kz ru en
ЕРТІС ДАРЫНЫ: Павлодардағы қазақ тілі олимпиадасының жарқын жұлдыздары

ЕРТІС ДАРЫНЫ: Павлодардағы қазақ тілі олимпиадасының жарқын жұлдыздары

09-02-2018

Халықаралық «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» қоғамдық қорының бастамасы бойынша облыс білім беру басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, Павлодар облысы тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2018 жылғы 8 ақпанында дарынды ер балаларға арналған облыстық «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатында  7-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен «Жарқын болашақ» Х республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.  

Олимпиада 5 бағыт бойынша жүргізілді: қазақ тілі мен әдебиеті, мәнерлеп оқу, вокал, ғылыми жоба, жазбаша шығармашылық жұмыс. Іс-шараға облыстың 176 оқушысы қатысты, оның ішінде 55 – өзге ұлт өкілдері,  68 – ауылдық мектептен, 84 – мамандандырылған мектептерден.

Павлодар облысының тілдерді дамыту басқармасы жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар тағайындады.  

Ұйымдастыру комитет мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосқан келесі ғалымдар, мұғалімдер, қоғам қайраткерлеріне «Тіл жанашыры» кубоктарын табыстады: тілдерді дамыту басқарма басшысының орынбасары Кокина Гүлсара Зейноллақызына, «Сарыарқа самалы» газетінің бас редакторы Жайықбаев Нұрбол Қанатбекұлына, дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының директоры Рамазан Баярға.

Олимпиада қорытындысында І орын – 11, ІІ орын – 23, ІІІ орын – 32. 

«Тілші-әдебиетшілер» бағыты бойыншаІ дәрежелі дипломмен дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 10 сынып оқушысы Трофименко Александр, Ақсу қ. мамандандырылған гимназиясының 11 сынып оқушысы Хуатбекқызы Айша; ІІ дәрежелі дипломмен дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Разиева Сурайё, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Чжен Татьяна, облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Камали Ақерке, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 11 сынып оқушысы Бауыржан Ақерке, Май ауданы Жалтыр орта мектебінің 11 сынып оқушысы Сахимзадинова Айсана; ІІІ дәрежелі дипломмен Павлодар ауданы, Мичурин орта мектебінің 9 сынып оқушысы Матвеева Светлана, дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Разиева Зухра, Екібастұз қ. дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Гончаренко Ирина, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Бәкібай Толғанай, Шарбақты ауданы Есілбай орта мектебінің 7 сынып оқушысы Қайкен Бибігүл, облыстық мамандандырылған әскери мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Талапбек Жақсылық марапатталды.

«Сөз шеберлері» бағытында І дәрежелі дипломға Екібастұз қ. №26 гимназия-мектебінің 9 сынып оқушысы Ғұмар Әлішер, дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 8 сынып оқушысы Бондарь Анастасия; ІІ дәрежелі дипломға дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Каббасова Данагүл, Павлодар қ. №25 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Тусупбекова Дамира, дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Хунафия Бахдаулет, Ақтоғай ауданы Тіленшин орта мектебінің 9 сынып оқушысы Юрченко Татьяна, Май ауданы Ақшиман орта мектебінің 8 сынып оқушысы Карташов Артур; ІІІ дәрежелі дипломға Ақсу қ. мамандандырылған гимназиясының 8 сынып оқушысы Хаманай Асхат, Павлодар ауданы Ямышев орта мектебінің 11 сынып оқушысы Урдабеков Абылайхан, дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 7 сынып оқушысы Дәулетқан Нұр, Ақсу қ. Ақжол орта мектебінің 11 сынып оқушысы Жүнісхан Айтолған, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 7 сынып оқушысы Лангольф Дарья, облыстық көп салалы дарынды балаларған арналған лицей-интернатының 8 сынып оқушысы Гребенкин Даниил, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Соколова Екатерина, Баянауыл ауданы №2 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Москвитина Аделина ие болды.

