kz ru en

Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының психологтары арасында психологиядан республикалық қашықтық олимпиадасының қорытындысы

02-03-2018

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2018 жылғы 21 ақпанда білім беру ұйымдарының психологтары үшін психологиядан республикалық қашықтық олимпиадасы өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты шығармашыл психологтарды анықтау және қолдау, кәсіби іс-әрекеттеріне ынталандыру.

Олимпиадаға дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер, гимназиялар және лицейлер, сонымен қатар жалпы білім беру ұйымдары мен ауылдық жерлерден  барлығы 590 психолог қатысты. Олимпиадаға Шығыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Қызылорда облыстарының қатысушылары белсене қатысты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібі.

26-29 ұпай және одан жоғары жинаған қатысушы жеңімпаз І дәрежелі дипломмен марапатталады.

24-25 ұпай жинаған қатысушы жүлдегер ІІ дәрежелі дипломмен марапатталады.

20-23 ұпай жинаған қатысушы жүлдегер ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталады.

Олимпиаданың 590 қатысушылары арасынан 302 жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды.

ТОО Компания Финист, Creative Group ©, 2017