА БАРЛЫҒЫ ҮШІН» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ АУЫСЫМНЫҢ ӨТКІЗІЛУІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
31-05-2018
0
«КЕНГУРУ - МАТЕМАТИКА БАРЛЫҒЫ ҮШІН» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ АУЫСЫМНЫҢ ӨТКІЗІЛУІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
«Дарын» Республикалық ғылыми - практикалық орталығы Қазақстан Республикасы 2018 жылдың 24-27 мамыр аралығында Ташкент, Бұхара және Самарканд қалаларында «Кенгуру – математика барлығы үшін» интеллектуалдық конкурсының жеңімпаздарына мәдени-танымдық ауысым ұйымдастырды. Мәдени-танымдық ауысымның мақсаты: конкурс жеңімпаздарын мадақтау, географиялық ғылымдардың алуан түрлілігі мен кең ауқымы, мектеп оқушыларының кеңістіктік көзқарастарын кеңейту, олардың арасында ортақ мәдениетті қалыптастыру және демалу үшін қажетті жағдайларды жасау арқылы оқушыларды адамзат өркениетінің бірегей мәдени мұрасын білуге және ынталандыруға тарту. Мәдени-танымдық ауысымға Республикамыздың барлық өңірлерінен 8-9 сынып аралығындағы 10 оқушы қатысты. Алғашқы сапар Бұхара қаласы…
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕР БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАШЫҚТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
23-05-2018
0
  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы оқушылардың жалпы пәндерге деген қызығушылығын арттыру, әртүрлі ғылым салаларында оқушылардың когнитивті қабілеттерін қалыптастыру мақсатында жалпы пәндер бойынша республикалық қашықтық олимпиадасын 2018 жылдың 14 мен 18 мамырда өткізді: 1) 1, 2, 3, 4 сынып оқушыларын келесі пәндер бойынша оқыту: Орыс тілі (орыс тілінде оқыту) Қазақ тілі (қазақ, орыс тілдерінде оқыту) Математика (қазақ, орыс тілдерінде оқыту) Әлемді тану (қазақ, орыс тілдерінде оқыту) 2) 5, 6, 7, 8, 9, 10 сынып оқушыларын келесі пәндер бойынша оқыту: • қазақ тілінде оқитын қазақ сыныптарындағы  қазақ тілі; • Орыс тілінде оқитын орыс сыныптарындағы қазақ тілі; &bull…
ФИЗИКАДАН АЗИЯ ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ҚОМАНДАСЫНЫҢ ҚАТЫСУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
23-05-2018
0
ФИЗИКАДАН АЗИЯ ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ҚҰРАМЫ ҚОМАНДАСЫНЫҢ ҚАТЫСУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
    Физикадан Қазақстан Республикасының құрама камандасы  2018 жылдың 5 - 13 мамыр аралығында Ханой қаласында (Вьетнам) өткен физикадан Азия олимпиадасына қатысты. Олимпиада Ханой политехникалық университетінің базасында өтті, оған 25 елден 188 оқушы қатысты. Қазақстан Республикасының құрама командасы атынан Олимпиадаға Республикамыздың мамандандырылған мектептерінің 10 - 11 сынып оқушыларынан 8 оқушы қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстанның физикадан құрама командасы 2 алтын, 1 қола медаль мен 3құрмет грамотасымен марапатталды: № Қатысушының аты - жөні Сыныбы Білім беру ұйымы Облыс, қала Медаль (ұпай)…
МАТЕМАТИКАДАН 35-ШІ БАЛҚАН ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ ҚАТЫСУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
15-05-2018
0
МАТЕМАТИКАДАН 35-ШІ БАЛҚАН  ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ ҚАТЫСУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 10 сәуірдегі №144 «2018 жылы Қазақстан Республикасы құрама командаларының интеллектуалдық жарыстарға қатысуы туралы» бұйрығын жүзеге асыру мақсатында республиканың құрама командасы 2018 жылғы 7-12 мамыр аралығында Сербияның Белград қаласында өткен математикадан 35- ші Балқан олимпиадасына (бұан әрі - Олимпиада) қатысты.    Олимпиадаға Албания, Болгария, Греция, Босния және Герцеговина, Македония, Румыния, Сербия, Түркия, Италия, Англия, Молдова, Сауд арабия, Азербайджан, Туркменистан, Кипр, Монтенегро және Қазақстаннан жалпы саны  108 оқушы, 17 команда қатысты. Қазақстан Республикасының құрама командасы атынан Олимпиадаға Республикамыздың мамандандырылған мектептерінің 10 - 11 сынып оқушыларынан…
ДAРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА - ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ АҚПАРАТЫ
10-05-2018
0
ДAРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА - ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ АҚПАРАТЫ
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық мамандық. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше артықшылығы - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Бүгін де мұғалім білім құндылығын сақтаушы, балалар үшін тәртіп үлгісі ғана емес, сонымен қатар басқаларға өз-өзін жетілдіруге, қажетті ғылымдарды тауып, ізденуге жол сілтейтін өз ісінің шебері, өз оқушыларын білімге шабыттандыушы.   Жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында ҚР БҒМ «Дарын» республи…
