Қазақстан тарихы және қазақ тілі мен орыс тілі пәндерінен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «ПедСтарт» республикалық қашықтық олимпиадасы

Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының

Қазақстан тарихы, бастауыш сыныптағы қазақ тілі, орыс тілі пәні мұғалімдеріне арналған «ПедСтарт» қашықтықтан олимпиадасының ақпараттық хаты

 

“Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы а.ж. 22-24 желтоқсан күндері «ПедСтарт» қашықтық олимпиадасына (бұдан әрі-Олимпиада) қатысу үшін Қазақстан тарихы, бастауыш сыныптағы қазақ тілі, орыс тілі пәні мұғалімдерін шақырады.

Олимпмиаданың мақсаты: кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануды дамыту, оқытуда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылуды арттыру.

Олимпиада педагогикалық қызметкерлердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға, олардың кәсіби деңгейі мен педагогикалық шеберлігін арттыруға ықпал етеді; компьютерлік ақпараттық технологияларды енгізу қажеттілігін өзектендіреді; оқытудың дәстүрлі және компьютерлік әдістерін ұштастыру есебінен білім беру процесінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Олимпиада – 22-24 желтоқсан күндері  сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін өтеді.

Олимпиадаға қатысу үшін:

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының www.daryn.kz  сайтына тіркеліп, нұсқаулыққа сәйкес форманы толтыру қажет (нұсқаулық берілген).

Олимпиада тапсырмалары daryn.kz 22-24 желтоқсан күндері сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) онлайн-жобалар мәзірінде қолжетімді. Кезеңнің өту мерзімі- 60 минут.

Олимпиада қорытындысы бойынша  сертификаттар, сондай-ақ Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері үшін “Дарын” РҒПО I, II, III дәрежелі дипломдарын  www.daryn.kz  сайтынан жүктеп аласыз.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, “Дарын” РҒПО, Республика даңғылы 34а, тел. 8 (7172) 294998, 87071078933, 87473288308.

Республикалық олимпиаданың ұйымдстыру жарнасы 1500 (бір мың бес жүз) теңгені құрайды.

Олимпиадаға ұйымдастыру жарнасын Kaspi.kz қосымшасы арқылы төлеуге болады.

Төлем туралы нұсқаулық:

«Менің төлемдерім» бөліміне кіріп, «Білім» бөлімін тауып, «Курстар мен қосымша білім беру» таңдап, Нұр-Сұлтан қаласы, «Республики 34а» «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығын табыңыз. «Оқушының аты-жөні» бағанында өз аты-жөніңізді теріп, жеке ID нөміріңізді көрсетіңіз (сайтқа тіркелу кезінде беріледі), іс-шараның атауын көрсетіңіз, төлем шотын таңдаңыз.

Ережелер Өңделеді

Date

Жел 22 - 24 2020
Expired!

Labels

События Учителям КАЗ