kz ru en

Тапсырма «Дарынды балаларға - талантты ұстаз»

31-01-2018

ПСИХОЛОГТАРҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

 

«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты республикалық педагогикалық олимпиадасының Ережесіне сәйкес (бұдан әрі – Педагогикалық олимпиада).

Конкурстың мақсаты: заманауи психологиялық білімді тарату, кәсіби дағдыларының дамуына жағдай жасау, қоғамдағы психологтардың беделін көтеру.

Міндеттері:

- жас психологтар, логопедтер, дефектологтарға республикалық деңгейдегі жарысқа түсуде өзінің шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін, көрсетуге мүмкіндік туғызу;

- жас психологтар, логопедтер, дефектологтарға кәсіби қызметін жетілдіру;

- психологтардың іс-тәжірибелерін жинақтауға және таратуға мүмкіндік туғызу;

- өзінің кәсіби деңгейінің жетілдіру мақсатында, психологтардың өзара қарым-қатынасының кеңеюіне мүмкіндік туғызу;

- психолог мамандығы имиджін арттыру.

 

 

 1 ТАПСЫРМА

 

Өзін-өзі таныстыру«Менің мамандығым - психолог» (қазылар алқасының сұрақтарымен 10 минутқа дейін).

Ұсыныс: еркін түрде орындалады, педагог-психологтың ұраны, миссиясы, өмірлік ұстанымы, хоббиі мен жетістіктері бейнеленуі мүмкін…

 

Бағалау критерийі (1-10 балл):

 

- өз мамандығы туралы ойының қалыптасуы;

- өзін-өзі жетілдіру әлеуеті;

- қатысушының коммуникативтілік қасиеттері;

- ауызша сөйлеу мәнері (айқындылығы, мәнерлілігі, көркемдігі, сауаттылығы);

- әртістілігі;

- импровизациялық қабілеті;

- аудиторияға әсерінің деңгейі;

- эрудициясы;

- ойлау қабілеті;

- коммуникативті мәдениет.

 

 

 

 

2 ТАПСЫРМА

 

Идеялары мен жобаларын қорғау «Шығармашылық алаңы»(қазылар алқасының сұрақтарымен 20 минутқа дейін)

          Қатысушылар авторлық шеберлік-сыныптар ұсына алады (мини-семинарлар, мини-тренингтер, дидактикалық супервизия, интерактивті дәрістер, әдістемелік түсініктерімен психологиялық жұмыстың көрсетілім сессиялары), психологиялық сабақтың, ата-аналарға арналған практикум  үзіндісі…

Конкурс материалы авторлық болуы керек, яғни конкурсқа қатысушының жеке әзірлемелері.

 

Бағалау критерийі  (1-10 балл):

 

- ұсынылған материалдың мазмұны;

- материалдың тұтастығы;

- тапсырмалар, жаттығулар мен тренингтер жиынтығын таңдаудағы ғылыми негіздеме…;

- тапсырмалар мен жаттығулардың ұсынылған материалға сәйкестігі;

- педагогикалық өзара әрекеттестік техникасын пайдалану;

- сабақтың нәтижелілігі;

- оқушылар мен мұғалімнің қарым-қатынас деңгейі;

- ұсынылған материалдың тиімділілігі;

- денсаулық сақтау технологияларын пайдалану;

- қызметтің тұжырымдамалық негіздері;

- сабақты өзіндік талдау.

 

 

 

МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

 

«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты республдикалық педагогикалық олимпиадасының Ережесіне сәйкес (бұдан әрі – Педагогикалық олимпиада).

Мақсаты:жас педагогтердің өзін-өзі жетілдіруге және әлеуеттік шығармашылығының дамуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мамандардың кәсіби көзқарасын қалыптастыру.

Міндеттері:

- педагогикалық мамандықтың мәртебесі мен беделін өсіру;

- жас педагогтердің әдістемелік деңгейін жетілдіру;

- жас педагогтердің оқу-тәрбие процесіне инновациялар енгізуде және ізденуде мотивацияларын арттыру;

- инновациялық және эксперименталдық жұмыстарда дербестігін және кәсібилігін арттыру;

- жас мамандардың педагогикалық қызметте өзін-өзі жетілуіне және анализ жасауына, олардың шығармашылық қабілеттері мен кәсіби ұстанымдарын дамыту;

- жас мамандардың кәсіби қоғамдастығында әріптестердің өз ойын білдіруге, кәсіби қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туғызу.