ХII Халықаралық «Математика және жобалау» ғылыми конкурсына қатысу қорытындысы туралы ақпарат
05-05-2018
0
ҚР БҒМ 2018 жылғы 10 сәуірдегі №144 «2018 жылғы Қазақстан Республикасы құрама командаларының халықаралық зияткерлік жарыстарға қатысулары туралы» бұйрығын орындау мақсатында Қазақстан құрама командасы Мәскеу қаласында 2018 жылғы 29 сәуір – 3 мамыр аралығында өткізілген ХII Халықаралық  «Математика және жобалау» ғылыми конкурсына (бұдан әрі - Конкурс) қатысты. Конкурстың негізгі мақсаты: оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын дамыту; дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау; оқушылардың ақпараттық және коммуникациялық құзыреттілігін дамыту. Конкурстың қорытынды кезеңі жыл сайын Әлеуметтік басқару Академиясы, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университеті, Қаржы және сақтандыру жоғары мектебімен дарынды оқушылармен жұмыс…
«Адам-Жер-Ғарыш» атты қоршаған ортаны қорғау проблемалары бойынша ғылыми – зерттеу жобаларының жалпыресейлік олимпиадасына қатысу қорытындысы туралы ақпарат
05-05-2018
0
ҚР БҒМ 2018 жылғы 10 сәуірдегі №144 «2018 жылғы Қазақстан Республикасы құрама командаларының халықаралық зияткерлік жарыстарға қатысулары туралы» бұйрығын орындау мақсатында Қазақстан оқушылары 2018 жылғы 23-28 сәуір аралығында Королев (Ресей Федерациясы) қаласында өткізілген Адам-Жер-Ғарыш» атты қоршаған ортаны қорғау проблемалары бойынша ғылыми – зерттеу жобаларының жалпыресейлік олимпиадасына(бұдан әрі - Олимпиада) қатысты. Олимпиаданың негізгі мақсаты: ғылыми-техникалық шығармашылық  саласында дарынды оқушыларды анықтау, дамыту мен қолдау және оқушыларды инженерлік-техникалық және зерттеу мамандықтарына қызығушылығын дамыту. Олимпиада ғарыш, ғарыштық зертхана, астрономия, адам және ғарыш, энергия және адам, физикалық зертхана, бағдарламалау, ақпаратты…
2018 жылғы «Алтын жабағы» халықаралық конкурсының қорытындысы туралы ақпарат
01-05-2018
0
Ресей мен Қазақстанның білім саласындағы ынтымақтастығының аясында және оқушылардың әлем тарихы мен қоғамдық мәдениетке деген қызығушылықтарын  арттыру мақсатында "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы (РҒПО) Ресей білім Академиясымен (РБА) бірлесе отырып  2018 жылғы  16-19 ақпан аралығында "Алтын жабағы" халықаралық интеллектуалдық конкурсын ұйымдастырды. «Дарын» РҒПО-ның  2017-2018 оқу жылына арналған жұмыс жоспары және халықаралық ұйымдастыру комитеті арасындағы жасалған ынтымақтастық туралы келісімшарт негізінде конкурс жыл сайын өткізілуде. «Алтын жабағы» конкурсының басты ерекшелігі – отбасылық формат, яғни, қатысушылардың тапсырмаларды демалыс күндері үйлерінде орындау мүмкіндігі болып табылады. &…
Қазақстан Республикасы физика пәні мұғалімдеріне арналған «ПедСтарт» қашықтық олимпиадасының қорытындысы
23-04-2018
0
Қазақстан Республикасы физика  пәні мұғалімдеріне арналған «ПедСтарт» қашықтық олимпиадасының қорытындысы
Қашықтық олимпиада - бұл кез келген қаланың немесе ауылдың мұғаліміне өзін дәлелдеу мүмкіндігі. Олимпиаданың барлық қатысушылары өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алады. Интернеттің пайда болуына сіз үйрететін және үйренетін жаңа тәсілдер ашылды. Желілік ресурстарды пайдалану міндеттерінің бірі мұғалімдерді өз бетімен жұмыс істеуіне ынталандыру болып табылады. Интернетті пайдаланатын тәуелсіз жұмыс репродукциялық, ішінара іздеу және шығармашылық қызмет түрін қамтиды. Педагогикалық еңбек – бұл өзгелер үшін үнемі ізденістің қайталанбас үлгісі. Кез-келген мұғалім, егер ол белгілі бір материал мен оны ұсыну әдістеріне қол жеткізсе, өзін-өзі дамытудан бас тартпайды. Стандартты емес жағдайлардың көптігі мен күрделі сұрақтар, қарапайым және кейде ұтымды тәсілдер…
Павлодар облысының ақындық пен шешендік өнері жұлдыздары
20-04-2018
0
Павлодар облысының ақындық пен шешендік өнері жұлдыздары
  «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының бастамасымен 2018 жылғы16-18 сәуір күндері Павлодар қаласында дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатынегізінде«Ақберен» V республикалық ақындық пен шешендік өнерінің байқауы өтті. Республикалық байқауға «Көркем сөз оқу», «Ақындар мүшәйрасы», «Шешендік өнер», «Ақындар айтысы», «Шығарма жазу» және «Ұлттық аспапта ойнау» бағыттарында 15 облыстан және республикалық мамандандырылған мектептерден 90 оқушы бақтарын сынады. Павлодар облысынан байқауға 8 оқушы қатысып, 5-уі жүлделі болды. Өзінің өнері мен ақындығымен қатысушылардың арасынан озып шыққан «Ақындар мүшәйрасы» бағытында өз шы…

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 4 соңғысы

ТОО Компания Финист, Creative Group ©, 2017