kz ru en

«Қазақстан - ата жұртым, қасиетім - ана тілім» Ақпараттық хат

04-05-2018

 

 

 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Елбасының шетелдердегі отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында алыс-жақын шетелдерде мекендейтін отандастарымыздың дарынды балаларына қолдау көрсету мақсатында 2004 жылдан бастап қазақ тілі мен әдебиет пәнінен қазақ диаспорасының балаларына арналған  «Қазақстан - ата жұртым, қасиетім - ана тілім»  атты Халықаралық олимпиада өткізіп келеді.

Олимпиаданың негізгі мақсаты мен  міндеттері - қазақ диаспорасының дарынды балаларын анықтауға және оларға әлеуметтік - құқықтық  қорғау, тілге, әдебиетке, тарихқа ынталандыру және қазақ халқының мәдениетіне   деген қызығушылығын арттыру.

Биылғы, яғни  ХV Халықаралық олимпиада 15 мен 19 маусымда  Қарағанды қаласында  өткізілмек.

Олимпиадаға келу күні - 15 маусым  сағат - 10.00-ға  дейін, ал кері қайту күні - 19 маусым сағат 14.00-ден кейін.

Ережеге сәйкес олимпиадаға шетелдердегі қазақ диаспорасының  білім беру ұйымдарының 8-11 (12) сынып оқушылары қатыса алады. Қатысушының жасы  ағымдағы  жылдың 30 мамырына дейін 20 жастан аспауы тиіс. Қатысушы-мемлекеттердің әрбір командасы - 8 оқушы мен 2 жетекшіден құралуы тиіс.

 Олимпиада үш турда өткізіледі:

1 тур – жазбаша  (берілген тақырыпқа шығарма);

2 тур – тестілеу  (аудиттеу, қазақ тілінің лексикасы мен грамматикасы)

3 тур – шығармашылық («Менің болашағым – Қазақстан» тақырыбына үй тапсырмасының таныстырылымы музыка, театр, поэзия, кескіндеме және т.б. құралдармен айшықты бейнеленеді).

        Олимпиада жайлы ақпаратты www.daryn.kzсайтында орналасқан «Қазақстан - ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты Халықаралық олимпиаданың Ережесінде жазылған. 

       Қатысушылар мен команда жетекшілерінің Олимпиада өтетін орынға келуі мен қайту шығыны жіберген мемлекеттің тарапынан төленеді. Ал Олимпиада барысында қатысушылардың жататын орнын, тамақтануын, мәдени ісшараларды өткізу ұйымдастырушылар жағынан төленеді. 

       Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің  I, II, III дәрежелі дипломдарымен, грамоталармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады. Барлық олимпиада қатысушыларына сертификаттар беріледі. Халықаралық олимпиада шеңберінде қатысушыларға Қарағанды облысының киелі орындарына саяхаттар, зиялы қауыммен кездесулер, экскурсиялар және жетекші ұстаздарға дөңгелек стол ұйымдастырылады.

Қатысушылар жөніндегі мәліметтерді мына таблица бойынша толтыру қажет:

Аты-жөні

Туған жылы

сыныбы

Паспорт нөмері

Мекен-жайы

Олимпиадаға қатысу жөніндегі сұраныстарды ұйымдастыру комитетіне

2017 жылдың 10 маусымына дейін жіберу қажет.

 

Олимпиаданың ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

010011 Қазақстан Республикасы  Астана қаласы, Республика даңғылы 34 «а»; телефон: . 8 (7172)  29 51 59; факс 29 52 32;z.amanova7@ mail.ru  Ұялы телефон – 87015339125  «Дарын» РҒПО 

ТОО Компания Финист, Creative Group ©, 2017