kz ru en
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз»  Республикалық педагогикалық олимпиадасын ұйымдастыру және өткізудің  (бұдан әрі  – Педагогикалық олимпиада) Ережесі

«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» Республикалық педагогикалық олимпиадасын ұйымдастыру және өткізудің (бұдан әрі – Педагогикалық олимпиада) Ережесі

31-01-2018

Жалпы ереже

 

1. Педагогикалық олимпиада мұғалімдердің дарынды балалармен –педагогикалық білім берудің барлық  деңгейлерінде (ЖОО дейінгі, ЖОО-ның және ЖОО- нан кейінгі)  жұмыс жасауға дайындықтың бір түрі болып табылады. 

2. Педагогикалық олимпиада педагогтың жеке шығармашылық кеңістігін шоғырландыруға, зерттеушілік-ізденушілік бағытын таңдауға, педагогикалық өз ойын білдіру тәсілдерін және жеке шығармашылық жолын табуға мүмкіндік береді.

3. Осы Ереже ҚР «Білім туралы» заңына, 2016-2019 жылдарға арналған ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына, ҚР жаңа формациялы педагогтың үздіксіз педагогикалық білім берудің Тұжырымдамасына сәйкес жасалған.

 

Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері

 

4. Педагогикалық олимпиаданың мақсаты – жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау; білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.

5.    Педагогикалық олимпиаданың міндеттері:

- педагогикалық мамандықтың мәртебесін және беделін арттыру;

- жас педагогтардың әдістемелік деңгейін жетілдіру;

- жас педагогтардың оқу-тәрбие процесіне инновациялар іздеу және іске асыру;

- эксперименттік және инновациялық жұмыстарда кәсіби батылдығын және дербестігін дамыту;

- педагогикалық қызметте жас мамандардың талдау және өзін-өзі жетілдіру үшін жағдай жасау, олардың шығармашылық қабілеті мен белсенді кәсіби ұстанымын дамыту; 

- кәсіби қоғамдастықта жас мамандар өзін-өзі білдіру және әріптестерінің қолдауы үшін, кәсіби қарым-қатынас мүмкіндіктерін құру.       

   

Педагогикалық олимпиаданың құрылымы мен қатысушылары

 

      6. Педагогикалық олимпиаданың сатыланған құрылымы бар:

I саты - педагогикалық жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыруға бағытталған білім беру ұйымдарының жоғары сынып оқушылары.

Конкурс тапсырмаларын орындау барысында оқушылар: педагогикалық мамандықты таңдауға дайындықтарын, тұлғаның педагогикалық бағытын, педагогикалық эрудициясын, жалпы мәдениеттік және интеллектуалдық даму деңгейлерін көрсете алады.

IIсаты – педагогикалық университет, институт студенттері (II – IV курс),педагогикалық колледждің жоғарғы курс студенттері.

Олимпиада мазмұны тұлғаның өзін-өзі анықтауда кәсіби деңгейін, оларды кәсіби-педагогикалық жағдаяттар мен міндеттерді шешу барысында педагогикалық білім деңгейлерін көрсете алатын конкурс тапсырмаларын қамтиды.                                 

III саты -  магистранттар.

Олимпиада мазмұны магистранттарға кәсіби педагогикалық қызметтің деңгейін, сонымен қатар, педагогикалық зерттеу қызметінің шеберлігін, педагогикалық білім беруді, педагогтың жеке кәсіби маңызды қасиеттерін көрсете алатын конкурс тапсырмаларын қарастырады.

IVсаты – жас педагогтер, психологтар мен тәлімгерлер.(қатысушылардың еңбек өтілі 5 жылдан аспауы тиіс.)

Олимпиада мазмұны кәсіби білім беру аясында педагог тұлғасының шығармашылық өзін-өзі анықтау және өзіндік жетілу қабілетін, білім беру үрдісінде кәсіби педагогикалық шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін конкурс тапсырмаларын қарастырады.

7. Педагогикалық олимпиаданың әрбір сатысы белгіленген тәсілдерге негізделеді, сондықтан конкурстың педагогикалық тапсырмаларын іріктеу барысында олардың жалпы кәсіби біліктіліктің төрт деңгейлік жүйесіне сәйкес күрделенуін қарастырады:

         1 деңгей – педагогикалық тапсырмаларды аудитория жағдайында оқу материалдарымен, жаттығулармен, мәтіндік тапсырмалармен (жоғары сынып оқушылары) т.б. жұмыс барысында шеше білу;

2  деңгей – педагогикалық тапсырмаларды педагогикалық қызмет үзінділерін рөлдік ойындар элементтерін пайдалану арқылы т.б. модельдеу барысында аудитория жағдайында және педагогикалық практика барысында (студенттер) шеше білу;

3  деңгей – педагогикалық тапсырмаларды мектеп практикумдарын, педагогикалық практикалар (студенттер, магистранттар) өткізу процессінде шеше білу және жоспарлау;

4  деңгей – білім беру үрдісінде педагогикалық тапсырмаларды шешу және жоспарлау (жас педагогтер, психологтар, тәлімгерлер).

