kz ru en

Мектеп оқушылары арасындағы республикалық Әбіш оқулары байқауы жайлы

02-03-2018

Қазақстан Рспубликасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі-«Дарын»РҒПО)  Маңғыстау облысының  білім  басқармасының қолдауымен  мектеп  оқушылары арасында Әбіш шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана – сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында  Әбіш оқулары  байқауын  2018 жылдың 11-14 сәуірі аралығында Маңғыстау облысы Ақтау қаласында  өткізбек.

 Байқаудың міндеті:  Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығының көркемдік  ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау арқылы оқушылардың ой-танымын кеңейту, олардың бойында өзіндік көзқарастарын қалыптастыру.

         Байқау Ережесіне сәйкес үш кезеңде өтеді:

          I  кезең – аудандық (қалалық), білім басқарамаларымен;

          II кезең – облыстық, Астана және  Алматы қалаларының  білім  басқармаларымен, РББҰ, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ   ұйымдастыруымен;

         III  кезең – республикалық, қорытынды кезеңін Маңғыстау облысының білім басқармасы, «Дарын» облыстық қосымша білім орталығы және «Дарын» РҒПО өткізеді.               

        2. Байқау 4 бағытта бойынша өтеді:

         а) Үй тапсырмасы. Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу    ( қатысатын 1 оқушы);

         б) Ә.Кекілбаевтың шығармаларын (прозасы, поэзиясынан)  мәнерлеп оқу(қатысатын 1 оқушы); 

         в) Шығармашылық жұмыс. Ә.Кекілбаевтың  шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы (қатысатын 1 оқушы);

         г) Ә.Кекілбаевтың  шығармаларынан  сахналық қойылым ( қатысушы 7 оқушыдан артық болмауы керек).

         Республикалық Әбіш оқуларына облыстық кезеңнің жеңімпазы мен жүлдегері атанған жалпы білім беретін ұйымдардың 8-11 сынып оқушылары қатыса алады. Әр облыс республикалық кезеңге 10 оқушы және бір жетекшіден тұратын бір команда ұсынады.

         Байқаудың ережесі,  хаттама  формасы  мен  сұраныс түрлері caspiandaryn@mail.ruсайтында орналасқан.         Байқауға  келу күні – 2018  жылдың 11 сәуірде  сағат - 18.00-ге дейін.

Байқаудың  салтанатты ашылуы -  12 сәуір  сағат 10.00-де.

Байқаудың салтанатты жабылу рәсімі -  14 сәуір күні сағат 10.00-де.

         Қатысушылардың қайтуы  – 14 сәуірде сағат 12.00-ден кейін.

13 сәуір күні саяхат:  Ақтау қаласы - Онды ауылы (Ә. Кекілбаевтың туған жері) - Шетпе кенті  (С. Қондыбай атындағы мемориалдық мұражайы) - Отпан тау тарихи-мәдени кешені (Адай Ата).

         Байқауға сұранысты 2018 жылдың  20 наурызға дейін жетекшінің аты-жөні, байланыс телефондарын,  келу және қайту кестесін мына электронды адреске caspiandaryn@mail.ruжіберу қажет. Қатысушылардың жол шығыны жіберуші жақ есебінен, қатысушылардың  11-14 сәуір аралығында жатын орны мен тамақтануы тегін. Көрсетілген мерзімнен ерте келіп және кеш кеткен жағдайда тамақтануы ақылы болады (күніне 1500 тг).

        

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Маңғыстау облысының білім басқармасы, «Дарын» облыстық қосымша білім орталығы,   тел 8(7292) 338456, факс 8(7292) 338462. Ұялы тел 87754155646, 87755368211.

Астана қаласы, «Дарын» РҒПО-ғы, тел.:(7172) 295159 З.М. Аманова

ТОО Компания Финист, Creative Group ©, 2017