kz ru en
Ақпараттық хат  Оқушылар арасындағы «Ақберен» республикалық  ақындық және шешендік өнер байқауы

Ақпараттық хат Оқушылар арасындағы «Ақберен» республикалық ақындық және шешендік өнер байқауы

28-03-2018

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы  Павлодар облыстық білім  басқармасының қолдауымен  жас ұрпақтың бойына отаншылдық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгеру мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында  «Ақберен» республикалық  байқауын  2018 жылдың 16-18 сәуірі аралығында Павлодар  қаласында  өткізеді.

Байқаудың мақсаты мен міндеті: 8-11 сыныптар арасындағы  оқушылардың гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқыр талантын, дарындылығын ашу, олардың әмбебаптық қабілеттеріне баса ден қою (ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау, т.б.) шығармашылық қабілеттерін айқындау.

Байқау Ережесіне сәйкес үш кезеңде өтеді:

 I  кезең – аудандық (қалалық), білім басқарамаларымен өткізіледі;

 II кезең – облыстық, Астана және  Алматы қалаларының  білім  басқармаларымен, РББҰ, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ   ұйымдастыруымен өткізіледі.

III  кезең – республикалық, қорытынды - «Дарын» РҒПО-ғы өткізеді.               

        2. Байқау номинациялары 6 бағытта қаралады:

1. Шешендік, білгірлік сайысы (қазақ тарихы, мәдениеті, фольклоры туралы сұрақтарға жауап беру, шешендік өнер тарихын білу, шешен сөйлеу);

2.  Көркемсөз оқу (поэзия, проза, драмалық шығармалардан үзінді);

3.  Эссе жазу;

4.  Ұлттық аспапта өнер көрсету (домбыра, қобыз, жетіген және т.б.);   

5.  Ақындар айтысы;

6.  Ақындар мүшәйрасы.

Байқаудың ережесі,  хаттама  формасы  мен  сұраныс түрлері «Дарын» РҒПО-ның сайтында www.daryn.kzорналасқан.

Байқауға  келу күні – 2018 жылдың 16 сәуірде  сағат - 15.00-ге дейін. Байқаудың  салтанатты ашылуы -  16 сәуір  сағат 17.00-да. Байқаудың салтанатты жабылу рәсімі -  18 сәуір күні сағат 12.00-де. Қатысушылардың қайтуы  – 18  сәуірде сағат 15.00-ден кейін.

Байқауға сұранысты жетекшінің аты-жөні, байланыс телефондарын  келу және қайту кестесін мына электронды адреске  z.amanova7@mail.ruжіберу қажет.Іссапар шығыстарын (тамақтануы мен жататын орны  - оқушыларға -1500 тг., ал  жетекшілерге - 3500 теңге және екі жаққа келу/кету жолы) жіберуші жақ есебіне жатқызылады.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

Астана қаласы,  Республика дан., 34 «а»,  тел 8(7172) 29-51-59, факс 8(7172) 29-52-32 «Дарын» РҒПО.

Павлодар қаласы, Камзина көшесі, 69 ДҚБА «Білім инновация» лицей-интернаты; тел 8(7172) 60-71-98; сот.: 87027155563

ТОО Компания Финист, Creative Group ©, 2017