kz ru en
ПСИХОЛОГТАР АРАСЫНДА ПСИХОЛОГИЯДАН республикалық қашықтық олимпиадасын өткізу туралы ақпарат.

ПСИХОЛОГТАР АРАСЫНДА ПСИХОЛОГИЯДАН республикалық қашықтық олимпиадасын өткізу туралы ақпарат.

20-02-2018

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2018 жылғы 21 ақпанда білім беру ұйымдарының психологтары арасында психологиядан республикалық қашықтық олимпиадасын өткізеді.

Олимпиаданың мақсаты шығармашыл психологтарды анықтау және қолдау,кәсіби іс-әрекеттеріне ынталандыру.

Қашықтықтан өткізілетін Олимпиада ережесін жүктеп алу.

Қатысушылар Олимпиада тапсырмаларын www.daryn.kzсайтында онлайн режимде орындайды.

Олимпиаданың тапсырмаларын орындауға-40минут беріледі.

Тапсырманың барлық саны 30 сұрақ.

Олимпиада тапсырмалары 21 ақпан күні сағат 14.00-ден-17.00-ге дейін Астана уақыты бойынша қол жетімді болады.

Қашықтық олимпиадаға қатысу үшін:

сайттың басты парақшасындағы жоғарғы бөлігінде орналасқан «ОНЛАЙН ОЛИМПИАДАЛАР, ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР ЖӘНЕ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР»аттысілтемеге БАСЫҢЫЗ.

НҰСҚАУЛЫҚТЫ СІЛТЕМЕГЕ ӨТУ АРҚЫЛЫ

1. Қатысушы конкурс басталғанға дейін тіркелуі керек (егер қатысушы аталмыш олимпиадаға бұрын тіркеліп және қатысқан жағдайда, тіркелуден өту қажет емес. «Құпиясөзді еске түсіру» батырмасы арқылы бұрынғы  құпиясөзді  жаңартуға болады).

2. Ұйымдастыру жарнасын (1000 теңге) төлеу үшін қатысушының ЖСН нөмірін теру арқылы Qiwi терминалы көмегімен төлеуге болады.

3. Тапсырманы орындау үшін www.daryn.kzсайтының негізгі бетінің жоғарғы бөлігінде орналасқан «ОНЛАЙН ОЛИМПИАДАЛАР, ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР ЖӘНЕ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР»аттысілтемеге ӨТЕМІЗ.

НҰСҚАУЛЫҚТЫ СІЛТЕМЕГЕ ӨТУ АРҚЫЛЫ

Конкурс қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 28 ақпанынан бастап жеңімпаздар мен жүлдегерлерге – І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, қатысушы сертификаттары барлық қатысушылардың жеке кабинеттерінде өздері жүктеп алуларына болады.

Олимпиада нәтижелері www.daryn.kz сайтында жарияланады.

Қатысушыларды тіркеу және Олимпиаданы өткізу туралы қосымша сұрақтар бойынша төмендегі телефондарға хабарласуға болады:

Положение скачать

ТОО Компания Финист, Creative Group ©, 2017