Аймақ жаңалықтары
20-12-2018

ЕРТІС ДАРЫНЫ: Облыс жас зияткерлерінің кешенді олимпиадасы

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Қазақстандық интернет олимпиадалар» (КИО) порталымен бірлесіп 2018 жылғы 20 желтоқсанда 5-6 сынып оқушыларына арналған  VІI облыстық кешенді олимпиадасын өткізді. 

Олимпиада онлайн режимде 5 мамандандырылған мектебі негізінде өткізілді: Екібастұз қ. «Зерде» мамандандырылған мектебінде, Ақсу қ. мамандандырылған гимназиясында, дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатында, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінде.

Іс-шараға 143 оқушы қатысты, соның ішінде 22 оқушы - үш қаладан, 41 оқушы –10 ауданнан, 80 оқушы – мамандандырылған мектептерден.

Қатысушылар математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын тексеру мақсатында кешенді және құрылымдық тапсырмалар орындады. Жеке мәтіндер ретінде дайындалған әр бағыттағы тапсырмалар қатысушылардың әр түрлі пәндік саладағы білімдерін анықтайтын мәселелерді, дұрыс дәйектелген математикалық ой-пікірлерін айта білу, қоршаған әлемді түсінуге қажетті қорытынды жасау, білімді тәжірибеге айналдыру ептіліктерін қамтыды. Бұндай тапсырмалар орта буын оқушыларының жоғары деңгейдегі дербестігін, функционалдық сауаттылығын, мәтіндік тапсырмаларымен жұмыс жасау ептілігін дамытып, зияткерлік іс-шаралардың заманауи талаптарына сәйкестенеді.

Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындар осылайша үлестірілді: І орын – 9, ІІ орын – 20, ІІІ орын – 28 оқушы.

Ең көп жүлделі орынды иеленген: дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі (13 қатысушыдан - 12), дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы (11 қатысушыдан - 7), дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебі (9 қатысушыдан - 6),  «Жас дарын» мамандандырылған мектебі (10 қатысушыдан  - 6), Ақсу қ. мамандандырылған гимназиясы (8 қатысушыдан - 5) және Павлодар қ. мектептері (7 қатысушыдан - 5).

Өкінішке орай, ауылдық жалпы орта білім беру мектептері олимпиадада нәтиже көрсете алмады.

 «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы

Фотографии:

1 2 3 4