Мақсаттары және міндеттері
Тек жоғары интеллектуалды элитаға сүйене ғана гүлденіп жатқан ел, тұрақты даму және адамдарға жоғары лайықты тұрмыс деңгейіне қол жеткізе аламыз.
Н. Назарбаев
Ұлттық білім беру моделінің ең басым бағыттарының бірі - өнер, әдебиет, мәдениет, ғылым, экономика және ел басқара алатын жас адамдар/зияткерлік элитаны дайындау болып табылады. Орталықтың міндеті - іздеу, кәсіби қолдау, дарынды балаларды дамыту
Н
Жолдың басы
“Дарынды балаларға арналған мектептерді дамыту және мемлекеттік қолдау көрсету” туралы (1996ж.) Президент Қаулысы Қазақстандағы аса қабілетті балалар және жасөспірімдермен қарқынды түрде жұмыс жүргізудің себепкері болып отыр.
Осы Қаулыны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Өкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы №256 қаулысымен Білім және ғылым министрлігі жанында жаңа ғылыми-құрылымдағы білім беру мекемесі республикада дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесін ұйымдастыратын «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы құрылды.
Д
Орталықтың жетістіктері
20 жыл ішінде Қазақстанның дарынды оқушыларымен ең абыройлы халықаралық пәндік олимпиадалардан 2241 алтын, 3266 күміс, 4763 қола медальдар жаулап алынған болатын.
Қазақстандық оқушылар соңғы жылдар ішінде әлемдік интеллект нарығында өзінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеуде. Қазіргі кезде, халықаралық олимпиада қозғалысы рейтингі бойынша 123 қатысушы елдердің арасынан Қазақстан құрамасы 10-шы орында тұр.
М
ҚР Халықаралық олимпиадалар
Біздің еліміз беделді әлемдік деңгейдегі пәндік олимпиадаларды дайындау және өткізу мүмкіндігіне ие болды. Осылай, «Дарын» РҒПО Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қолдауымен келесі олимпиадаларды өткізді:
О
Мектеп желілері туралы
Әр жыл сайын республикада мамандандырылған білім мекемелері желілері кеңейтілуде. Егер 90-шы жылдар сонында 15 мектеп болса, қазіргі уақытта елімізде ойдағыдай 130 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мекемелер істеуде.
Қазіргі уақытта, мамандандырылған мектептер білім саласындағы көптеген инновациялық жобалардың бастамашысы. Және де осы жобалардың сәтті жүзеге асуы әрбір педагогтың қосқан үлесі арқасында.
Д
Орталық директоры
Біздің Қазақстан 10-15 жылдан кейін қандай болады?» деген сұрақты өте жиі қоямыз.«Дарын» орталығының қазіргі директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, Қирабаева Шолпан Ақашқызы, онымен келіспеуге болмайды дейді:
«Біздің Қазақстанымыз қандай болатыны, ол ең алдымен тек біз қалай жұмыс істейтінімізге байланысты. Біз және біздің балаларымыз өсетін еліміздің болашағының сырттан бақылаушысы болмай, тікелей қатысушысы болуымыз керек».