 

1 ТАПСЫРМА.

Өзін-өзі таныстыру «Педагогикалық дебют» (қойылған сұрақтармен бірге 10 минутқа дейін);

Формат: заманауи талаптарға сәйкес білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігі, өзінің кәсіби іс-тәжірибесін ауызша ұсыну.

 

Бағалау критерийі:

 

Педагогикалық шеберлік (1-10 балл)

- шығармашылық жұмысты ұсынуда дайындық деңгейі;

- өз кәсіби қызметінің жетістіктері мен сәтсіздіктеріне анализ жасай білу;

- ақпараттық компьютерлік технологияларды пайдалану;

- ауызша сөулеу қабілеті (мәнерлілігі, айқындылығы, көркемділігі, сауаттылығы);

Әртістілігі (1-10 балл)

- импровизациялық қабілеті;

- аудиторияға ықпалының деңгейі.

Жалпы мәдениет (1-10 балл)

- эрудиция;

- қалыптан тыс ойлауы;

- коммуникативтілік мәдениеті.

 

2 ТАПСЫРМА

Панорамалық сабақ немесе «Педагогикалық шеберлік қоймасы» (регламент 15 минут, сұрақтарға жауап, анализді қоса 5 минут)

Идея немесе жобаны ұсыну барысында мұғалімдер өздерінің жұмыс жүйесіндегі негізгі идеяны, кәсіби құзыреттілік деңгейін, технологиялық және коммуникативтік мәдениетті, сабақтың эстетикасын, оқу үрдісін талдай білуді тәжірибелік түрде жүзеге асырады.

Биылғы жылы Олимпиадада  педагогикалық идеяларды ТЕD форматында қорғау жоспарланып отыр.

 

TED – бұл «Таратуға лайықты иделарға» арналған жоба (Ideas Worth Spreading).

TED алғашқы конференциясы 1984 жылы өтіп, үш әлем адамдарын біріктірді: Технология, Ойын – сауық, Дизайн. Содан бері Конференцияның мазмұны айтарлықтай кеңіді, қазір TED бұл – жыл сайынғы жаңалық.

Жыл сайынғы TED конференциялары бүкіл әлемнің ең жарқын ойшылдары мен қоғам қайраткерлерін жинайды. Олар тыңдарманның алдында баяндама жасап, өздерінің «Таратуға лайықты иделарымен» бөліседі.

 

Педагогикалық Олимпиаданың  миссиясы да

ИДЕЯЛАРДЫ ТАРАТУ!!!

 

Біз, Олимпиада ұйымдастырушылары, TED жасаушылары мен ізбасарларындай, болашақта қарым-қатынасты, өмірді, білім беруді және жалпы бүкіл әлемді өзгерте алатын идеяларға сенімдіміз.  TED – бұл әлемнің үздік ойшыларының білімін тегін ұсынатын алаң. TED - бұл идеяға берілген, іздемпаз жандардың қауымдастығы.

 

Педагогикалық Олимпиадаға қатысушылар

Олимпиада-бұл әлем құрылымын терең түсінуге және біздің ортақ болашағымызды жақсартуға деген үмітімізге біріккен,

Қазақстандағы білім беруді дамытуды жақсартуға қабілетті өзінің бірегей идеясын тарату мүмкіндігі болып табылатын алаң!

 

Р.С. Сіздің баяндамаңыздың үздік болуы мақсатында www.TED.comсайтында кез-келген адамға қолжетімді TED және серіктес конференциялардың 1000 үздік баяндамалар тізілімі ұсынылған.

Әр апта сайын жаңа баяндамалар пайда болады. Олар ағылшын тілінде субтирмен сүйемелденіп, көбі әлемнің кемінде 20 тілдеріне аударылған.

Сандық білім беру ресурстары ұсынылады: анимациялар, аудио-бейне материалдар, графикалық объектілер, презентациялар, электрондық оқулықтар, электрондық ойындар, электрондық тренажерлер.

 

Сіздің баяндамаңыз үздік болуы мақсатында келесі Ескертпелерді ұсынамыз!

 

Барлық TED командасының көп тәжірибесі болғанына қарамастан, белгілі бір талаптар бар.

