«Ақберен” қазақ әдебиеті мен музыкалық импровизациядан Республикалық конкурсы

Акберен-Правила+

Шығармашыл оқушылар арасындағы VІI республикалық
«Ақберен» онлайн өнер байқауын өткізу туралы ақпарат

Жас ұрпақтың бойында отаншылдық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгеру, өлең жазу, ақындық, сөз өнерінің қадір-қасиетін түсіну, шығармашыл жастардың дарындылығын айқындау және қолдау мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес шығармашыл оқушылар арасындағы VII республикалық «Ақберен» өнер байқауын (бұдан-әрі Байқау) ағымдағы жылдың 9 -11 желтоқсан аралығында қашықтықтан өткізеді.

Байқау Ережеге сәйкес үш кезең бойынша:
I кезең – аудандық (қалалық), білім басқарамаларымен;
II кезең – облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларымен, РББҰ, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ ұйымдастыруымен;
III кезең – республикалық, қорытынды – «Дарын» РҒПО.

Байқау 6 номинация бойынша өткізіледі:
1. Шешендік, білгірлік сайысы (қазақ тарихы, мәдениеті, фольклоры туралы сұрақтарға жауап беру, шешендік өнер тарихын білу, шешен сөйлеу);
2. Көркемсөз оқу (поэзия, проза, драмалық шығармалардан үзінді);
3. Эссе жазу;
4. Ұлттық аспапта өнер көрсету (домбыра, қобыз, жетіген және т.б.);
5. Ақындар айтысы;
6. Ақындар мүшәйрасы.

«Ақындар айтысы» номинациясы Zoom платформасының көмегімен өткізілетін болады (сілтеме алдын-ала жіберіледі);

«Эссе жазу» номинациясы Exam.net және Zoom арқылы өтеді (сілтеме алдын-ала жіберіледі). Бұл номинациялардың қатысушылары бағдарламаға сәйкес ұйымдастырушы ұсынған сілтеме бойынша өтіп, ұйымдастырушылар жіберген кодты теріп, аты-жөнін, облысын енгізіп, эссе жазуды бастайды.

Толығырақ төменде көрсетілген:
1 https://exam.net сілтемесі бойынша өтіңіз
2 Ұйымдастырушылардан алынған кодты енгізіңіз
3 Деректерді енгізіп, эссе жазуды жалғастырыңыз
4 Тапсырмалар мен жауаптар терезелерінің орналасқан жерін өзіңізге ыңғайлы етіп таңдауға болады
5 Эссе жазу жауап терезесінде электронды болуы мүмкін
6 А4 форматындағы қағазға қолмен жазылған эсселер QR-кодты сканерлеуді қолдайтын смартфондар немесе планшеттер арқылы фото түрінде қабылданады.
7 Қолжазба жұмыстарын жіберу үшін мәзірдегі scan solution батырмасын таңдаңыз
8 QR кодын сканерлеу
9 Жұмыстарды суретке түсіру
10 Компьютерде exam.net кодын енгізу
11 Submit түймесін басу арқылы байқауды аяқтаңыз.

«Шешендік, білгірлік сайысы», «Көркемсөз оқу», «Ұлттық аспапта өнер көрсету», «Ақындар мүшәйрасы» номинациялары бойынша әр оқушы өзінің өнерін алдын-ала бейне таспаға түсіріп, YouTube-қа жүктеп сілтемесін беруі тиіс.

Байқаудың ережесі, хаттама формасы мен сұраныс түрі «Дарын» РҒПО-ның сайтында www.daryn.kz орналасқан.
Сұранысты info@daryn.kz эл.почтасына 8 желтоқсанға дейін жіберулеріңізді сұраймыз.

  • 00

    days

  • 00

    hours

  • 00

    minutes

  • 00

    seconds

Date

Қаз 01 - 31 2021

Labels

События Школьникам КАЗ

Organizer

Дарынды оқушылардың жобалық қызметі және шығармашылық дамуы бөлімі
Phone
8-7172-29-51-59