Мамандандырылған мектеп оқушыларына арналған математика, физика және информатика пәндері бойынша XVІІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы туралы қорытынды ақпарат

2021 жылғы 8-13 қаңтар аралығында Алматы қаласында Республикалық физика-математика мектебінің базасында мамандандырылған мектептердің оқушыларына арналған математика, физика және информатика пәндерінен ХVII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы (бұдан әрі – Олимпиада) өтті.

Биыл Олимпиада алғашқы рет онлайн форматында өткізілді. Оған Қазақстан, Австралия, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Болгария, Грузия, Дания, Үндістан, Индонезия, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Румыния, Сербия, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан, сондай-ақ Украинаны қоса алғанда, әлемнің 21 елінен 146 командадан 1006 оқушы қатысты.

Олимпиаданың ерекшелігі – дәстүрлі түрде олимпиада мамандандырылған мектептер арасында бірден үш пән бойынша өткізіледі.

XVІІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қорытындысы бойынша Қазақстан 90 медальге ие болды: 13 алтын, 37 күміс және 40 қола.

Олимпиаданың ресми нәтижелері https://izho.kz. сайтында жарияланған.

XVІІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қорытындысы бойынша көш бастап тұрған  облыстар мен ең мықты мамандандырылған мектептер рейтингісі жасалды.

Рейтинг бойынша облыстар арасында “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ, Атырау облысы, Павлодар облысы, Республикалық физика-математика мектебі, Нұр-сұлтан қаласы, Алматы қаласы, Батыс Қазақстан облысы, Маңғыстау облысы, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы көш бастап тұр.

Үздік мамандандырылған мектептер рейтингісі бойынша Республикалық физика-математика мектебі, Алматы қ. физика-математика бағытындағы “Назарбаев Зияткерлік мектебі”, Павлодар облысының дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі, Атырау қ. «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернаты, Нұр-сұлтан қ. «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернаты, Нұр – сұлтан қ. «Nurorda» мектеп-лицейі, «Haileybury Almaty» мектебі, Батыс Қазақстан облысының «Білім-инновация» лицей-интернаты, Маңғыстау облысының «Білім-инновация» лицей-интернаты, Нұр-сұлтан қ. «Спектрум» мектебі үздіктер қатарында.