Спикерлердің сөз сөйлеуіне қатысты талаптар «TED ескертпелері» деп аталады. Барлығы 10 Ескертпелер, олар ескі ағылшын «Шекспир» тілінде жазылған.

Бірақ сіздің жұмысыңызды жеңілдету үшін біз оларды бірден орыс, қазақ тіліндегі түсініктемелермен таныстырамыз:

1. Шынайы болыңыз- TED сахнасы алдау және манипуляция орыны емес, шындықты бөліседі.

2. Ұлылықты арманда - әрине, TED сахнасында екі-үш, кейде тіпті бес рет сөз сөйлеген спикерлер бар, бірақ көбіне мұндай мүмкіндік бір рет түседі, сондықтан идеяны өте байыппен таңдау керек.

3. Тарихпен бөлісіңіз- Фигуралар, фактілер, логикалық дәлелдер, мұның бәрі кез-келген лайықты орындаудың міндетті белгілері болып табылады, бірақ егер сіз оларды қақтығыспен әңгіме түрінде елестетсеңіз, кейіпкер мен оларға қарсы кейіпкерлерді, онда аудиторияға әлдеқайда оңай болады.

4. Сахнадан саудаламаңыз - Бұл үшін жиналыс бөлмелері бар, ал сахнадан шабыттандырған дұрыс.

5. Әзілді қосыңыз

6. Эмоцияны қосыңыз – бұл тек жақсы эмоцияларды қосу ғана емес, сонымен қатар аудитоияны жылатыңыз, күлдіріңіз, сезіндіріңіз. Эмоциямен берілген фактілер көпке дейін есте қалады.

7. Басқалармен дауласыңызTED ұйымдастырушыларында барлық спикерлер бірігіп жұмыс жасау керек деген міндеттері ЖОҚ! Әр түрлі пікірді қорғаушылар бір сахнада бірікендері керемет, өйткені дау шындықты тудырады.

8. Өзіңізді шынайы көрсетіңіз– заманауи әлем өтірік маскаларға толы «жетістік маскасы», «әділетсіздік маскасы», «кінәсіздік маскасы» т.б. Егер сіз TED-те презентация жасасаңыз, еркін болыңыз.

9. Ешқашан баяндамаңызды қағаздан оқымаңыз– Ешқашан. Баяндамаңызды. Қағаздан оқымаңыз.

10. Уақытында аяқтаңыз - дайындықтарда және баяндама кезінде TED-дегі спикердің пікірінше әрдайым кері санағы бар үлкен сағаттар болады. Бұл маңызды, өйткені сізде тек 10 минут қана бар.

Бұл «ескертпелерді» TED-те қалай баяндама жасау керек екенін білу үшін беріліп отыр, интернет-ресурстардағы жазбаларда баяндамашылардың сөйлеген сөздерін көруге болады.

Ал дұрысы осы кеңестерді қолдануға кірісіңіз және нәтиже ұзаққа созылмайды. «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасында қатысушыларға сәттілік тілейміз!

 

Бағалау критерийі:

Құзіреттілік (1-10 балл)

- әдістемелік сауаттылық;

         - білімнің фундаменталдығы;

- ақпараттық компьютерлік технологияларды қолдану;

- импровизация;

         - сабақтың психологиялық жағдайы;

- оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттерін жүзеге асыру;

- заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану, сабақ үстінде интернет.

Стилі(1-10 балл)

-сабақтың гуманистік бағыты;

-коммуникативті мәдениет.

Рефлексивтілік(1-10 балл)

-конкурсқа қатысушының жұмыс тақырыбы бойынша, оны дәлелдеу бойынша  жеке ұстанымы;

-педагогикалық инструментарийді және білім беру процесін ұйымдастыру тәсілін таңдаудың дәлелділігі;

-өзінің жетістік деңгейін анықтау қабілеті.

 

Нәтижелілігі (1-10 балл).

 

3 ТАПСЫРМА.

 

Портфолио (қағаз және электрондық түрде болуы):

1.   Қатысушының ақпараттқ картасы(№ 1форма)

2.   Фотосурет(10 х 15 портрет)

3.   Аналитикалық анықтама(№1форма). Құжат 15 беттен аспауы тиіс.

