kz ru en
«Оқытудағы жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер»  атты математика, информатика, қазақ тілі, ағылшын тілі  пән мұғалімдеріне арналған республикалық оқу-әдістемелік семинарының қорытындысы

«Оқытудағы жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер» атты математика, информатика, қазақ тілі, ағылшын тілі пән мұғалімдеріне арналған республикалық оқу-әдістемелік семинарының қорытындысы

11-01-2018

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Сулейман Демирель атындағы университетімен бірлесе отырып,  2018 жылдың 4-7 қаңтар аралығында  «Оқытудағы жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер» атты математика, информатика, қазақ тілі, ағылшын тілі  пән мұғалімдеріне арналған республикалық оқу-әдістемелік семинарын өткізді.

Семинарлардың мақсаты – ұстаздардың педагогикалық шеберлік деңгейін үздіксіз жетілдіру, олардың дарынды балалармен жұмысқа даярлығын қалыптастыру, мектептің оқу-тәрбие процесіне заманауи білім беру технологияларын енгізу.

Семинар тақырыбы мына мәселелерді қамтыды: математика, информатика, қазақ тілі, ағылшын тілі сабақтарындағы инновациялық технологияларды енгізу жолдары, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында математика, информатика, қазақ тілі, ағылшын тілі пәндерін оқытудың ерекшеліктеріне талдаулар жүргізілді.

Семинарға республиканың 8 облысынан әр облыстың  аудан, ауыл мектептерінен және Астана, Алматы қалаларының білім беру ұйымдарының  математика, информатика, қазақ тілі, ағылшын тілі пәні мұғалімдері  қатысты.

Семинарда дәріс оқу үшін Қаскелең қаласындағы Сулейман Демирель университетінің филология және педагогика ғылымдары факультеті мен инженер және жаратылыстану факультетінің ақпараттық жүйелер кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы шақырылды.

          Семинарға барлығы 58 педагог қатысты. Оның ішінде ауылды жерден 18, мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 14, қалалық гимназия мен лицейлерден 26 педагог қатысты.

Семинар соңында сауалнама алынып, қатысушылар республикалық оқу семинарының мазмұндылығын, өзектілігін, педагогтардың кәсібилілігін бағалап, жоғары деңгейде өткенін атап өтті.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар мен оқу-әдістемелік құралдары таратылды.

ТОО Компания Финист, Creative Group ©, 2017