kz ru en
ШЫҒЫС ДАРЫНЫ: Орыс тілі мен әдебиеті білгірлері  конкурсының қорытындысы

ШЫҒЫС ДАРЫНЫ: Орыс тілі мен әдебиеті білгірлері конкурсының қорытындысы

12-02-2018

Әлем елдерінің бірыңғай мәдени кеңістігін қолдау және дамыту, Ресейдің мәдени мұрасымен және орыс тілімен танысу үшін 2018 жылдың 5 ақпанында Өскемен қаласындағы З. Ахметов атындағы №16 орта мектеп базасында орыс тілі мен әдебиеті білгірлерінің конкурсы болып өтті.

Конкурс екі кезеңде өткізілді:

- бірінші кезең - әртүрлі конкурстар, жарыстар мен олимпиадалардағы жетістіктерімен, табыстарымен таныстыру, эссе жазу;

- екінші кезең - орыс тілі мен әдебиетінен олимпиадалық сипаттағы конкурстық тапсырмалар орындау.

Байқауға облыс мектептерінен 7-9 сынып оқушылары қатысты. Байқау қорытындысы бойынша, қатысушылар жүлделі орындарға ие болды:

І орын:

- Макарова Екатерина  – Шемонаиха ауданындағы Н. Островский атындағы орта мектептің 7 сынып оқушысы;

- Самарханова Назлы – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттың 8 сынып оқушысы;

- Семенова Анастасия – Өскемен қаласындағы физика, математика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп лицейдің 9 сынып оқушысы.

ІІ орын:

- Попова Варвара – Риддер қаласындағы №1 орта мектеп-лицейдің 7 сынып оқушысы;

- Базарская Алиса – Өскемен қаласындағы№34мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы;

- Дак Арина –  Риддер қаласындағы №1 орта мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы.

ІІорын:

- Жумадилов Дарын – Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 7 сынып оқушысы;

- Керпус Ангелина – Бородулиха ауданы, Жезкент кентіндегі мектеп-лицейдің 7 сынып оқушысы;

- Шкабарова Мария Риддер қаласындағы№1 орта мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы;

- Тетерина ЕлизаветаРиддер қаласындағы №1 орта мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы;

- Марат Еркежан Шемонаиха ауданындағы Н. Островский атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы.

Жеңімпаздар 2018 жылдың 26-27 ақпан аралығында  Щучье қаласындағы республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында өтетін республикалық кезеңде өңір абройын қорғайтын болады.

Сәттілік пен жеңіс тілейміз!

ТОО Компания Финист, Creative Group ©, 2017