4.   Рефлексивті талдамасы бар өзінің жеке сабағының жоспары.

5.   Педагогтың шығармашылық жетістіктерінің сараптамалық бағалауы, пікірлері, рецензиялары, ұсыныстары.

6.   «Менің қызығушылықтарым».

7.   Оқушылар мен тәрбиеленушілердің, жас мамандардың жетістіктерін дәлелдейтін сертификаттар, дипломдар т.б. құжаттардың көшірмелері.

8.   Жас педагогтың жұмыс (сабақ) және басқа да іс-шаралар барысындағы фотосуреттері (кемінде15 дана.

9. Портфолио Microsoft Power Point үлгісінде ұсынылуы мүмкін (портфолио презентациясы 12 слайдтан аспауы тиіс).

 

Бағалау критерийі:

ПОРТФОЛИО

-жүйелілігі;

-өз ойын жеткізе білуі;

- кәсіби қызметтің динамикасы;

- материалдың жан-жақтылығы;

- материалдардың сенімділігі,

- мүдделердің бағыттылығы;

- материалдың эстетикалылығы.

 

 

 

 

 

 

СТУДЕНТТЕР МЕН ЖОО-ның МАГИСТРАНТТАРЫНА

АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

 

«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты республдикалық педагогикалық олимпиадасының Ережесіне сәйкес (бұдан әрі – Педагогикалық олимпиада).

Мақсаты:студенттер, магистранттардың психологиялық-педагогикалық зерттеу қызметін артыру, олардың шығармашылық тұрғыда өзін-өзі жетілдіруіне жағдай жасау.

Міндеттері:

   - әр студентке өзінің шығармашылық дамуын және ғылыми зерттеулерге қатысу мүмкіндіктерін жүзеге асыруына жағдай жасау;

- жастарды ғылыми зерттеулерге тарту.

 

1ТАПСЫРМА.

Өзін-өзі таныстыру «Мен жас ғалыммын» (сұраққа жауап берумен қоса 10 минут);

Баяндама жасауда өзінің оқу орнының (институт, университет) имиджі таныстырылады. Оның студенттердің педагогикалық мамандықты таңдаудағы бағыт-бағдары.

Өзінің факультеті жайында баяндаманың ерекшелігі (кескіндеме, поэзия, пантомима, театр, музыка т.б.).

 

Бағалау критерийі (1-10 балл):

- оқу орнының ерекшелігі жайында сипаттама (құруылу тарихы, жетістігі, даму перстпективасы);

- баяндаманың ерекшелілігі, мағыналылығы;

- әртістілігі, мәнерлілігі, әсерлілігі;

- регламент сақтау;

- импровизациялық қабілеті;

- аудиторияға әсерлігі;

- ойлаудың ерекшелігі;

- коммуникативті мәдениет .

 

 

2 ТАПСЫРМА

         Инновациялық жобаларды қорғау (идея)(қазылар алқасының сұрақтарын қоса 20 минутқа дейін баяндама жасау).

          Студенттердің жұмысы келесі жанрларда ұсынылуы мүмкін: мақала, баяндама, зерттеу жұмысы, студенттік  жоба т.б.

Педагогикалық олимпиада жобалардың, идеялардың келесі бағыттарын ұсынады: (қатысушылардың жеке бағыты ғана рұқсат етіледі):

1.   «Біздің жаңа мектеп» білім беру бастамасын жүзеге асыру.

2.   Қазіргі заманғы кәсіптік білім берудің дәстүрлері мен келешегі.

3.   Дарынды балалар мен жастарды психологиялық-педагогикалық қолдау: қазіргі жағдайы мен даму болашағы.

4.   Білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастыруда инновациялық әдіс-тәсілдер.

5.   Ұлттық дәстүрлердің тәрбиелік мағынасы.

6.   Жаңартылған білім беру кеңістігі жағдайында жастардың азаматтық-патриоттық тәрбиесі.

