«2021-2022 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу туралы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 5 қарашадағы №551 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі №143 бұйрығын орындау үшін, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың төртінші (қорытынды) кезеңі (бұдан әрі – Олимпиада) 2022 жылы 18-23 сәуір аралығында облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласында «бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» қағидаты бойынша электрондық форматта өткізілді.

Олимпиадаға республиканың барлық өңірлерінен барлығы 2044 оқушы қатысты.

Олимпиаданың ашықтығы мен академиялық адалдығын сақтау мақсатында өткізу процесі бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілді. Олимпиада өткізілетін орындарда іс-шараның ашықтығы мен академиялық адалдығын бақылау үшін Олимпиаданы ұйымдастырушы «Дарын» РҒПО және «Дарын» өңірлік орталықтарының қызметкерлері, сондай-ақ бір мүдделі емес «үшінші тұлға» өкілі қатысты.

Тапсырмаларға қолжетімділік прокторинг жүйесі қолдана отырып, электронды платформа арқылы жүзеге асырылды.

Турлар аяқталған соң қатысушылардың жұмыстары сканерленіп, олардың скан-көшірмелері (тегі, аты-жөні көрсетілмей), сондай-ақ шешімі бар тапсырмалар мен бағалау критерийлері «Дарын» РҒПО вебсайтында орналастырылды. Қатысушылардың шифрленген жеке нәтижелері хаттамаға еңгізілді. Турлардың нәтижелері бойынша хаттамалар «Дарын» РҒПО сайтында жарияланды.

21 сәуірде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша электрондық форматта апелляцияға өтініштер қабылданды, ал 22 сәуірде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша апелляцияға өтініштер қабылданды.

22 сәуірде кестеге сәйкес жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша, ал 23 сәуірде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша электрондық форматта апелляция өтті.

Олимпиада қорытындысы бойынша 919 қатысушы жүлделі орындарға ие болды, олардың 183-і алтын, 274 күміс және 462 қола медаль жеңіп алды.

Олимпиада қорытындысы бойынша командалардың көрсеткен білімдері сарапталып рейтингтер жасалды.

 

Сапалық РЕЙТИНГ қатысушылардың жалпы санына шаққанда команданың жеңіп алған медальдарының сапасын көрсетеді және келесі формула бойынша есептеледі: Ка = алтын*+3 балл, күміс*+2 балл, қола*+1 балл / қатысушылар саны.

 

1-ші кесте (Салалық рейтинг)

1 кесте Сапалық рейтинг

Командалық рейтинг бойынша (нәтиже көрсету сапасын ескергенде) «НЗМ» ДББҰ жалпы 115 медаль еншілеп, оның ішінде 29 алтын, 44 күміс және 42 қола медалімен үздік нәтижеге қол жеткізіп, 1,34 сапа коэффициентін көрсетті. Екінші орында 87 медальмен, оның ішінде 16 алтын, 27 күміс және 44 қоламен Алматы қаласы тұр. Сапа коэффиценті 0,96. Ал үздік үштікті Ақтөбе облысының командасы аяқтайды. Оның қоржынында 59 медаль бар, оның ішінде 13 алтын, 19 күміс және 27 қола медаль. Сапа коэффициенті 0,95.

Сондай-ақ төменде, командалардың нәтижелері бойынша пайызбен алғандағы өнімділік рейтингісі де берілген.

 

2-ші кесте (Өнімділік рейтинг)

2 кесте Өнімділік рейтинг

Командалардың САНДЫҚ РЕЙТИНГІ (ұпайларды есепке алғанда) келесі формула бойынша есептелді: Ка = алтын*+3 балл, күміс*+2 балл, қола*+1 балл.

3-ші кесте (Сандық рейтинг)

3 кесте Сандық рейтинг

Сандық рейтинг бойынша үздік нәтижені «НЗМ» ДББҰ көрсетті, олар 115 медаль (29 алтын, 44 күміс, 42 қола) алып, 217 ұпай жинады. Екінші орында 93 медаль (24 алтын, 29 күміс, 40 қола) жеңіп алып, 170 ұпай жинаған Нұрсұлтан қаласының командасы тұрақтады. Үздік үштікке 87 медальмен (16 алтын, 27 күміс, 44 қола) және 146 ұпай жинаған Алматы қаласының командасы кірді.

