Жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты ІІІ республикалық интеллектуалдық конкурсының қорытындысы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі- «Дарын» РҒПО) 2021 жылдың қараша айында жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты ІV республикалық интеллектуалдық конкурсын (бұдан әрі- Конкурс) өткізеді.

Конкурстың мақсаты: туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының  тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың кішкентай Отанына деген мақтанышын арттыру.

Конкурстың ережесі www.daryn.kz сайтында орналасқан.

Конкурсқа 9-10 сынып оқушылары қатыса алады.

Конкурс 3 кезеңде өткізіледі:

1) бірінші кезең-аудандық (қалалық), а.ж. 27 қыркүйегінде өтеді. Конкурсты аудандық (қалалық) білім басқармасының органдары "Дарын" РҒПО дайындаған тапсырмалар бойынша жүргізеді.

2) екінші кезең-облыстық, а.ж. 11 қазанда өтеді. Конкурсты облыстық, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, РББҰ, "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ және "РФММ" КеАҚ, "Бөбек" ҰҒПББСО "Өзін-өзі тану" гимназиясы, "Дарын" РҒПО дайындаған тапсырмалар бойынша өткізеді.

3) үшінші кезең-республикалық, а.ж. қараша айында өтеді. Конкурсқа облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысады. Республикалық кезеңді өткізудің нақты күні мен форматы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Толық ақпарат қосымша хабарланады.

Конкурсқа қатысу сұранысын төмендегі үлгі бойынша 2021 жылдың қазан айының 25-не дейін info@daryn.kz электрондық мекен-жайына,  және облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент ққ., РББҰ, "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ және Дарынды балалармен жұмыс жөніндегі өңірлік ғылыми-практикалық орталықтарының, білім басқармасы басшыларының қолы қойылған ілеспе хатпен бірге жіберу қажет.

Ұйымдастыру комитетінің мекен жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Республика даңғылы 34А, тел. 8/7172/ 295-159, 8/702/ 159-98-19, e-mail: info@daryn.kz.

 

Сұраныс үлгісі (Excel кестесінде):

Қатысушының тегі, аты Номинация Облыс Мектеп Жетекшінің аты-жөні (толық),

байланыс телефоны

           

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 10 қазандағы №440-шы бұйрығын орындау мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, қараша айының 3-5 күндері аралығында жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты ІІІ республикалық интеллектуалдық конкурсының (бұдан әрі - Конкурс) өткізілгенін хабарлайды.

Елімізде қалыптасқан қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты Конкурс қашықтықтан онлайн режимде ұйымдастырылды.

Конкурстың қорытынды республикалық кезеңі ережеге сәйкес екі тур бойынша өткізілді. Қатысушылар І тур бойынша Қазақстан тарихы пәнінен www.daryn.kz сайтында онлайн режимде тікелей видео-трансляциямен тест тапсырды. Қатысушылар ІІ турда 4 номинация бойынша Zoom платформасында өз жұмыстарын қорғады.

Конкурсқа Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, республикалық білім ұйымдарынан, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-дан командалар қатысты. Конкурстың аудандық кезеңіне 6658 оқушы, облыстық кезеңіне 1166 оқушы қатысса, республикалық қорытынды кезеңде 88 оқушы бәйгеге түсіп бақтарын сынады.

Қатысушылардың жұмысын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Қ.Сәтбаев Қазақ Ұлттық техникалық университетінің оқытушылары, ғалымдары бағалады.

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 38 оқушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Оның ішінде І дәрежелі дипломға - 8 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға - 12 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға – 18 оқушы ие болды. Сонымен қатар, орын алған оқушыларға: бірінші орынға - смарт-сағат, екінші орынға – үстеме құлаққап (накладные наушники), үшінші орынға – «Пауэр Бэнк» зарядтағышы табысталды.

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлер тізімі төменде көрсетілген.

І дәрежелі диплом иегерлері:

Қатысушының

аты-жөні

Облысы Мектебі
1 Сандыбаев Тамерлан Қостанай облысы № 29 орта мектеп Қостанай қ.
2 Пайзахматов Илхом Шымкент қ. 104 мектеп
3 Сағидоқас Нұрәділ Батыс-Қазақстан облысы Сырым ауданы, Булан орта мектебі
4 Петрий Екатерина Қостанай облысы Қостанай қаласы, № 23 орта мектеп
5 Әбдіхалық Серікболсын Түркістан облысы "Бөген" жалпы орта мектебі
6 Мықтыбек Бексұлтан Шымкент қ. 89 мектеп
7 Ринатқызы Амина Нұр-Сұлтан қ. №82 "Дарын" мамандандырылған лицейі
8 Мұратбек Медет Шымкент қ. №78 мектеп

ІІ дәрежелі диплом иегерлері:

