kz ru en
МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН «МАТЕМАТИКАЛЫҚ РЕГАТА» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АҚПАРАТЫ

МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН «МАТЕМАТИКАЛЫҚ РЕГАТА» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АҚПАРАТЫ

02-02-2018

Қазіргі заман талабына сай мұғалім болу ең жауапты, ең күрделі, ең зиялы мамандық болып табылады.. Себебі, ол адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған зор жауапкершілікті қажет ететін мамандық. Ол бірсарындылықты ұнатпайды, сондықтан үздіксіз ізденіс үстінде, жаңашыл. Кәсіби деңгейін көтеру үшін алынған ақпараттың көлемін, қолданылатын формалар мен әдістердің санын көбейту ғана емес, сондай-ақ интерактивті жұмыстың әртүрлі түрлерімен айналысуға және өзін-өзі талдау мен өзін-өзі дамытуға жүйелі түрде ықпал етуге мүмкіндік беретін жағдайлар жасау қажет.

Мұғалімдердің әр түрлі олимпиадаларға қатысуы, оның кәсібилігін арттырудың бір құралы болып табылады.

Олар мұғалімдердің кәсіби дамуына, инновациялық тәжірибені таратуға қолайлы ынталандыру ортасын қалыптастырады және кәсіби өзін-өзі анықтауға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2018 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес Батыс-Қазақстан облыстық Білім басқармасымен бірлесіп “Математикалық регата” республикалық олимпиадасын (бұдан әрі-Олимпиада) өткізеді.  

Олимпиада 2018 жылдың 28-29 наурызында Батыс-Қазақстан облысы, Орал қаласының №42 «Ақниет» гимназиясы базасында өтеді.

Олимпиаданың мақсаты – педагогтің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуде ұмтылысын арттыру.

Олимпиадаға білім беру ұйымдарының математика пәні мұғалімдері қатыса алады. Республикамыздың әр облысы және республикалық білім беру ұйымдары, «Назарбаев зияткерлік метептері» ДББҰ Олимпиадаға құрамы 4 (төрт) адамнан тұратын команда ұсына алады.

Олимпиада төрт кезеңнен өтеді. Әр кезең - үш тапсырманың ұжымдық шешімінен тұрады. Бірінші тапсырма - математикалық анализ негіздерінен немесе алгебрадан тұрады, екінші тапсырма – геометрия, үшінші тапсырма – логикалық, комбинаторлық немесе «сандық».

Олимпиаданың Ережесі мен ақпараттық хаты  www.daryn.kz сайтынан танысуға болады. Іс-сапар шығындары (жолы, тамағы, тұруы) жіберуші жақтың есебінен.

Олимпиадаға келу күні– 27 наурыз, аяқталуы – 29 наурыз (сағат 14.00-ден кейін).

Олимпиадаға қатысушылар үшін“Айдана” қонақүйінен адам басына күніне 6 000 теңге, мекен-жайы: Орал қ., Евразия даңғылы, 157, тел.: 8(7112) 23 86 18, 8(778) 99 77 555 және адам басына күніне7000 теңге құрайтын “Құрмет” қонақүйінен орын алынған.“Құрмет” қонақүйінің мекен-жайы: Орал қ., Есқалиева көшесі, 205/2, тел.: 8(7112) 51 92 84.

Олимпиада қатысушыларына сертификаттар, жеңімпаз бен жүлдегерлерге I, II, III дәрежелі дипломдары тапсырылады.

Олимпиадаға қатысу туралы командалардың сұранысын (басшылықпен бекітілген) а.ж. 5 наурызына дейін берілген үлгі бойынша төмендегі мекенжайға жіберуіңізді сұраймыз: Астана қ., Республика даңғылы 34 а, тел.: 8/7172/ 29-49-98, e-mail: gulden.berdenova.76@gmail.com, ұ.тел.  87711008933. (Гульден Сериковна).

Толық аты-жөні

(құжат бойынша)

Облысы, мектебі

Оқыту

тілі

Жұмыс өтілі, санаты

Байланыс телефондары

қатысушының Е-mail

Қонақ үйдің қажеттілігі

 

 

 

 

 

 

 

 

ТОО Компания Финист, Creative Group ©, 2017