kz ru en
Дарынды балаларға - талантты ұстаз» XІІІ республикалық педагогикалық  олимпиадасын өткізу туралы ақпарат хаты

Дарынды балаларға - талантты ұстаз» XІІІ республикалық педагогикалық олимпиадасын өткізу туралы ақпарат хаты

02-02-2018

Егер мұғалім жұмысқа және оқушыларға деген

сүйіспеншілігін біріктіретін болса, ол - тамаша ұстаз.

 

Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында.. Академик жазушы Ғ. Мүсірепов «Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы- мұғалім,» -деп шәкірт көзімен қарайды.Ұстаздың дүние тануы, оның өмірі, әрбір құбылысқа қалай қарайтындығы әрбір шәкіртіне әсер етеді.

Бала жанын қалай тануға болады? Оның жүрегіне қалай жол табуға болады? Оның жауабы: қолыңды соз, жаныңды аш, оны оқушыларыңның бойына тамшылап құй. Өз идеяңның соңынан, қатар, алдындан, қарсы шық.

Соншама мамандықтың арасынан неліктен мұғалім мамандығын таңдадыңыз? Мүмкін, баланы қолынан алып, оны ғылымның қызықты әрі тартымды әлеміне алып баруға болатындықтан шығар. Мүмкін, оқушыларыңыздың білім баспалдағына шығып, қалай өсіп, дамып жатқанын бақылап, олармен өзіңіз де жетіле түсесіз.

Мұғалім жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын, көп тоқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын адам. Өйткені әрбір бала - ол уақытша ғана жарқылдайтын  жұлдыз, ал біздің көмегімізбен ол жұлдызды аспанда жарқырай түседі.

Егер Сіз жас болсаңыз, егер Сіз мұғалім мамандығын жай таңдап алмай, кемелді ұстаз болуға ұмтылсаңыз, егер сіздің идеяларыңыз Таратуға лайық болса, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы Сізді “Дарынды балаларға - талантты ұстаз” педагогикалық олимпиадасына қатысуға шақырады (бұдан әрі- Олимпиада).

Педагогикалық олимпиада 2018 жылдың 4-5 мамыр аралығында М. Әуезов атындағы педагогикалық колледж (Семей қаласы, ШҚО) базасында  өтеді.

Олимпиаданың мақсаты - жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау; білім беру жүйесін жетілдіруде жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.

Педагогикалық олимпиаданың құрылымы:

I саты - педагогикалық жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруға бағытталған білім беру ұйымдарының жоғары сынып оқушылары.

Конкурс тапсырмаларын орындау барысында оқушылар: педагогикалық мамандықты таңдауға дайындықтарын, тұлғаның педагогикалық бағытын, педагогикалық эрудициясын, жалпы мәдениеттік және интеллектуалдық даму деңгейлерін көрсете алады.

II саты – педагогикалық университет, институт студенттері (II – IV курс), педагогикалық колледждің жоғарғы курс студенттері.

Олимпиада мазмұны тұлғаның өзін-өзі анықтауда кәсіби деңгейін, оларды кәсіби-педагогикалық жағдаяттар мен міндеттерді шешу барысында педагогикалық білім деңгейлерін көрсете алатын конкурс тапсырмаларын қамтиды.                              

III саты -  магистранттар.

Олимпиада мазмұны магистранттарға кәсіби педагогикалық қызметтің деңгейін, сонымен қатар, педагогикалық зерттеу қызметінің шеберлігін, педагогикалық білім беруді, педагогтің жеке кәсіби маңызды қасиеттерін көрсете алатын конкурс тапсырмаларын қарастырады.

IV саты – жас педагогтер, психологтар мен тәлімгерлер. (қатысушылардың еңбек өтілі 5 жылдан аспауы тиіс.)

Олимпиада мазмұны кәсіби білім беру аясында педагог тұлғасының шығармашылық өзін-өзі анықтау және өзіндік жетілу қабілетін, білім беру үрдісінде кәсіби педагогикалық шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін конкурс тапсырмаларын қарастырады.

