«Жылдың үздік психологы» IX республикалық байқауы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы ағымдағы жылдың 4-11 қараша аралығында талантты психологтарды анықтау мен қолдау және озық тәжірибені насихаттау мақсатында білім беру ұйымдарының психологтары арасында «Үздік жыл психологы» атты IX республикалық конкурсын өткізеді  (әрі қарай – Конкурс).

Коронавирустық инфекцияның салдарынан ел ішіндегі шектеу шараларының күшейуіне байланысты және қатысушылардың жаппай жиналуын болдырмау үшін, ұйымдастыру комитетінің шешімімен жоспарланған «Үздік жыл психологы» (бұдан әрі – Конкурс) республикалық байқауы қашықтықтан өтеді.

Жоғарыда айтылғанға орай Конкурс екі кезеңде өткізіледі.

I кезеңді – аймақтық а.ж. 31 қазанға дейін аймақтық ғылыми-практикалық орталықтар, облыстық білім беру басқармалары өткізеді.

II кезеңді – қорытынды кезең, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» репсубликалық ғылыми – практикалық орталығы өткізеді.

Конкурстың қорытынды кезеңіне аймақтық іріктеу кезеңінен өткен жеңімпаздар  қатысады, әр облыс үшін қатысушы квотасы – 6 адам.

Коронавирустың таратылуына байланысты Конкурсты өткізу Ережелеріне  өзгерістер енгізілді. Осы жылы Конкурстың қорытынды кезеңі психологтардың әр сатысы бойынша бір кезеңмен өткізіледі.

Ережеге сәйкес, Конкурсқа психологиялық өтілі 3 жылдан кем емес, соңғы 3 жылда осы іс-шараға қатыспаған,  жалпы білім беретін мектептердің, мамандандырылған білім беру ұйымдарының, республикалық мектептердің, «НЗМ» ДББҰ, балабақшалардың, қосымша білім беру ұйымдарының, оқу-әдістемелік орталықтардың 3 жылға дейін еңбек өтілі бар, 3 – 7 жыл еңбек өтілі бар, 7 жылдан астам еңбек өтілі бар психологтары қатысы алады.

Конкурсқа тек қана тәжірибеде қолданыста жүрген, апробациядан өткен нақты тәжірибелік қорытындысы бар жұмыстар ғана ұсынылады.

Конкурстың бірінші аймақтық кезеңінен өткен әрбір қатысушыға 31 қазанға дейін сілтеме бойынша міндетті түрде онлайн-тіркеуден өту қажет  http://tiny.cc/YzdlkPsixiolog2020

Конкурстың қорытынды кезеңіне 4 минуттан аспайтын бейне баяндама жіберіледі (FullHD бейне сапасы 1920*1080, бейне қатынасы 16: 9) конкурстың әрбір сатысы үшін:

I саты – 3 жылға дейін еңбек өтілі бар психологтар – өзі таңдап алынған авторлық бағдарламаның тұсаукесері;

II саты – 3 – 7 жыл еңбек өтілі бар психологтар – психологиядан элективті курс бағдарламасы немесе түзету – дамыту авторлық бағдарламасының тұсаукесері;

III саты  – 7 жылдан астам еңбек өтілі бар психологтар – тәжірибелік іс-шара (дамыту-түзету тапсырмалары, шебер-класс, психологиялық тренинг) білім алу процесінің кез-келген қатысушыларымен (оқушылар, педагогтар, педагог-психологтар). Іс-шараны әр қатысушы өз мектебінің өкілдерімен өткізеді.

Қорытынды кезеңге жіберілетін видео жұмыстарды, жұмыстардың электрондық нұсқасын, ағымдағы жылдың 4 қарашасына дейін электронды тасымалдаушыға жүктеп (флешка), өзі туралы толық ақпаратты көрсетіп және конкурска төлем туралы түбіртекті мына мекен-жайға жіберу керек: Астана қ., «Нұр-Тау» БО, «Дарын» РҒПО, №701 кабинетке Бакиева Тамара Абзиевнаға.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II, III дипломдарымен, грамоталарымен марапатталады. Конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздардың үздік жұмыстары «Дарын» РҒПО сайтына жарияланады.

«Үздік жыл психологы» Республикалық конкурсының қорытынды кезеңіне қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы 10 000 теңгені құрайды. Ұйымдастыру жарнасын кез келген банктің бөлімшелерінен немесе Қазпоштаға төмендегі реквизиттерге аудару қажет:

Реквизиттер:

РГКП РНПЦ «ДАРЫН»

МАҚСАТЫ: «Үздік жыл психологы»

(АТЫ-ЖӨНІ ОБЛЫСЫ, ҚАЛАСЫ, МЕКТЕП)

БИН 990240007434

ИИК (IBAN)KZ566010111000021443

БИК HSBKKZKX

АСТАНА АЙМАҚТЫҚ ФИЛИАЛЫ №119900

АҚ “ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ”, АСТАНА қаласы

КБЕ 16, КНП 861

Барлық сұрақтар бойынша байланыс телефондар: 8 (7172) 29-49-98; 8 701 5280945 Бакиева Тамара Абзиевна.

Date

Қар 04 - 11 2020
Expired!

Labels

События Учителям КАЗ