Жалпы білім беретін ұйымдарының түлектеріне арналған ХІІІ Президенттік олимпиаданың үшінші (республикалық) кезеңі

Олимпиадаға республиканың жалпы білім беру ұйымдарының бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған биылғы оқу жылының түлектері қатысады.

Олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде төрт пән бойынша тапсырмаларды орындайды: математика, физика, химия және биология.

Жаратылыстану – математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиада (бұдан әрі – Олимпиада) Ережеге сәйкес үш кезеңде өткізіледі:

1. Олимпиаданың өңірлік (бірінші) кезеңі ағымдағы жылдың 18 қарашасында сағат 14.00-де Нұр-Сұлтан уақытымен бір күнде өткізіледі.

2. Іріктеу (екінші) кезеңі  екі  турда өткізіледі:

1) Бірінші тур  (қашықтық) 24 қарашада сағат 14.00-де Нұр-Сұлтан уақытымен.

2) Екінші тур (шығармашылық, эссе жазу) сол күні сағат 17.00-де өтеді.

3. Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХІІІ Президенттік олимпиаданың қорытынды кезеңі 3-4 желтоқсанда онлайн режимінде өткізіледі.

Олимпиаданың іріктеу және қорытынды кезеңдерін «Дарын» РҒПО өткізеді.

Қосымша ақпарат «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының www.daryn.kz сайтында орналастырылады.

The event is ongoing.