kz ru en

Білім беру ұйымдарының математика, информатика, қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне республикалық оқу-әдістемелік семинарларының ақпарат хаты

07-12-2017

Бүгінде білім берудің мақсаты - «өз мүдделері үшін де, қоғам мүддесі үшін де өзін-өзі дамытуға дайын, динамикалық ортада өмір сүруге қабілетті білімді, шығармашылық, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру және дамыту».

XXI ғасыр - ақпараттық технологиялар ғасыры. Заманауи қоғамның дамуындағы негізгі фактор - қажетті ақпаратты оперативті иелену. Ақпараттық технология қолданылмайтын қазіргі заманғы экономика саласын елестете алмаймыз. Болашақ білім алуға және ақпаратқа қол жеткізуге дайын  адамдардың қолында.

Әлемдік мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылатын математика әлемдік көзқарас пен ойлаудың ғылыми стилін қалыптастыру үшін негіз болып табылады. Логикалық мәдениеті қалыптаспаған заманауи адамның ойлауының толыққанды дамуы мүмкін емес. Математика адамның жалпы дамуына ғана емес, сондай-ақ мінез-құлық, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға айтарлықтай үлес қоса алады; әлемнің эстетикалық қабылдауын дамытуға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2018 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес 4-7 қаңтар аралығында Сүлеймен Демирель Университетінің (Алматы облысы, Қаскелең қ.) инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультетінің ақпараттық жүйелер кафедрасы мен филология және педагогика ғылымдары факультетініңбазасында білім беру ұйымдарының математика және информатика, қазақ тілі мен ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналғанреспубликалық оқу-әдістемелік семинарларын өткізеді.

Семинарлардың мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұны аясында математика, информатика, ағылшын жіне қазақ тілі пәндерін оқытудың мазмұны мен әдістерінің ерекшеліктері, мұғалімдердіңақпараттық-коммуникативтікқұзіреттілігінқалыптастыру.

Семинар дәріскерлерінің құрамы Қаскелең қаласындағы Сулейман Демирель университетінің филология және педагогика ғылымдары факультеті мен инженер және жаратылыстану факультетінің ақпараттық жүйелер кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамынан тұрады.

Семинар бағдарламасы мына мәселелерді қамтиды: педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілігін қалыптастыру, кәсіби ой-өрісін кеңейту және болашақта білім беру мазмұнын жаңарту жолында өзіндік жетілуіне мен дамуына мотивациясын арттыру.

Іссапар шығындары (ұйымдастыру жарнасы, бару-қайту жолы, тамақтануы және тұратын орны) жіберуші жақтың есебінен төленеді. Республикалық семинарға қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы 15 000 (он бес мың) теңгені құрайды. Қатысушыларды тіркеу ұйымдастыру жарнасын төлеу түбіртегі  негізінде жүзеге асады.

Қатысушылар  университет жатақханасында тұра алады.Тұру құны бір адамға 6000 теңге (3 мезгіл тамағы+тұруы).

Университеттің мекен-жайы: Алматы облысы, Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі 1/1, тел.: 8/7273/07-95-65, 07-95-60.

Әр қатысушыға 22 желтоқсанға дейін міндетті түрде жеке http://tiny.cc/darynsdu сілтемесі бойынша онлайн - тіркелуден өту қажет.

Сауалнамадағы сұрақтарға жеке құжаттарыңызға сәйкес жауап берулеріңізді  және семинарға қатысты қосымша ақпарат жіберілетін  жеке телефондарыңыз бен  email қатесіз толтыруларыңызды сұраймыз.

Үлгі бойынша сұранысты, қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және төлеу туралы түбіртекті а.ж. 22 желтоқсанға дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасынаe-mail: gulden.berdenova.76@gmail.com жіберуге болады.

 

Қатысушының аты-жөні

(құжат бойынша)

Облысы,

мектебі

Пәні, оқыту тілі

Еңбек өтілі,

санаты

Байланыс телефоны,

Қатыс. e-mail

Қонақ үйдің қажеттілігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша ақпаратты мына тел. алуларыңызға болады: 8/7172/ 29-49-98, ұ.т. +7 7711008933, 87071078933.

 

 

РЕКВИЗИТ:

 

РГКП  «Дарын»  РҒПО

БИН   990240007434

ИИК(IBAN)  KZ566010111000021443

БИК   HSBKKZKX

АО «НарСберБанк Казахстана»  г. Астана

КБЕ  16

Астана қ.  Республика даңғылы 34

КНП 861

ТОО Компания Финист, Creative Group ©, 2017