XXXI Халықаралық қашықтық Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасы

ХХХIII Азия-Тынық мұхиты математикалық халықаралық олимпиадасы мен математикадан халықаралық  XX «Жібек жолы» олимпиадасы 9-10 наурыз күндері аралығында қашықтықтықтан өтеді. Бұл математикадан дарынды оқушылардың зияткерлік жарысы.

Олимпиадаларға республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытынды хаттамасына сәйкес, әр сынып бойынша 2 қатысушыдан аспайтын математика пәні бойынша жеңімпаздары мен жүлдегерлері ғана қатысады.

АТМО мен МХЖО-на  бір мезгілде әлемнің қырықтан астам елі қатысады: Аргентина, Австралия, Ресей, АҚШ, Канада, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Малайзия, Мексика және т. б.

Ағымдағы жылы олимпиадаға математика пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 120 оқушы қатысады.

АТМО ағымдағы жылдың 9 наурыз күні және МХЖО-сы 10 наурыз күні  қашықтықтан өтеді.

Олимпиада математикалық ғылымдар саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау үшін жағдай жасау, қатысушы елдер арасындағы халықаралық білім беру және ғылыми байланыстарды дамыту мақсатында өткізіледі.

 

Қосымша ақпаратты төмендегі мекенжай бойынша алуға болады:

«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы

Астана қ., Республика даңғылы, 34а, «Нұр тау»

8(7172) 29-50-76

Date

Нау 09 - 10 2021
Expired!

Labels

События Школьникам КАЗ