Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының бірінші кезеңі

 

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы пандемия жағдайына байланысты Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жаспөспірімдер олимпиадасы (Олимпиада) ағымдағы оқу жылында 2 кезеңде қашықтықтан өткізілетінін хабарлайды.

Олимпиада сағат 10:00 басталады. Олимпиадаға сілтемелер осында жарияланады

Өткен оқу жылының сыныбын таңдаңыз

 

Тестілеу ұзақтығы:

    1. Математика – 90 минут
    2. Физика – 60 минут
    3. Химия – 180 минут
    4. Биология – 40 минут
    5. География – 60 минут

 

Биыл өткізу ерекшеліктеріне байланысты Олимпиада білім беру ұйымдарының 8-9 сынып оқушылары үшін математика, физика, биология, химия, информатика және география пәндерінен 7-8 сынып оқу бағдарламасы арқылы өткізіледі.

Олимпиаданың басты мақсаты – оқушылардың жаратылыстану-математика бағытындығы пәндерді тереңдетіп оқытуға қызығушылығын арттыру, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға жасөспірімдерді даярлау жүйесін жетілдіру және олимпиадалық резерв құру болып табылады.

Олимпиада екі кезеңде өтеді: облыстық және республикалық.

Назар аударамыз, облыстық онлайн кезеңнің алдында 2020 жылдың 25 қыркүйегінде Нұр-Султан уақыты бойынша сағат 15.00 –де Олимпиаданың облыстық кезеңінің барлық қатысушылары үшін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы сынама кезеңді өткізетін болады.

Үй жағдайында қатысатындар үшін:
– үстел, ноутбук/компьютер, смартфоны бар бөлменің болуы (web камера болмаса трансляция үшін девайс қажет) тиіс.
– сымды webкамераның болуы тиіс (камера сымының ұзындығы 1 метрден кем болмауы керек және сапасы HD 720р-ден кем емес).
Камера оқушының сол жағында ара қашықтығы 1-ден 1,5 метрге дейін және биіктігі 1,3 метрде бақылау максатында болуы тиіс (оқушының компьютері көрінуі тиіс).

Сынама кезеңге, одан кейін облыстық кезеңге қатысу үшін:
– парта, ноутбук/компьютер, смартфоны бар кабинеттің болуы (web камера болмаса трансляция үшін девайс қажет) тиіс.
– сымды webкамераның болуы тиіс (камера сымының ұзындығы 1 метрден кем болмауы керек және сапасы HD 720р-ден кем емес).
Камера оқушының сол жағында ара қашықтығы 1-ден 1,5 метрге дейін және биіктігі 1,3 метрде бақылау максатында болуы тиіс (оқушының компьютері көрінуі тиіс).
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты парта үстінде оқушылар бір-бірден отыру керек, парта арасы 1,5 метрден кем болмауы тиіс.
Сонымен қатар бүкіл кабинет пен оқушылардың барлығын көрсететін камера болуы тиіс.

Облыстық кезең ағымдағы жылы 29 қыркүйекте сынама кезең қағидасы бойынша республикамыздың барлық өңірлерінде сағат 10.00- де (Нұр-Султан қаласының уақыты бойынша) бір күнде өткізіледі. Іс-шараның өткізу түрін ( оффлайн/онлайн) өңірлік ұйымдастыру комитеті эпидемиологиялық жағдайға байланысты айқындайды. Облыстық кезеңге қатысу үшін квота әрбір пән мен сыныпқа 6 адамды құрайды.

Республикалық кезең 2020 жылы 28 қазанда республиканың барлық өңірлерінде сағат 10.00-де (Нұр-Султан қаласының уақыты бойынша) бір күнде өткізіледі.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен марапатталатын болады.

Республикалық жаспөспірімдер олимпиадасына байланысты сұрақтарыңыз болса мектептеріңіз бен жергілікті «Дарын» орталықтарына хабарласуыңызды сұраймыз.

«Дарын» республикалық-ғылыми-практикалық орталығының байланыс телефоны: +7(7172)29-50-76

Республикалық кезеңге қатысушылар квотасы (Қосымша 1) төменде берілген.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық жасөспірімдер олимпиадасын (бұдан әрі - Олимпиада) аяқтады.

Ағымдағы оқу жылында пандемияға байланысты Олимпиада қашықтықтан 2 кезеңде математика, физика, биология, химия, информатика және география пәндері бойынша республиканың білім беру мекемелерінің 8 - 9 сынып оқушылары үшін 7 - 8 сыныптардың оқу бағдарламасы бойынша өткізілді.

Басты идея – оқушыларды олимпиадалық қозғалысқа ерте тарту, оқылатын пәнге қызығушылығын ынталандыру.

Облыстық кезеңге 558 білім беру ұйымдарынан 1992 мектеп оқушылары қатысты. Математика - 376, физика - 346, химия - 308, биология - 352, информатика - 327, география - 283 қатысушы.

Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған 510 жеңімпаз бен жүлдегер ZOOM және EXAM.NET платформалары арқылы қашықтықтағы форматта 2020 жылы 28 қазанда өткен республикалық кезеңге қатысты.

Қазылар алқасының шешімімен  І дәрежелі дипломдармен - 43 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен - 71 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломмен - 119 оқушы. Барлығы 233 жеңімпаз бен жүлдегер.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жүлделі орындарға сәйкес облыстар арасындағы рейтингті қорытындылады. Дәстүр бойынша Нұр-Сұлтан қ. қатысушылар командасы бірінші орынды иеленді (22 марапат), Павлодар облысының командасы екінші орынды (21 марапат), үшінші орынды Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарының (16 марапат) командалары иеленді.

Мектептердің рейтингі халықаралық спорттық және интеллектуалды олимпиадаларда қабылданған әдістеме бойынша есептелді: алдымен алтын медальдардың саны, содан кейін – күміс және қола медальдар есептеледі.

Барлық қатысушыларды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, ұстаздар мен ата-аналарды олимпиаданың сәтті аяқталуымен құттықтаймыз!

Date

Қыр 29 2020
Expired!

Labels

События Школьникам КАЗ