kz ru en
«Ақ бота - 2017» республикалық интеллектуалдық марафонының жеңімпаздарына мәдени-танымдық ауысым

«Ақ бота - 2017» республикалық интеллектуалдық марафонының жеңімпаздарына мәдени-танымдық ауысым

20-12-2017

«Дарын» Республикалықғылыми- практикалықорталығыҚазақстанРеспубликасыТәуелсіздігініңмерейтойықарсаңында2017 жылдың14-18 желтоқсанаралығындаТашкент, Самарканд, Бухарақалаларында«Ақбота- 2017»республикалықинтеллектуалдықмарафоныныңжеңімпаздарынамәдени-танымдықауысымұйымдастырды.

Мәдени-танымдық ауысымның мақсаты: оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, рухани құндылығын,  патриоттық сезімін қалыптастырып, әсем қаламен таныстыру.

Мәдени-танымдық ауысым қатысушылар құрамына Республикамыздың барлық өңірлерінен 9-10 сынып аралығындағы 10 оқушы және дарынды балалармен жұмыс атқаратын облыстық білім басқармаларының мамандарыкірді.

Сапар Самарқанд қаласынан басталды. Оқушылар әлемдегі ең көне қалалардың бірі - «Ұлы көлеңкелер қаласы» деп аталатын қаланың ерекше тарихи ғимараттарын тамашалады. Самарқандта мектеп оқушылары Әмір Темір ғимараттарына, Ұлы Ұлықбек байырғы обсерваториясына және Тимурид әулетінің басқа билеушілерінің тарихымен танысты. Регистон алаңы, Гур-Эмир кесенесі, Шахи-Зинда шіркеуі кешені, Бибі-Ханум мешіті сияқты атақты көрнекті жерлерін көрді.

Оқушылар екінші күні Бухара қаласының жалпы шолымдық экскурсиясына барды. Бұл-балалар үшін әдемі қаламен жақынырақ танысудың тамаша мүмкіндігі болды. Бағдарлама аясында оқушылар мәдени астананың тарихи орталығын, көптеген архитектуралық ескерткіштер мен қаланың көрікті жерлерін тамашалап қайтты.

Мәдени-танымдық ауысымның соңына қарай ең есте қаларлық экскурсиялардың бірі - әлемдегі ең танымал Ташкент қаласын тамашалау  болды. Түркістанның Генерал-губернаторы, Кеңес дәуіріндегі монументалды ғимараттар, мешіттер мен медреселердің көк күмбездері, еуропалық заманауи ғимараттарымен танысты. Экскурсия барысында оқушылар қаланың ескі және жаңа бөліктерін аралап, шынайы шығыс базарына саяхат жасады.

Оқушылар және олардың ата- аналары сапарды ұйымдастырған Білім және Ғылым Министрлігіне, сонымен қатар «Дарын» Республикалық ғылыми практикалық орталығына мереке күндерін әлемдегі ең әдемі қалалардың бірінде қызықты, танымдық әрі пайдалы етіп өткізуге қолдау көрсеткені үшін үлкен алғыстарын білдіреді.

ТОО Компания Финист, Creative Group ©, 2017