 

Инновациялық жобаларды бағалау критерийлері(идея):

 

- жобаның өзектілігі (идея) – Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында көрсетілген әлеуметтік-экономикалық маңыздылық, басымдылықтарға сәйкестік;

- жобаның инновациялық құрамдас бөлігі (идея) – бірегей өнімді өндіру, жобадағы әлеуметтік немесе технологиялық инновациялар;

- кәсібилік – өтініш берушіде тиісті салада ұқсас жобаларды (идея) жүзеге асыру бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы;

- жобаның адрестігі (идея) – аймақтың дамуына және оның әлеуметтік, экономикалық т.б. мәселелеріне бағытталған;

- жобаның тираждалуы (идея) – басқа білім беру ұйымдарына және әлеуметтік орталарға жобаның нәтижелі іс-тәжірибесін тарату мүмкіндігі;

- жобаның ауқымдылығы (идея) – жобаны (идея) жүзеге асыру қызметіне тартылған жас мамандардың саны;

- жобаның жариялылығы (идея) – Интернет желісінде жоба (идея) туралы ақпараттың орналасуы, жобаны (идея) жастарға арналған республикалық, аймақтық іс-шаралар мен конкурстарда ұсыну;

- жұмыстың шығармашылық характері, зерттеуде өзіндік тәсілдемесі;

- материалды ұсынудың жүйелілігі және нақтылығы, ұсыныстар мен қорытындылардың негіздемелері.

 

 

 

 

 

ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

 

9-11 сынып оқушыларынан құралған команда

8 адамнан аспауы керек

 

«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты республикалық педагогикалық олимпиадасының Ережесіне сәйкес (бұдан әрі – Педагогикалық олимпиада).

 

Мақсаты: оқушының шығармашылық әлеуетін қолдау және жүзеге асыру, оқушылардың кәсіби бастамаларын және азаматтық сана-сезімін қалыптастыру.

      Міндеттері:

- оқушылардың әлеуметтік-шығармашылық белсенділігін, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін арттыру;

- оқушылардың қоғамдық қызметін жандандыру, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі тануға жағдай жасау;

- оқушылардың жеке ұйымдастырушылық, шығармашылық, рухани әлеуеттерін анықтау және дамыту;

- оқушының кәсіби бастамасын ынталандыру, қоғамдық жұмысқа қызығушылығын арттыру.

 

1 ТАПСЫРМА

Өзін-өзі таныстыру«Жаса! Қатыс! Жеңіске жет!» (кескіндеме, поэзия, пантомима, театр, музыка т.б. құралдарын пайдалануға болады, баяндама жасау 10 минутқа дейін).

 

Бағалау критерийі:

 

- өз мектебінің ерекшеліктерінің сипаттамасы (ашылу тарихы, жетістіктері, даму перспективасы);

- баяндаманың мазмұндылығы;

- безендіру (команданың атауы, ұраны, эмблемасы, киімнің үлгісі);

- әртістілігі, баяндама жасау мәдениеттілігі;

- регламент сақтау.

 

2 ТАПСЫРМА

 

         ҰШЖ (ұжымдық шығармашылық жұмыс), (кескіндеме, поэзия, пантомима, театр, музыка т.б. құралдарын пайдалануға болады; қазылар алқасының сұрақтарымен 20 минутқа дейін баяндама жасау).

         Екінші тапсырмадақатысушылар ұсынылған 2 тақырыпты таңдау құқығы бар:

1.   «Қазақстанның рухани мұралары» (Идея: Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі - бұл бізді ғасырлар бойы әкелген мақтаныштың символдық қорғанысы мен көзі);

2.   «Үлкен және кіші Отан» (Идея: кіші Отаннан ұлы Отанға - туған елге, Қазақстанға деген сүйіспеншілік басталады);

3.   «Жаһандық әлемдегі заманауи Қазақстандық мәдениет»(Идея:әлем біздімұнай ресурстарымызбен және ірі сыртқы саяси бастамаларымызбен ғана емес, біздің кітаптарымызды, пьесалар, мүсіндерді, картиналарды, музыканы, ғылыми жаңалықтарды насихаттайтын арнайы әдістер арқылы да мәдени жетістіктерімізбен танысын);

4.   «Ел жүрегі-Астана»(Идея: Астананың 20 жылдығы).

 

 

Бағалау критерийі:

 

- команданың ұсынылған тақырыптың мазмұнын  аша білу;

- баяндаманың ерекшелілігі;

- тақырыптың мазмұнын ашу барысында команданың әртістілігі, орындау мәдениеті, сезімталдығы, мазмұндылығы;

         - команданың білімділігі және дербестік деңгейі.

