Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға арналған «Шексіз өмір» республикалық фестивалі

Дайындал! Назар аудар! Алға!

2020 жылдың 20-25 қазан аралығында ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға арналған «Шексіз өмір» республикалық фестивалі өтеді»

Ұйымдастыру алқасы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы

Қатысу үшін:

  1. Ниет білдірген қатысушыға а.ж. 20 қазанына дейін http://tiny.cc/Sheksizomir сілтеме бойынша тіркеуден өту қажет.
  2. Өзіңіздің әуестігіңізді ұсынғыңыз келетін номинацияны таңдаңыз:

1) Вокалдық орындау: жеке ән айту, вокалдық ұжым, ымдау тілінде ән айту.

2) Би билеу, оның ішінде арбамен билеу.

3) Көркем шығармашылық: кескіндеме, портрет, графика, фотоөнер.

4) Сәндік-қолданбалы шығармашылық.

5) Техникалық өнертабыстар.

6) Компьютерлік әзірлемелер, робототехника.

  1. Ұйымдастыру комитетіне «Шексіз өмір» республикалық фестивалін өткізу ережелеріне сәйкес өзінің әуестігінің бейне-презентацияларын ұсыну»:

1) вокалдық орындау: қатысушының жеке орындауындағы бейнежазба, тек «-1» фонограммаларын пайдалануға немесе аспаптық сүйемелдеуге (титрлерде қатысушының аты-жөнін, әннің авторын және композиторын көрсету қажет) жол беріледі;

2) би өнері, соның ішінде мүгедектер арбасындағы би: бидің бейнежазбасы 4 минуттан аспау керек (титрлерде қатысушының аты-жөні, бидің аты көрсету қажет);

3) көркем шығармашылық (кескіндеме, портрет, графика, фотоөнер) өз жұмысының презентациясы 3 минуттан аспайтын бейнежазба беру керек (титрлерде қатысушының аты-жөні, жұмыстың атауы көрсетілсін);

4) сәндік-қолданбалы шығармашылық: өз жұмысының презентациясы 3 минуттан аспайтын бейнежазба беру керек (титрлерде қатысушының аты-жөнін, жұмыс атауын көрсету);

5) техникалық өнертабыстар: өз жұмысының презентациясы 3 минуттан аспайтын бейнежазба беру керек (титрлерде қатысушының аты-жөнін, өнертабыстың атауын көрсету);

6) компьютерлік әзірлемелер, робототехника: өз жұмысының презентациясы 3 минуттан аспайтын бейнежазба беру керек (титрлерде қатысушының аты-жөні, өнертабыстың атауын көрсету).