РО-2022 қорытындысы бойынша мектептер рейтингісі

=============

 

Кері байланыс:
мекенжай: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғ., 8
телефон: +7 (7172) 570-139
e-mail: media@daryn.kz

Пән Қорытынды хаттама
1 Биология 9-11 сынып/класс
2 Химия 9-11 сынып/класс
3 География 9-11 сынып/класс
4 Математика 9-11 сынып/класс
5 Физика 9-11 сынып/класс
6 Информатика 9-11 сынып/класс

Пән Қорытынды хаттама
1 Ағылшын тілі 9-11 сынып/класс
2 Қазақстан тарихы 9-11 сынып/класс
3 Орыс мектептерінде оқытатын қазақ тілі 9-11 сынып/класс
4 Қазақ тілі мен әдебиеті 9-11 сынып/класс
5 Неміс тілі 9-11 сынып/класс
6 Құқық негіздері 9-11 сынып/класс
7 Қазақ мектептерінде оқытатын орыс тілі 9-11 сынып/класс
8 Орыс тілі мен әдебиеті 9-11 сынып/класс
9 Өзін-өзі тану 9-11 сынып/класс
10 Француз тілі 9-11 сынып/класс

 

Пән Тапсырмалар  Шешімдер Қатысушылар жұмыстары Хаттамалар
1 ТУР
1 Биология 9-11 сынып/класс 9-11 сынып/класс 9 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

9 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

9-11 сынып/класс
2 Физика 9 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

9 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

9 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

9-11 сынып/класс
3 География 9 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

9 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

9 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

9-11 сынып/класс
4 Математика 9 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

9 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

9 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

9-11 сынып/класс
5 Информатика 9-11 сынып/класс 9-11 сынып/класс 9-11 сынып/класс 9-11 сынып/класс
6 Химия 9 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

9 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

9 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

11 сынып/класс2

9-11 сынып/класс

Разбаловка по баллам

2 ТУР
1 Биология 9-11 сынып/класс 9-11 сынып/класс 9-11 сынып/класс

9-11 сынып/класс

9-11 сынып/класс
2 Физика 9 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

9 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

9 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

9-11 сынып/класс
3 География 9-11 сынып/класс 9-11 сынып/класс 9-11 сынып/класс 9-11 сынып/класс
4 Математика 9 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

9 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

Схема 9 сынып/класс

Схема 10 сынып/класс

Схема 11 сынып/класс

9 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

9-11 сынып/класс
5 Информатика 9-11 сынып/класс 9-11 сынып/класс 9-11 сынып/класс 9-11 сынып/класс
6 Химия 9 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

9 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

9 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

10-11 сынып/класс

РО-2022 Химия (Public, Total)

 

Пән Тапсырмалар Шешімдер Қатысушылар жұмыстары Хаттамалар
1 ТУР
1 Орыс тілі мен әдебиеті 10 сынып/класс

11 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

10-11 сынып/класс
2 Өзін-өзі тану 10 сынып/класс

11 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

10-11 сынып/класс
3 Қазақ тілі мен әдебиеті 10 сынып/класс

11 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

10-11 сынып/класс
4 Қазақстан тарихы 10 сынып/класс

11 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

10-11 сынып/класс
5 Құқық негіздері 10 сынып/класс

11 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

10-11 сынып/класс
6 Қазақ мектептерінде оқытатын орыс тілі 10-11 сынып/класс 10 сынып/класс

11 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

10-11 сынып/класс
7 Ағылшын тілі 10-11 сынып/класс 10 сынып/класс

11 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

10-11 сынып/класс
8 Орыс мектептерінде оқытатын қазақ тілі 10-11 сынып/класс 10 сынып/класс

11 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

10-11 сынып/класс
9 Неміс тілі 10-11 сынып/класс 10 сынып/класс

11 сынып/класс

10-11 сынып/класс
10 Француз тілі 10-11 сынып/класс 10-11 сынып/класс 10 сынып/класс

11 сынып/класс

10-11 сынып/класс
2 ТУР
1 Орыс тілі мен әдебиеті 10 сынып/класс

11 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

10-11 сынып/класс
2 Өзін-өзі тану 10 сынып/класс

11 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

10-11 сынып/класс
3 Қазақ тілі мен әдебиеті 10 сынып/класс

11 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

10-11 сынып/класс
4 Қазақстан тарихы 10 сынып/класс

11 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

10-11 сынып/класс
5 Құқық негіздері 10 сынып/класс

11 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

10-11 сынып/класс
6 Қазақ мектептерінде оқытатын орыс тілі 10 сынып/класс

11 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

10 сынып/класс

11 сынып/класс

10-11 сынып/класс
7 Ағылшын тілі 10-11 сынып/класс
8 Орыс мектептерінде оқытатын қазақ тілі 10-11 сынып/класс
9 Неміс тілі 10-11 сынып/класс
10 Француз тілі 10-11 сынып/класс

Құрметті олимпиадаға қатысушылар!

 Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадада білімін сынайтын 9-11 (12) сынып оқушылары 2 турда классикалық олимпиадалық тапсырмаларды орындайды.

Олимпиадаға қатысушы https://app.oqylyq.kz платформасына кіріп, логин мен парольді теріп, «КІРУ» батырмасын басып, жеке кабинетіне енеді. Одан кейін олимпиадаға қатысушы сыныбын таңдайды.

Тапсырмалардың орындалу уақыты тапсырмалар мәтінінде көрсетіледі.

Тапсырмаларды қатысушылар жауап бланкісінде көк түсті автоқаламмен орындайды. Жауап бланкілері қатысушының аты-жөні, сыныбы, пәні, облысы көрсетілетін жауап парақтарынан тұрады.

Олимпиаданы аяқтағаннан кейін қатысушы бланкіні IT-маманға тапсырады, ол материалдарды сканерлейді және жауапты кезекшіге тапсырады. Тапсырмалардың интернет ресурс көздеріне және әлеуметтік желіге тарауына жол берілмейді. Мұндай жағдай орын алса қатысушы Олимпиададан шеттетіледі.

ОЛИМПИАДА ҚАТЫСУШЫЛАРЫ:

– олимпиада басталғанға дейін кемінде 30 минут бұрын Олимпиада өтетін жерге келеді;

– ұйымдастырушының бақылауымен артық заттарды арнайы бөлінген орында қалдырып, аудиторияға өтеді;

– ұйымдастырушы көрсеткен орынға отырады;

– логин/пароль, жауап бланкілері мен шимай қағазды алады;

– жұмысты орындау жөніндегі нұсқаулықты тыңдап, танысады;

– тапсырманы орындауға кіріседі.

Олимпиада қатысушылары құқылы:

Қатысушылардың жұмыс орнында қажетті және рұқсат етілген кеңсе тауарларының (жазу құралдары, заттаңбасы жоқ мөлдір бөтелкедегі ауыз су және шоколад) болуы рұқсат етіледі. Қатысушылар калькуляторды физика, химия және биология пәндері бойынша пайдалана алады. География пәні бойынша атлас картасын, химия пәні бойынша ерігіштік кестесін пайдалануға тыйым салынады.

Жұмысты объективті бағалау құқығын қамтамасыз ету мақсатында Олимпиадаға қатысушылар қойылған ұпайлармен келіспеген жағдайда, әрбір тапсырмаға/тармаққа/бөлімге келіспеу себебін көрсете отырып, өтініш толтырып, апелляцияға беруге құқылы. Апелляция және үйлестіру тірек мектептер базасында кестеге сәйкес онлайн режимде жүргізіледі. Апелляцияға қазылар алқасының мүшелері және Олимпиадаға қатысушының өзі ғана қатысады. Апелляцияны қарау нәтижелері бойынша олимпиаданың қазылар алқасы апелляцияны қабылдамау, қойылған ұпайларды сақтау немесе апелляцияны қанағаттандыру және ұпайларды түзету туралы шешім қабылдайды.

Апелляция – жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша 2022 жылғы 22 сәуірде, ал қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 2022 жылғы 23 сәуірде өткізіледі.

 ОЛИМПИАДАНЫ ӨТКІЗУ КЕЗЕҢІНДЕ:

– платформаға кіріп, уақыт есебін бастағаннан кейін, жұмысты бастаңыз;

Олимпиада аяқталғаннан кейін қатысушы ұйымдастырушыға жауап бланкісін міндетті түрде тапсырып қана аудиториядан шыға алады.

Ескерту: олимпиадаға қатысушы тапсырмаларды орындауды бөлінген уақыттан бұрын аяқтап, жауап бланкісін тапсырып, аудиториядан шыға алады. Бұл жағдайда оның қайтып оралуға және тапсырмаларды жалғастыруға құқығы жоқ.

 ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

 

 

    1.  

        1.  

            1.  

                1. электрондық түрдегі кез-келген ақпаратты, жеке компьютерлерді, мобильді және интернет байланыс құралдарын пайдалануға;

               

               

           

           

           

       

       

 

 

 

 

 

    1.  

        1.  

            1.  

                1. қатысушылардың бір-бірімен сөйлесуіне;

               

               

           

           

           

       

       

 

 

 

 

 

    1.  

        1.  

            1.  

                1. орнынан тұруға;

               

               

           

           

           

       

       

 

 

 

 

 

    1.  

        1.  

            1.  

                1. басқа қатысушымен орын ауыстыруға;

               

               

           

           

           

       

       

 

 

 

 

 

    1.  

        1.  

            1.  

                1. қатысушылар арасында кез-келген материалдармен және заттармен алмасуға;

               

               

           

           

           

       

       

 

 

 

 

 

    1.  

        1.  

            1.  

                1. анықтамалық материалдарды, шпаргалкаларды, оқулықтарды пайдалануға.

               

               

           

           

           

       

       

 

 

 

Осы ережелерді сақтаудан бас тартқан немесе бұзған жағдайда оқушы Олимпиадаға қатысуды жалғастыру құқығынан айырылады. Шеттету ұйымдастыру комитетінің кемінде екі мүшесінің қолы қойылған және қатысушының жеке қолы қойылған арнайы актімен ресімделеді. Қатысушы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда, оған «қол қоюдан бас тартты» деген жазба енгізіледі. Олимпиада пәні бойынша қатысу нәтижелері жойылады.

 Турлардың нәтижелері, апелляцияға сілтеме «Дарын» РҒПО-ның www.daryn.kz сайтында жарияланады.

ҚР БҒМ 2021 жылғы 5 қарашадағы № 551 «2021-2022 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу туралы» бұйрығын орындау үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңі (бұдан әрі - Олимпиада) 2022 жылғы 24-30 наурыз аралығында облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында «Oqylyq» платформасы арқылы электронды форматта өткізіледі.

Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделiн көтеру.

Олимпиада ережеге сәйкес жалпы білім беретін 16 пән бойынша өткізіледі.

Бірінші (мектепішілік) кезеңге республиканың 6 362 білім беру ұйымдарынан 266 805 оқушы қатысты, оның ішінде 186 231 оқушы қазақ тілінде білім алады (70 %).

Екінші (аудандық) кезеңге республиканың 5 931 білім беру ұйымдарынан    96 443 оқушы қатысты, оның ішінде 68 613 оқушы қазақ тілінде білім алады        (71 %).

Үшінші (облыстық) кезеңге республиканың 2 756 білім беру ұйымдарынан 14 369 оқушының қатысуы жоспарлануда, оның ішінде 8 598 оқушы қазақ тілінде білім алады (60%).

Оның ішінде, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша 6 288 оқушы, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 8 081 оқушы, оның ішінде аудан мектептерінен 3 495 оқушы, ауыл мектептерінен 3 481 оқушы, қала мектептерінен 10 888 оқушы қатысады.

Олимпиаданы өткізуге қойылатын талаптарға сәйкес, әрбір жалпы білім беретін пән бойынша әр қатысушы «Oqylyq» платформасына қосылуға веб-камерасы бар жеке компьютермен қамтамасыз етіледі. Әрбір қатысушыға жеке логин/пароль және жауап парақтарының бланкілері (тізіліммен) беріледі.  Логин/пароль республика бойынша белгіленген бірыңғай уақытта онлайн платформада тапсырмалар алу үшін қолданылады. Әр қатысушыға арналған тапсырмалар жеке таңбаланған. Олимпиаданың ашықтығы мен академиялық адалдығын сақтау мақсатында өткізу барысы, онлайн режимінде қарау үшін бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.

Тур аяқталғаннан кейін жауапты тұлға (IT-маман) көп функциялы құрылғыға (МФУ) жауап бланкілерін сканерлейді. Жұмыстың сканерленген нұсқасын файл атауын дұрыс толтырумен IT-маман одан әрі шифрлау, сайтта жариялау және қазылар алқасына тексеру үшін желідегі папкаға жүктейді.