 

 

ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРДІҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТАПСЫРМА

 

Командадағы студенттер саны 8 адамнан артық емес.

 

«Дарынды балаларға –талантты ұстаз» педагогикалық олимпиада ережелеріне сәйкес (әрі қарай – Педагогикалық олимпиада):

Мақсаты:педагогикалық колледж студенттерінің кәсіби мотивациясын арттыру.

Міндеті:

- жастар арасындағы ұстаз мамандығының беделін арттыру;

- талантты, шығармашыл студенттерді анықтау, оларды қолдау және көтермелеу;

- командалық жұмыс жасаудың дағдысын жетілдіру және кәсіби ойлауды дамыту;

- кәсіби қызметке, зиялылыққа қажетті жеке қасиеттерді қалыптастыру;

- рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу;

- түрлі студенттік өзін-өзі басқару нысандарын пайдалана отырып ұжымды басқару машықтарын үйрету;

- колледждің тарихи-мәдени құндылықтарын сақтау және көбейту, студенттік жастарды тәрбиелеудегі сабақтастығы.

 

1-ТАПСЫРМА

        

Өзін-өзі таныстыру «Бала жүрегіне жол табу»(сұрақтарға жауап берумен қоса 10 минутқа дейін);

  Форматы:ауызша(музыкалық...) өз командасын таныстыру;

 

Бағалау өлшемдері(1-10 балл):

-ақпараттық технологияларды пайдалану;

- сөйлеу өнері (айқындылығы, мәнерлілік, көркемділігі, сауаттылығы);

- әртістілігі;

- импровизациялық қабілеті;

- аудиторияға ықпал ету дәрежесі.

Жалпы мәдениет:

- эрудициясы;

- ойлаудың ерекшелігі;

- коммуникативтілік мәдениеті.

 

2 ТАПСЫРМА

         Капитандар сайысы: психологиялық-педагогикалық экспромт «Педагогикалық ахуалдың талдамасы»(ұсынылған педагогикалық ахуалды шешу, әділқазылар сұрағын қосқанда 5 минутқа дейін)

 

 

Бағалау өлшемдері (1-5 балл):

- педагогикалық ахуалдың мәнін түсіну;

- өзара әрекеттесу субъектілерінің ұстанымын түсіну;

- педагогикалық проблемаларды тұжырымдау;

- проблемаларды шешудегі мүмкін әдістерді анықтау;

- өз шешімінің нұсқасын дәлелдеу;

- падагогикалық эрудиция.

 

Колледж командаларының капитандарына арналған жадынама:

1.   Мән-жайды пайдалана отырып ахуалды сипатта.

2.   Педагогикалық ахуалға қатысушыларды анықта, олардың ұстанымдарын белгіле.

       3. Әрбір қатысушы не ойлады, не қалады, не сезінді?

4. Бұл мәселені шешуде қандай нұсқалар болуы мүмкін? Осы мәселені шешудегі барлық нұсқаларды сипатта.

5.Осы мәселені шешудегі өз нұсқаңды негізде.

 

З-ТАПСЫРМА

 

         Ұжымдық шығармашылық жұмыс (ҰШЖ) таңдауға байланысты (сахналық көрініс үзіндісін көрсету, музыка, театр, пантомима, поэзия, көркем сурет және т.б.пайдалану, әділқазылар сұрақтарын қосқанда 20 минутқа дейін.)

        

1. «Арманда, жаса, жас маман!» (Идея:мен мұғалім мамандығын таңдаймын);
2. «Қазақстанның рухани мұралары» (Идея: Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі - бұл бізді ғасырлар бойы әкелген мақтаныштың символдық қорғанысы мен көзі);

3. «Үлкен және кіші Отан» (Идея: кіші Отаннан ұлы Отанға - туған елге, Қазақстанға деген сүйіспеншілік басталады);

4. «Жаһандық әлемдегі заманауи Қазақстандық мәдениет»(Идея:әлем біздімұнай ресурстарымызбен және ірі сыртқы саяси бастамаларымызбен ғана емес, біздің кітаптарымызды, пьесалар, мүсіндерді, картиналарды, музыканы, ғылыми жаңалықтарды насихаттайтын арнайы әдістер арқылы да мәдени жетістіктерімізбен таныссын);

5. «Ел жүрегі-Астана»(Идея: Астананың 20 жылдығы).

