«Білім беру үдерісінде дарынды балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында білім беру ұйымдарының психологтарына арналған республиқалық вебинардың қорытындысы

Дарынды және ынталы балаларды сүйемелдеудің кешенді бағдарламасын зерттеу және әзірлеу аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы а.ж. 23 желтоқсан күні «Білім беру процесінде дарынды балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында білім беру ұйымдарының психологтарына арналған республиқалық вебинар (бұдан әрі – вебинар) өткізді.
Вебинардың мақсаты – білім беру ұйымдарында дарынды балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау мәселесінде педагог-психологтардың жұмыс тәжірибесін тарату.
Вебинар бағдарламасында қамтылған мәселелер:
– дарынды оқушыларының тұлғалық дамуының кейбір ерекшеліктері;
– дарындылықты сараптамалық бағалау әдісін қолдану алгоритмі және нәтижелерді талдау;
– қиялды білім беру құндылығы ретінде дамыту;
– тренинг – 8-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар жұмысын жүргізудің қолайлы әдісі;
– дарынды балаларға оқыту мен білім беруде позитивті мотивацияны қалыптастыру;
– дарынды баланы мектеп-интернатта психологиялық сүйемелдеу.

Вебинар спикерлері:
– Сатова Акмарал Кулмагамбетовна – пс.ғ.д., профессор, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі;
– Кудрявцев Владимир Товиевич – пс.ғ.д., Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің және Мәскеу мемлекеттік психологиялық-педагогикалық университетінің профессоры. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік ғылымдар факультеті психология кафедрасының шақырылған профессоры.
– Мамбеталина Әлия Сақтағанқызы – пс.ғ.к., Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің психология кафедрасының меңгерушісі;
– Жантикенова Кенжегул Картбаевна – Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының педагог-психологы;
– Абигузина Римма Нұрғалиқызы – Павлодар облысы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицей педагог-психологы;
– Мамырбекова Асем Зейнолдановна – Шығыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының педагог-психологы.
Вебинарға мамандандырылған білім беру ұйымдарының, дарынды балалармен жұмыс жөніндегі өңірлік орталықтардың 150 аса педагог – психологтары қатысты.

Республикалық вебинардың сілтемесі https://youtu.be/2GknVEn7zbQ

Материалдар. 23 желтоқсан 2021 жыл

Date

Жел 23 2021
Expired!

Labels

Мұғалімдердің қорытындысы 2020

Organizer

Педагогикалық шеберлік және психологиялық қызмет бөлімі
Phone
8-7172-57-01-42