kz ru en
Семинарлар, конференциялар, фестивальдар
«Оқытудағы жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер» атты математика, информатика, қазақ тілі, ағылшын тілі пән мұғалімдеріне арналған республикалық оқу-әдістемелік семинарының қорытындысы
11-01-2018
0
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Сулейман Демирель атындағы университетімен бірлесе отырып,  2018 жылдың 4-7 қаңтар аралығында  «Оқытудағы жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер» атты математика, информатика, қазақ тілі, ағылшын тілі  пән мұғалімдеріне арналған республикалық оқу-әдістемелік семинарын өткізді. Семинарлардың мақсаты – ұстаздардың педагогикалық шеберлік деңгейін үздіксіз жетілдіру, олардың дарынды балалармен жұмысқа даярлығын қалыптастыру, мектептің оқу-тәрбие процесіне заманауи білім беру технологияларын енгізу. Семинар тақырыбы мына мәселелерді қамтыды: математика, информатика, қазақ тілі, ағылшын тілі сабақтарындағы инновациялық технологияларды енгізу жолдар…
“Педагогикалық идеялар фестивалі” республикалық конкурсының ақпарат хаты
20-10-2017
0
“Педагогикалық идеялар фестивалі” республикалық конкурсының ақпарат хаты
Жаңартылған білім беруді енгізудің сәттілігі негізінен мұғалімнің жаңа білім кеңістіктерінде, уақыттың талаптары бойынша туындаған жаңа білім стандарттарында жұмыс істеуге дайын болуына байланысты. Мұғалімнің педагогикалық және әлеуметтік мәртебесін көтеруде ынталандыру  мен жағдай жасаудағы нысандардың бірі - кәсіби біліктілік конкурсы болып табылады. Соның ішінде ауқымы жағынан кең “Жыл мұғалімі”, “Үздік авторлық бағдарлама”, “Педагогикалық идеялар фестивалі”. Конкурс - мұғалім үшін  үнемі сынақ,  бірақ мазмұны жағынан емес өзін - өзі жетілдіруге қабілеттілігі ретінде, өз қызметін және өзін дұрыс ұсына білу нысаны ретінде. Конкурстарға қатысу педагогтың әлеуетін жаңаша жағынан инновациялық аспектіде ашып көрсетеді. Конкурстың негіз…
Конкурстар, семинарлар
28-02-2012
0
2012 жылы ИПТ зертханасының өткізген іс-шаралар тізбесі 1. Білім беру ұйымдарының пән мұғалімдері үшін «Жалпы білім беретін пәндерді оқыту әдістемесіндегі инновациялар» атты республикалық ғылыми-әдістемелік  семинары (бастауыш сынып, қазақ тілі мен әдебиеті (қазақ мектептерінде), тарих және дінтану мұғалімдері үшін) 4-7 қаңтар 2012 ж., «Балдәурен республикалық оқу-сауықтыру орталығы», Шучье қ. (қатысушылар саны –120) 2. «Білім беру жүйесінде ақпараттық коммуникациялық инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жеке тұлғаның құзіреттілігін қалыптастыру»атты республикалық семинар, 20 ақпан 2012 ж., Ы. Алтынсарин атындағы №159 мектеп-гимназиясы, Алматы қ. (қатысушылар саны-88) 3. Білім беру ұйымдарының пән мұғалімдері үшін «…
Конкурстар, фестивалдар
28-02-2012
0
2012 жылғы дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының педагогтарына, психологтарына және басшы қызметкерлеріне арналған республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми–практикалық конференциялар мен конкурстар 2012 жылы ИПТ зертханасының өткізген іс-шаралар тізбесі Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің педагогтары үшін тамыз педагогикалық кеңесі, 9-11 тамыз 2012 ж., Алматы қ., "Алатау" шипажайы (қатысушылар саны-200).
ТОО Компания Финист, Creative Group ©, 2017