 

Бағалау өлшемдері (1-10 балл):

 - әзірлеменің заманауи талаптарға сәйкестігі;

- ҰШҚ команда қызметін ұйымдастыру деңгейі;

- іріктелген ҰШҚ мазмұнының сапасы;

- ҰШҚ педагогикалық мазмұнын ашу, жалпы педагогикалық және психологиялық эрудицияны пайдалану;

- әдістемелік талаптарға сәйкес ұсынылған әзірлемеде ҰШҚ негізгі құрылымдық компоненттердің болуы;

- ҰШҚ ресімдеу сапасы;

- ҰШҚ негізгі компоненттерінің сапасы.

 

 

 

 

 

ТӘЛІМГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

 

«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының (бұдан әрі – Педагогикалық олимпиада) Ережесіне сай:

Мақсаты:аға тәлімгерлердің кәсіби құзіреттілігін көтеру, тәрбие қызметінде және мектепті басқару жүйесіндегі орны.

Міндеттері:

– аға тәлімгердің кәсіби имиджін қалыптастыру;

– республикадағы тиімді жұмыс жасап жүрген аға тәлімгерлерді анықтау;

– білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымдары мен оқушылардың өзін-өзі басқару органдары, ата-аналар қоғамдастығы арасындағы іскерлік әрекеттестік мәдениетін жоғарылату;

– қатысушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;

– аға тәлімгерлердің жағымды, озық тәжірибелерін кеңінен тарату.

 

1 ТАПСЫРМА

 

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНЫСТЫРУ «МЕН БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ ШТУРМАНЫМЫН» (сұрақтарға жауап беруін қоса алғанда 10 минутқа дейін);

Формат:өзі күнделікті жұмыс барысында қолданатын заманауи білім беру технологиялары, кәсіби тәжірибесі туралы ауызша таныстыру (таныстыру барысында музыка, театрландырылған қойылым, пантомима, поэзия, сурет өнерін және т.б. қолдануға болады);

 

Бағалау өлшемдері

 

- сайысқа берілген уақыт регламентін пайдалануы (1-10 ұпай);

- тапсырманы орындау барысында тақырыптың толық ашылуы, ақпараттың мазмұндылығы, көңіл-күй дәрежесі: аға тәлімгердің өмірлік ұстанымы мен қызығушылықтарының жұмыс барысындағы қолданылуы (1-10 ұпай); 

- тапсырманы орындау барысында балаларға, әріптестеріне, жұмысына деген өзінің жеке қарым-қатынасын көрсете білуі (1-10 ұпай);

- ерекшелілігі, мәнерлілігі, көңіл-күйі (1-10 ұпай);

- әртістілігі: импровизация жасау шеберлігі, аудиторияға ықпал ету дәрежесі (1-10 ұпай);

 

2 ТАПСЫРМА

 

  Екінші тапсырманы орындау барысында ұсынылған үш тақырыптың ішінен қатысушылар тек біреуін таңдауға құқықтары бар:

 

1.Балалар ұйымы қызметінің бағдарламасымен таныстыру(регламент – 10 минут: таныстыруға 8 минут, қазылар алқасының сұрақтарына жауап беруге 2 минут).

Тапсырмана орындау барысында қатысушы өзінің біліктілік деңгейі мен балалар ұйымының бағдарламасын жасауда заманауи талаптарды игергендігін көрсетуі керек.


        2.  Кәсіби сайыс (регламент 20 минут: таныстыруға 15 минут, қазылар алқасының сұрақтарына жауап беруге 5 минут).

Қатысушыларға таңдаулары бойынша сыныптан тыс іс-шара көрсету ұсынылады. Негізгі мақсаты - балалардың аға тәлімгердің кәсіби қызметіне қызығушылықтарын тудыру.


          3. Проблемалық дәріс (регламент 7 минут: өз ойын баяндауға 5 минут, қазылар алқасының сұрақтарына жауап беруге 2 минут). Берілген уақыт көлемінде кәсіби қызмет барысында кездесіп жүрген мәселе туралы өз көзқарасын баяндап шығуы керек.