 

Педагогикалық олимпиада жеңімпаздарын анықтаудың  жалпы өлшемдері

 

8. Бағалау өлшемдері:

- жүйелілік және аргументтілік;
- кәсіби қызмет динамикасы; 
- материалдардың әр түрлілігі мен толықтығы;
- материалдың эстетикалық безендірілуі.

9. Таныстыру кезінде:

- шығармашылық жұмысты таныстырудағы дайындық дәрежесі;
- өз жұмысының жетістіктері мен сәтсіздіктеріне жан-жақты талдау жасай білуі;
- ақпараттық және компьютерлік технологияларды пайдалануы;
- ауызша сөйлеу өнері (айқындылығы, мәнерлілігі, образдылығы, сауаттылығы);
- импровизациялық қабілеті;
- аудиторияға ықпал ету дәрежесі.

10. Жалпы мәдениеті:

- ой-өрісі және ойлау қабілетінің ерекшелігі;
- коммуникативті мәдениеті.

11. Сабақ фрогментін презентациялау материалдарын бағалау өлшемдері:

- құзыреттілік (әдістемелік сауаттылығы, білімнің тұрақтылығы, АКТ-ны қолдану, психологиялық атмосфера, сабақтың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруы);

- рефлексивті (қатысушының жұмыс тақырыбы бойынша жеке ұстанымы, педагогикалық құралдарды аргументті таңдау, өзіндік табыстылық қабілетінің деңгейін анықтау).

 

Олимпиада кезеңдері

12. Педагогикалық олипиада бірнеше кезеңдерден тұрады:

I кезең – аймақтық

II кезең – қорытынды, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізеді.

 

Педагогикалық олимпиаданың ұйымдастыру комитеті мен

қазылар алқасы

 

13. Педагогикалық олимпиаданы дайындау және өткізуді республикалық ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады (бұдан әрі - Ұйымдастыру комитеті).

14. Ұйымдастыру комитетіне мынадай функцияларды жүзеге асырады:

- кезеңінде түскен конкурстық материалдардың тәртібін үйлестіреді;

- Педагогикалық олимпиаданың қатысушылары ұсынған материалдарға сараптама өлшемдерін әзірлейді;

- Педагогикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысушыларға тапсырмаларды әзірлейді;

- Педагогикалық олимпиаданың іріктеу кезеңі нәтижелерін техникалық өңдеуде жүзеге асырып, қорытынды кезеңіне қатысушылардың құрамын анықтайды;

 - Педагогикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде қазылар алқасының жұмысын ұйымдастырады; 

- қорытындысын шығарады және салтанатты марапаттау рәсімінің ұйымдастырылуына қатысады;

-  Педагогикалық олимпиаданың өткізу орны мен күнін, тәртібін белгілейді;

15. Ұсынылған жұмыстар санына байланысты, Ұйымдастыру комитеті қатысушылар арасынан аймактык кезеңінен қорытынды кезеңіне қатысушылар құрамын анықтау құқығын өзіне қалдырады.

16. Конкурс іс-шараларын бағалау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Педагогикалық олимпиаданың Ұйымдастыру комитеті құрады.

17. Қазылар алқасының құрамына республиканың алдыңғы қатарлы педагогикалық жоғары оқу орындарының, колледждердің ғалымдары, түрлі деңгейдегі кәсіби шеберлік байқауларының жеңімпаздары, педагогикалық қоғамдастық өкілдері кіреді.

 

Педагогикалық олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттау

                 

18.    Педагогикалық олимпиаданың жеңімпаздары "Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары және грамоталарымен марапатталады.

19. Педагогикалық олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар тапсырылады.

20. Педагогикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша бірлескен педагогикалық жобалар, оларды іске асыру бойынша бірлескен шешімдер қабылданып, республикамыздың педагогикалық қоғамдастығымен байланысты кеңейту.

 

Қаржыландыру

 

21. Қаржылық шығындар бекітілген сметаға сәйкес жүргізіледі.

22. Олимпиадаға қатысушылардың іс-сапар шығындары жіберуші жақтың есебінен төленеді /өз қаражатынан/.

23. Олимпиада қатысушылардың тіркеу жарнасы арқылы ұйымдастырылып, өтеді.  

24. Тіркеу жарнасының мөлшерін іс-шара ұйымдастырушылары белгілейді. Педагогикалық олимпиадаға қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы жас мамандар үшін  10 000 теңгені құрайды, ал жоғары сынып оқушылары мен педагогикалық колледж студенттері үшін 2 000 теңге (әр команда қатысушысы үшін). Ұйымдастыру жарнасын кез келген банктің бөлімшелерінен немесе  Қазпоштаға  төмендегі реквизиттерге аудару қажет:

 

Реквизиттер:

РГКП РНПЦ "ДАРЫН"

МАҚСАТЫ: «Педагогикалық олимпиада» (АТЫ-ЖӨНІ ОБЛЫСЫ, ҚАЛАНЫ, МЕКТЕП)

БИН990240007434

ИИК(IBAN)KZ566010111000021443

БИК HSBKKZKX

АСТАНА АЙМАҚТЫҚ ФИЛИАЛЫ №119900

АҚ "ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ", АСТАНА қаласы

КБЕ 16, КНП 861

 

ТОО Компания Финист, Creative Group ©, 2017