Жалпы білім беретін ұйымдарының түлектеріне арналған Президенттік олимпиаданың үшінші (республикалық) кезеңі

Олимпиадаға республиканың жалпы білім беру ұйымдарының бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған биылғы оқу жылының түлектері қатысады.

Олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде төрт пән бойынша тапсырмаларды орындайды: математика, физика, химия және биология.

Жаратылыстану – математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиада (бұдан әрі – Олимпиада) Ережеге сәйкес үш кезеңде өткізіледі:

1. Олимпиаданың өңірлік (бірінші) кезеңі ағымдағы жылдың 18 қарашасында сағат 14.00-де Нұр-Сұлтан уақытымен бір күнде өткізіледі.

2. Іріктеу (екінші) кезеңі  екі  турда өткізіледі:

1) Бірінші тур  (қашықтық) 24 қарашада сағат 14.00-де Нұр-Сұлтан уақытымен.

2) Екінші тур (шығармашылық, эссе жазу) сол күні сағат 17.00-де өтеді.

3. Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХІІІ Президенттік олимпиаданың қорытынды кезеңі 3-4 желтоқсанда онлайн режимінде өткізіледі.

Олимпиаданың іріктеу және қорытынды кезеңдерін «Дарын» РҒПО өткізеді.

Қосымша ақпарат «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының www.daryn.kz сайтында орналастырылады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  2020 жылдың 3-4 желтоқсан аралығында онлайн тәртібінде республиканың 11 (12) сынып оқушылары арасында жаратылыстану – математика циклы пәндері бойынша ХІІІ Президенттік олимпиадасы  онлайн тәртібінде zoom және exam.net. платформалары арқылы өткізілді.

Олимпиада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі және Тұңғыш Президенті күндеріне арналған іс-шаралар аясында ұйымдастырылды. Дәстүрлі түрде олимпиада 2008 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Басты идея – қазақстандық оқушыларды жоғары білімді, зияткерлік, мықты патриоттық рухта тәрбиелеу, жаратылыстану – математикалық ғылымдарды тереңдете оқыту.

13 жыл ішінде 31 000 - нан астам түлек олимпиадаға қатысты.

Президенттік олимпиада үш кезеңде:  өңірлік, іріктеу және қорытынды өткізілді. Өңірлік кезеңде барлығы 4593 мектеп бітіруші қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде білім алатындары – 3152.

Өңірлік кезеңде - 4593, іріктеу кезеңінде – 396 және қорытынды кезеңге 252 оқушы қатысты.

Президенттік олимпиаданың ережесіне сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Олимпиаданың қазылар алқасының шешімі бойынша І дәрежелі дипломдармен 13 қатысушы,  ІІ дәрежелі дипломдармен 19 қатысушы, ІІІ дәрежелі дипломдармен 32 қатысушы марапатталды.

  • 00

    days

  • 00

    hours

  • 00

    minutes

  • 00

    seconds

Date

Қар 11 - 20 2021

Labels

События Школьникам КАЗ

Organizer

Зияткерлік іс-шараларды ұйымдастыру және халықаралық ынтымақтастық бөлімі
Phone
8-7172-29-50-76