5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңі

5 – 6 сынып оқушыларына арналған республикалық  олимпиада туралы ақпарат

5 – 6 сынып оқушыларына арналған республикалық  олимпиада (бұдан әрі – Олимпиада) ағымдағы   оқу жылында 3 кезеңде келесі пәндер бойынша өткізіледі: математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және Қазақстан тарихы.

Короновирус пандемиясына байланысты Олимпиаданың мектепішілік, аудандық кезеңдері (оффлайн/онлайн) эпидемиологиялық жағдайға байланысты өңірлік ұйымдастыру комитетімен айқындалатын болады.

Олимпиаданың кезеңдері:

мектепішілік кезең – 23 қазан;

– аудандық кезең – 20 қараша;

– облыстық (республикалық кезеңге теңестіріледі) кезең 9 желтоқсанда бір күн ішінде республиканың барлық өңірлерінде өтеді. Облыстық кезеңге аудандық кезеңде І, ІІ орын алған (жоғары ұпай жинаған 2 қатысушы) оқушылар қатыса алады.

Олимпиаданың барлық сұрақтары бойынша аудандық, өңірлік ұйымдастыру комитеттеріне жүгінулеріңізді сұраймыз.

 

Date

Қар 20 2020
Expired!

Labels

События Школьникам КАЗ