Тур аяқталғаннан кейін тапсырмалар «Дарын» РҒПО интернет-ресурсында жарияланады, тапсырмалар шешімдерімен, бағалау критерийлері олимпиада өткізілетін орындарда және «Дарын» өңірлік орталықтарының ақпараттық көздерінде беріледі.

Олимпиаданы өткізудің ашықтығы мен академиялық адалдығын қамтамасыз ету мақсатында мүдделі емес «үшінші тұлғалар» («Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің қызметкері, ата-аналар комитетінің өкілдері, журналистер, ғалымдар немесе ЖОО оқытушылары) шақырылады.

 

=========

 

Кері байланыс:

мекенжай: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғ., 8

телефон: +7 (7172) 570-134

e-mail: media@daryn.kz

По итогам олимпиады Республиканским научно-практическим центром «Дарын» был составлен аналитический отчет. В данном отчете представлен анализ сильных и слабых сторон олимпийских команд на основе качественного и количественного рейтингов итогов Республиканской олимпиады.

Командный рейтинг в текущем году составлен на основе среднего количества баллов всех участников олимпийской команды, таким образом каждый регион может увидеть насколько эффективно проходит подготовка их участников к олимпиаде. Кроме того, был составлен рейтинг по показателям решения олимпиадных заданий, с целью измерений сложности заданий и уровня участников олимпиады.

Данные рейтинги должны служить ориентиром для того, чтобы олимпийские команды совершенствовали свои подходы и механизмы к выявлению, подготовке и поддержке одаренных детей.

Аналитический отчет представлен ниже в приложении.

Аналитический отчет по РО-2021 года

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ағымдағы жылдың 25-30 сәуірі аралығында 2020-2021 оқу жылының Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі өткізілетінін хабарлайды.

Жыл сайын Республикалық олимпиада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 16 жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында 4 кезеңде өткізіледі. Биылғы оқу жылында Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңіне 1 миллионға жуық бала қатысты, оның ішінен аудандық кезеңге 100 мыңға жуық оқушы өтті. Облыстық кезеңде 12 мыңнан астам оқушы қатысса, қорытынды кезеңде Қазақстанның барлық өңірлерінен 1500-ден астам қатысушы бақ сынайтын болады.

Елдегі пандемия жағдайын ескере отырып, Республикалық олимпиада «Ustudy» орталықтарының негізінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, өңірлерде және республикалық маңызы бар қалаларда өткізілетін болады. Олимпиада «бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» қағидасына сүйене отырып, прокторинг жүйесін қолдану арқылы өткізіледі. Қатысушыларды отырғызу кезінде пәндерді мен сыныптарды «араластыру» әдісі қолданылады.

Олимпиаданың тапсырмалары «Дарын» РҒПО интернет ресурсы арқылы әр кезеңнің басында бір уақытта ұсынылады және сол тапсырмаларға әрбір қатысушыға жеке қол жеткізу коды беріледі. Олимпиада  аяқталғаннан кейін қатысушылардың сканерленген жұмыстары шифрланып, қазылар алқасының мүшелеріне тексеруге жіберіледі. Әрбір кезең аяқталғаннан кейін қатысушылар жұмыстарының сканерленген көшірмелері «Дарын» РҒПО интернет-ресурсында олардың жеке деректерінсіз орналастырылады. Тапсырмалар бойынша дұрыс жауаптар және олимпиаданың нәтижелері көрсетілген хаттамалар да «Дарын» РҒПО сайтында жарияланатын болады.

Олимпиадада барысында академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін барлық өңірлерге «Дарын» республикалық орталығының жауапты қызметкерлері жіберіледі. Олимпиада онлайн режимінде көрсетіледі, бейнебақылаудың сілтемелері «Дарын» РҒПО сайтында қолжетімді болады.

Республикалық олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі 25 сәуірде онлайн режимде өтеді. 26-27 сәуірде олимпиаданың I және II кезеңдері өтеді. Қазылар алқасының мүшелері қатысушылардың жұмыстарын 26-28 сәуірде тексереді. Апелляция 29 сәуірге жоспарланған. Олимпиаданың жабылу салтанаты 30 сәуірде онлайн режимде өтеді.

Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар еліміздің намысын халықаралық олимпиадаларда қорғайтын болады.

Республикалық олимпиаданың барлық қатысушыларына сәттілік тілейміз!