kz ru en
ЕРТІС ДАРЫНЫ: «Ақберен» байкауының павлодарлық жүлдыздары

ЕРТІС ДАРЫНЫ: «Ақберен» байкауының павлодарлық жүлдыздары

12-01-2018

Облыстық білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 11 қаңтарда облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатында облыстық «Ақберен» байқауы өтті. Байқауға 5 аудан, 3 қала және мамандандырылған мектептерден қатысқан 83 оқушының арасынан 40 бала озып шықты.

«Шешендік өнер» бағыты бойынша І дәрежелі дипломмен Ақсу қаласы Береке ауылы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Бекер Назым; ІІ дәрежелі дипломмен  Павлодар қаласы №20 лицейінің 10 сынып оқушысы Алимхан Ботагоз, Ақсу қаласы мамандандырылған гимназиясының 11 сынып оқушысы Хуатбекқызы Айша; ІІІ дәрежелі дипломмен Екібастұз  қаласы  Атығай орта мектебінің  10 сынып оқушысы Мурахмет Гаухар, Лебяжі ауданы орта мектебінің  11 сынып оқушысы  Мұхтар Азиза,  Баянауыл ауданы Ш.Айманов ат. мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Бейбіт Айнара, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернатының  10 сынып оқушысы Илимхан Ақерке марапатталды.  

«Көркем сөз оқу» бағытында І дәрежелі дипломды Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернатының  10 сынып оқушысы Оразбаев Марлен; ІІ дәрежелі дипломды «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 5 сынып оқушысы Мерғалымов Санжар, облыстық мамандандырылған әскери мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Әбди Әділет; ІІІ дәрежелі дипломды Баянауыл ауданы №1 Майқайын орта мектебінің 8 сынып оқушысы Дәулетбек Ақерке, Екібастұз қаласы «Зерде» мамандандырылған мектебінің 11 сынып оқушысы Жунусова Мадина, дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Каббасова Данагүл, Ертіс ауданы Северный орта мектебінің 10 сынып оқушысы Маженова Зияда иеленді.

«Шығарма жазу» бағыты бойынша І дәрежелі дипломға Ақсу қаласы мамандандырылған гимназиясының 9 сынып оқушысы Кунтаева Амина; ІІ дәрежелі дипломға дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Мукатова Асель, Ертіс ауданы Қызылжар орта мектебінің 10 сынып оқушысы Есжанқызы Алия; ІІІ дәрежелі дипломға Екібастұз қаласы «Зерде» мамандандырылған мектебінің 11 сынып оқушысы Қайыркен Нұргүл, Екібастұз қаласы №36 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Құаныш Нұрай, дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының  11 сынып оқушысы Шарапиден Аида, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Галикперова Милана ие болды.

«Ақындар мұшәйрасы» бағытында І дәрежелі дипломмен Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернатының  10 сынып оқушысы Абдираимов Ердәулет; ІІ дәрежелі дипломмен Лебяжі ауданы Қазы орта мектебінің11 сынып оқушысы Тлеуберді Ақжол, Павлодар ауданы Шакат орта мектебінің10 сынып оқушысы Дуйсенова Маржан; ІІІ дәрежелі дипломмен Баянауыл ауданы Ш.Айманов ат. мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Амангелді Раушан, Ақсу қаласының мамандандырылған гимназиясының 8 сынып оқушысы Баянбат Ерасыл, дарынды балаларға арналған облыстық көп салалы лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Феримхан Архалық, дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Тлебалды Лағыл марапатталды.

«Ұлттық аспапта ойнау» бағыты бойынша І дәрежелі дипломды  дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Бакытова Айшат; ІІ дәрежелі дипломды Баянауыл ауданы №2 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Баркен Данагүл, Шарбақты ауданы А.Құнанбаев атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Қызыр Нұрғиса; ІІІ дәрежелі дипломды Екібастұз қаласы №18 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Сериков Арман, облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Ақымбек Асылхан, Павлодар ауданы №2 Чернорецк орта мектебінің8 сынып оқушысы Абай Айдана, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Алькенова Айдана иеленді.

«Ақындар айтысы» бағыты бойынша І дәрежелідипломғаЫ.Алтынсарин атындағыдарынды балаларға арналғангимназия-интернатының  11 сынып оқушысы Сарыбай Құдірет; ІІ дәрежелі дипломға Павлодар қаласы №12 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Кәрібай Нұрбек, Екібастұз қаласы №2 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Біләл Тілеген; ІІІ дәрежелі дипломға Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы Базарбай Азамат, Павлодар ауданы Ямышев орта мектебінің 11 сынып оқушысы Урдабеков Аблайхан ие болды.

Жеңімпаздарды дайындаған мұғалімдер Мұхаметжанова Райгүл Жетписовнаға, Қайрат Айсана Қайратқызына, Нургалиева Дария Амантаевнаға, Апушев Талап Каирбековичке, Турганбеков Асыгат Саятовичке, Халидолда Базарға «Ұстаздық еткен жалықпас» номинациясы табысталды. 

ТОО Компания Финист, Creative Group ©, 2017