Қатысушының

аты-жөні

Облысы Мектебі
1 Макашева Камила Қарағанды облысы Талжанов ат.орта мектеп
2 Савинкова Юлия Солтүстік-Қазақстан облысы Жамбыл облысы «И.П. Шухов атындағы Пресновская орта мектеп-гимназиясы» КММ
3 Гейко Татьяна Шығыс-Қазақстан облысы Средняя школа №2
4 Нукербекова Диляра Қарағанды облысы «Зияткер» орта мектеп интернаты
5 Сулейменова Дильназ Солтүстік-Қазақстан облысы Тайынша ауданы «Мироновская орта мектебі» КММ
6 Назарбаев Нұрбақыт Шымкент қ. 90 мектеп
7 Дәулетова Лаура Маңғыстау облысы №7 мектеп-лицейі
8 Байназаров Рамадан РББҰ Абай атындағы РММИ
9 Жұмағұл Мират "Назарбаев Зияктерлік мектебі" ДББҰ Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
10 Еген Асылжан "НЗМ" ФМБ Нұр-Сұлтан қ. "НЗМ" ФМБ Нұр-Сұлтан қ.
11 Кужаниязова Ақбота Ақтөбе облысы Қобдаауданы, Қобда гимназиясы
12 Оразалы Алиман Алматы облысы Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған №20 лицей
13 Прокопьева Диана Қарағанды облысы Корниенко атындағы КШДС

ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:

Қатысушының

аты-жөні

Облысы Мектебі
1 Байжұма Бексұлтан Алматы қ. №178 мектеп
2 Алтынбек Асер Алматы облысы М.Арын атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №24 "Экономика және бизнес" мамандандырылған лицейі
3 Мұхтар Саябол БИЛ Нұр-Сұлтан қ. Дарынды ер баларға арналған «Білім-инновация» лицейі
4 Рашит Адема Павлодар облысы Аққулы ауданы, Малыбайская орта мектебі
5 Павлухина Анастасия Ақмола облысы Сандықтау ауданы, Максимовка орта мектебі
6 Ордалы Жібек Ақтөбе облысы Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернаты
7 Тұрарбек Даурен Алматы облысы Талдықорған қаласындағы үштілде білім беретін дарынды балаларға арналған №20 мамандандырылған лицей
8 Бақытғани Әлихан Қызылорда облысы №249 мектеп-лицей
9 Сәрсенбай Сабина Түркістан облысы "Бөген" жалпы орта мектебі
10 Аманжолқызы Аяулым Алматы қ. Г162
11 Абдрахманов Дінмұхаммед Алматы облысы Талдықорған қаласындағы үштілде білім беретін дарынды балаларға арналған №20 мамандандырылған лицей
12 Мутиголла Атанияз Атырау облысы Атырау қаласы, Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған №30 мектеп-гимназиясы
13 Крашенников Данил Павлодар облысы Павлодар обл., Ертіс ауд., Ұзынсу орта мектебі
14 Макишева Махаббат Солтүстік-Қазақстан облысы Петропавл қаласы "№ 25 орта мектеп"
15 Нұрлан Нұрсая Алматы қ. №156 орта мектеп
16 Жаулыбай Нұризат Жамбыл облысы Т.Рысқұловатындағы мектеп-лицейі
17 Князева Софья Павлодар облысы Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы, № 1 ЖОББМ
18 Асан Жансая Түркістан облысы "Бөген" жалпы орта мектебі

Грамотамен марапатталған оқушылар тізімі:

Қатысушының

аты-жөні

Облысы Мектебі
1 Сұлтан Тілек Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы, Мұғалжар жалпы білім беретін орта мектебі
2 Ертілеу Қымбат Батыс-Қазақстан облысы Теректі ауданы, Чапаев ат. ЖОББМ
3 Күнтөреева Еңлік Қызылорда облысы №10 БИЛ
4 Тоқтарбай Кербез РББҰ Абай атындағы РММИ
5 Мақұлбек Диана Түркістан облысы "Бөген" жалпы орта мектебі
6 Калиакпарова Малика Алматы қ. №36 гимназия
7 Асланбек Аружан Атырау облысы Жылыой ауданы, №9 орта мектебі
8 Койшубекова Айым Жамбыл облысы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Дарын" мектеп-интернаты
9 Бегалина Дильназ Нұр-Сұлтан қ. №47 мектеп-гимназия
10 Қуанышева Жангүл РББҰ Абай атындағы РММИ
11 Батырбекова Шырын Ақмола облысы Бурабайауданы, Щучье қаласы №9 мектеп-гимназиясы
12 Өтебаев Нұрайдар Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, №6 орта мектеп
13 Яцыкив Михаил Қарағанды облысы №9 Гимназия
14 Кабдуллина Дильназ Қостанай облысы Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Ш. Уәлихановатындағы Әулиекөл орта мектебі
15 Оразбек Айбек Шығыс-Қазақстан облысы Камышенка орта мектебі
16 Бекмагамбетов Аслан Ақмола облысы Есілауданы, Красивинский орта мектебі
17 Елемесова Мадина Атырау облысы Мақатауданы, О.Саргунанов орта мектебі
18 Ұзаққайырова Аружан Батыс-Қазақстан облысы Акжаикский район, ШГ им. Абая
19 Скорая Галина Қостанай облысы Қостанай облысы, Денисов ауданы, № 1 Денисов орта мектебі
20 Өтеген Жанбибі Қызылорда облысы №85 мектеп

Date

Қар 03 - 05 2020
Expired!

Labels

Оқушылар қорытындысы 2020