«Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері» атты мамандандырылған білім беру ұйымдарының психологтарына арналған республикалық вебинарды өткізу туралы ақпарат

Қазіргі уақытта дарындылық мәселесі өзекті бола түсуде. Бұл ең алдымен қоғамның ерекше шығармашылық тұлғаға деген қажеттілігімен байланысты. Дарынды және талантты балаларды анықтау, оқыту және тәрбиелеу білім беру жүйесін жетілдірудің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Дарынды балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау олардың жеке тұлғасын жан-жақты кешенді зерттеуге және дамытуға бағытталуы керек.
Вебинардың мақсаты – білім беру үрдісінде дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша психологтардың кәсіби құзыреттілігінің деңгейін арттыру.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы а.ж. 18 тамызында білім беру ұйымдарының психологтарына арналған республикалық вебинар (бұдан әрі-вебинар) өткізеді.
Вебинарға мамандандырылған білім беру ұйымдарының, дарынды балалармен жұмыс жөніндегі аймақтық орталықтардың педагог-психологтары шақырылады.
Вебинар жұмысы барысында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары – Мамбеталина А.С. психлогия ғылымының кандидаты, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ психология кафедрасының меңгерушісі; Байжұманова Б.Ш. Л.Гумилев атындағы ЕҰУ психология кафедрасының доценті және мамандандырылған білім беру ұйымдарының жетекші психологтары өз тәжірибелерімен бөлісуі жоспарлануда.
Өткізу форматы: онлайн (ZOOM-конференция)
Барлық сұрақтар бойынша 8-7172-29-49-98 телефон арқылы хабарласуға болады.

Date

Там 18 2021
Expired!

Labels

События Учителям КАЗ

Organizer

Педагогикалық шеберлік және психологиялық қызмет бөлімі
Phone
8-7172-29-49-98