«Әнші-бұлбұлдар» бағыты бойынша І дәрежелі дипломды Екібастұз қ. №26 гимназия мектебінің 9 сынып оқушысы Еркеш Дилназ, Павлодар қ. №9 гимназия-мектебінің 7 сынып оқушысы Козолуп Алиса; ІІ дәрежелі дипломды Ертіс ауданы М.Горький орта мектебінің 10 сынып оқушысы Сакенов Адай, дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің 7 сынып оқушысы Жанатова Әсем, Павлодар ауданы Чернорецк №1 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Абикеев Жанат, Павлодар ауданы  Чернорецк №2 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Барладим Анжела, Баянауыл ауданы №2 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Штибен Диляра; ІІІ дәрежелі дипломды Ақсу қ. мамандандырылған гимназиясының 7 сынып оқушысы Алимжанов Алибек, Ы.Алтынсарина атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 8 сынып оқушысы Тлеубек Ерқанат, Павлодар қ. №25 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Амангелді Диана, Май ауданы Көктөбе орта мектебінің 9 сынып оқушысы Абеуғали Айгерім, Ертіс ауданы №3 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Липп Николай, Ақсу қ. №7 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Романова Алина, Успен ауданы №2 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Лисицина Елена иеленді.

«Жас ғалымдар» бағыты бойынша І дәрежелі дипломмен Ертіс ауданы №2 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Базарбай Сания, дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Толеубаева Айша, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 7 сынып оқушылары Кадыркулова Алия, Агаева Арина; ІІ дәрежелі дипломмен Екібастұз қ. «Зерде» мамандандырылған мектебінің 8 сынып оқушылары Құдайбергенова Камила және Амантаева Зарина, облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 8 сынып оқушысы Қизат Мадина, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 9 сынып оқушысы Жапалбай Аяжан, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 7 сынып оқушысы Алибаев Алексей; ІІІ дәрежелі дипломмен Ақсу мамандандырылған гимназиясының 8 сынып оқушылары Баяманова Аида, Құрмашева Дильназ, Качир ауданы Береговая орта мектебінің 9 сынып оқушысы Смагулова Гульмира, Екібастұз қ. №25 қазақ қыздар гимназиясының 9 сынып оқушысы Қайырбек Айнұр, дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 7 сынып оқушылары Иват Хуат, Хасенов Еркебұлан, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 7 сынып оқушысы Дроздова Милана марапатталды.

 «Жазушылар» сайысы бойынша І дәрежелі дипломға Екібастұз қ. №33 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Жилина Лариса, дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Мукатова Асель; ІІ дәрежелі дипломға Ақсу қ. №4 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Ставрова Наталья, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Мерзявко Катерина, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 10 сынып оқушысы Мұхамеджан Аружан, Шарбақты ауданы Жанауыл орта мектебінің 9 сынып оқушысы Жанболат  Назерке; ІІІ дәрежелі дипломға облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Евлоева Дэлия, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Джабаева  Шейла, Ақсу қ. мамандандырылған гимназиясының 9 сынып оқушысы Жумабаева Дильнара, Екібастұз қ. «Зерде» мамандандырылған мектебінің 10 сынып оқушысы Амангелді Даниял, Павлодар ауданы Ефремовка орта мектебінің 8 сынып оқушысы Айгазинова Гаухар, облыстық көп салалы  дарынды балаларға арналған көптілді лицейінің 9 сынып оқушысы Алип Нұрмұхаметжан ие болды.

Дәстүр бойынша жеңімпаздарды дайындаған мұғалімдер Шушаева Лаззат Салиевна, Нұрмұхаметова Дана Жумажановна, Сағантаева Жанар Төлеубаевна, Шайкенова Асем Бейсенбековна, Көпеева Алия Камариденовна, Хайсина Клара Калиевна, Кабасова Мәншүк Мырзаевна, Слямбекова Карлыгаш Сайлаубековна, Дюсембаев Аскербек Култаевич, Туленова Жанар Жапаровна облыстық білім беру басқармасының грамоталарымен марапатталды.

2018 жылдың наурыз айында Алматы қаласында өткізілетін Х республикалық олимпиадаға облыстық кезеңінің жеңімпаздары жіберіледі.

ТОО Компания Финист, Creative Group ©, 2017