kz ru en
ЕРТІС ДАРЫНЫ: Павлодар облысының қазақ тілі майталмандары

ЕРТІС ДАРЫНЫ: Павлодар облысының қазақ тілі майталмандары

09-01-2018

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2018 жылғы 3-5 қаңтар аралығында Астана қаласы «Нұр Орда» лицей-мектебінде  өзге ұлт 5-10 сынып оқушылары арасындағы «Тіл – мемлекет  тәуелсіздігінің белгісі» атты қазақ тілінен ХІІ республикалық қашықтық олимпиадасының қорытынды кезеңін өткізді.

Олимпиаданың қорытынды кезеңіне республиканың 8 облысынан, Астана және Алматы қалаларынан 70 оқушы қатысты. Павлодар облысынан 9 оқушы өтіп, бесеуі жүлделі орынға ие болды.

І дәрежелі дипломмен Екібастұз қ. №25 қазақ қыздар гимназиясының 8 сынып оқушысы Турусова Милана марапатталды. ІІ дәрежелі дипломды Екібастұз қ. дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебінің 6 сынып оқушысы Косенко Ксения және №6 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Евделев Артур иеленді. ІІІ дәрежелі дипломға Екібастұз қ. №25 қазақ қыздар гимназиясының 5 сынып оқушысы Камалетдинова Василя және Ақсу қ. №4 ЖОББМ-нің 6 сынып оқушысы Белецкая Ксения ие болды.

ТОО Компания Финист, Creative Group ©, 2017