 

№1, 2 тапсырмаларды орындау барысында келесі қосымша мүмкіндіктерді қолдануға болады:

-         Фольклор, классикалық, эстрадалық, авторлық және халық әндерін, реп-композицияларын;

-         Аспаптық орындау;

-         Өзіндік жанр;

-         Әдеби шығармашылық;

-         Актерлік шеберлік: миниатюра, пантомима, конферанс.

-         Сахналық костюм.

 

Бағалау өлшемдері


        Барлық тапсырмаларды орындау барысында қазылар алқасы аға тәлімгерлердің кәсіби шеберліктерін бағалайды.

 

1.    Балалар ұйымдарының қызметімен таныстыру:

 

-         Өзектілігі, әлеуметтік және педагогикалық мақсаттылығы;

-         Балаларды дамыту жолдарының бағдарлық құндылығын нақты педагогикалық, әлеуметтік, мәдени шарттар арқылы қалыптастыру;

-         Тәрбиелеудің формалары мен мазмұнын көрсету;

-         Нәтиже.

2.   Кәсіби сайыс:

 

Осы тапсырманы орындау барысында келесіні ескеру керек:

- жұмыс барысында мақсат мен талап қоя білумен қатар, қойылған мақсат, талаптарды орындау  жолдарын импровизация арқылы балалардың пікірлерін ескеру арқылы қол жеткізе білу;

-  кез келген жағдайда шұғыл шешім табу;

- қосалқы құралдарды шебер пайдалану (техникалық, көрнекі, ақпараттық-коммуникативтік құралдар);

- залда отырған қонақтарды іс-шараға белсенді қатысуға тарта білу (кез-келген жағдайдан шыға білуі);

- осы бағыта балалар жұмысының  болашақ перспективалары мен күтілетін нәтиже.

 

2.Проблемалық дәріс:

 

-         Қозғалып отырған мәселенің өзектілігі мен маңыздылығы;

-         Көтерілген мәселені шешу жолдары;

-         Баяндалған мәтіннің ғылымилығы;

-         Шешендік өнер (сендіре алуы, нақтылығы).


3 ТАПСЫРМА

 

Аға тәлімгердің шығармашылық портфолиосы(өзімен бірге қағаз және электрондық түрде болуы керек).

      Қатысушының портфолиосында:

-         Титулдық беті (аға тәлімгердің аты-жөні, білім беру ұйымы);

-         Қатысушының түрлі-түсті суреті (10*15);

-         Аға тәлімгер туралы жалпы мағлұмат келесі формада болуы керек:

 

Аты-жөні

 

Туған күні

 

Білімі (бітірген оқу орны, мамандығы, диплом бойынша біліктілігі)

 

Педагогикалық және еңбек өтілі

 

Аға тәлімгер қызметіндегі және осы білім беру ұйымындағы еңбек өтілі

 

Біліктілігін арттыру (өткен орны, уақыты, тақырыбы)

 

 

- қатысушының еңбек өтілі, жетістіктері, маңызды авторлық жобалары;

- балалар ұйымдарының бағдарламаларын іске асырудың нәтижелері бойынша жұмыс жүргізу материалдары; 

- іске асырылған әлеуметтік жобалар жайлы ақпараттар;

- аға тәлімгер мен балалар ұйымдарының қызметтері бойынша фото материалдар;

-әріптестер, ата-аналар мен оқушылардың пікірлері;

- грамота, диплом, сертификаттарының көшірмелері;

- қатысушы бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне қатысты қосымша ақпараттарды бере алады.

 

 

Бағалау өлшемдері

 

  ПОРТФОЛИО:

- портфолиода берілген материалдардың бір құрылымды болуы;

- материалдардың мазмұндылығы (аға тәлімгердің өз жұмысын толық көрсете білуі, соның ішінде мектепішілік, қалалық шараларға қатысуының нәтижелері);

- мазмұнының өзектлігі, білім, тәрбие алушылардың мүдделерінің ескерілуі;

- материалдардың бір тұтастығы, тақырыптқа сай жабдықталуы;

- ұсынылған материалдардың көрнекілігі;

- берілген ақпараттардың шынайылылығы;

- портфолиода берілген материалдардың толық көлемде болуы;

- оқушылармен жұмыс жүргізудің түрлі формалары мен әдістерін қолдану;

- портфолионың эстетикалық талаптарға сай болуы;

- материалдарды безендіруде шығармашылық ыңғай.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТОО Компания Финист, Creative Group ©, 2017