Педагогикалық олимпиаданың қазылар алқасының мүшелері ретінде ЖОО-ның, гуманитарлық колледждердің оқытушылары, жоғары санатты мұғалімдер мен  психологтар шақырылған.

Педагогикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері деңгейлеріне сәйкес I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Қатысушыларға сертификаттар тапсырылады.

Олимпиада қатысушылары үшін педагогикалық колледж базасында тегін тұру қарастырылған, тамақтануы бір күнге әр қатысушы үшін 1500-2000 теңгені құрайды.

Колледждің мекен-жайы: Семей қаласы, Ш. Уәлиханов көшесі, 150, тел. 8 /7222/ 54-25-89.

Қатысушылардың келу-кету күні көрсетілген кестесін төмендегі мекенжайға жіберуіңізді сұраймыз: gulden.berdenova.76@gmail.com.

Қорытынды кезеңге қатысу жөніндегі сұранысты (қосымшаға сәйкес, облыстық, Астана және Алматы қалалары басқармаларының басшылары, республикалық білім беру ұйымдарының жетекшілері қол қойған) а.ж. 5 сәуіріне дейін ұйымдастыру комитетіне: Астана қ., Республика даңғылы 34, тел. 8/7172/ 29-49-98, e-mail: gulden.berdenova.76@gmail.com.. жіберулеріңізді сұраймыз.

Тиісті органмен бекітілген  әр қатысушы, педагог және жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері көрсетілген сілтеме бойынша міндетті түрде жеке онлайн-тіркеуден өтуі тиіс http://tiny.cc/daryntalant.

Олимпиадаға келу күні 3 мамыр, басталуы-4 мамыр, олимпиаданың аяқталуы - 5 мамыр сағат 15.00-ден кейін.

Іссапар шығындары (жолы, тамақтануы) жіберуші жақтың есебінен төленеді.

Педагогикалық олимпиадаға қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы жас мамандар үшін (педагогтер, психологтар, тәлімгерлер мен магистранттар т.б.)  10 000 теңгені құрайды, ал жоғары сынып оқушылары мен педагогикалық колледж студенттері үшін 2 000 теңге (әр команда қатысушысы үшін). Ұйымдастыру жарнасын кез келген банктің бөлімшелерінен немесе  Қазпоштаға  төмендегі реквизиттерге аудару қажет:

 

Реквизиттер:

РГКП РНПЦ "ДАРЫН"

МАҚСАТЫ: «Педолимпиада» (АТЫ-ЖӨНІ ОБЛЫСЫ, ҚАЛАСЫ, МЕКТЕП)

БИН 990240007434

ИИК (IBAN)KZ566010111000021443

БИК HSBKKZKX

АСТАНА АЙМАҚТЫҚ ФИЛИАЛЫ №119900

АҚ "ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ", АСТАНА қаласы

КБЕ 16, КНП 861

Педагогикалық олимпиаданың Ережесі мен тапсырмалары «Дарын» РҒПО сайтында www.daryn.kz орналасқан.

 

1 қосымша

 

«Дарынды балаларға - талантты ұстаз»

Республикалық педагогикалық олимпиадаға қатысуға Сұраныс

 

Педагогтар, психологтар және тәлімгерлер үшін

 

1

Қатысушының категориясы (педагог, психолог, тәлімгер)

 

2

Тегі

 

3

Аты

 

4

Әкесінің аты

 

5

Облыс

 

6

Қала

 

7

Ауыл

 

8

Жұмыс орны

 

9

Еңбек өтілі

 

10

Қызметі

 

11

Байланыс телефоны

 

12

Қатысушының жеке E-mail

 

 

Жоғары сынып оқушылары, педагогикалық ЖОО, педагогикалық (гуманитарлық) колледждің командалары үшін:

 

1

Қатысушының категориясы (жоғары сынып оқушылары, колледж, ЖОО студенттер командасы)

 

1

Тегі

 

2

Аты

 

3

Әкесінің аты

 

4

Облыс

 

5

Қала

 

6

ЖОО, колледж, мектептің атауы

 

7

ТОО Компания Финист, Creative Group ©, 2017