«Математика және жобалау» XV халықаралық ғылыми конкурсы

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің  «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы хабарлайды:

Конкурстың өткізу кезеңі: 1-16 мамыр 2021 ж.

Қорғау онлайн режимінде өтеді. Жюри мүшелері және қатысушылар қашықтан жұмыс істейді. Әрбір қатысушыға 2 күн бұрын қосылуға сілтеме жіберіледі.

Конкурстың мақсаты және міндеті:

- оқушылардың математикаға, зерттеу және жобалық жұмысына  қызығушылығын дамыту

- дарынды оқушыларды анықтап, дамыту және қолдау

- математика және информатика пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру

- математика және информатика пәнінен бойынша сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды жандандыру

- оқушылар мен мұғалімдердің ақпараттық-коммуникациялық құзыреттіліктерін дамыту

Конкурс жұмыстарының номинациялары:

- Табиғаттағы және қоғамдағы нақты процестердің математикалық модельдері

- Геометриялық нобайлар

- Математика және өнер

-  Математика тарихы

- Математика ғылымы

- Электрондық тақырыптық журнал

- Қаржы математикасы

- Ақпаратты қорғау саласындағы математика

- Кәсіптік-бағдарланған есептерді шешу үшін математикалық әдістерді пайдалану (Кәсіптік білім беру жүйесіндегі білім алушылар үшін)

- Желілік зерттеу жобалары

- Кәсіби қызметтегі Математика (студенттер үшін)

Байқауға қатысушылар - Ресей Федерациясының жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары, орта және жоғары кәсіптік оқу орындарының және шет мемлекеттердің оқу орындарының тиісті сыныптарының (курстарының) студенттері.

Конкурстың бірінші, аймақтық кезеңінен өткен үздік жұмыстар мен желілік жобалардың авторлары ғана екінші, халықаралық кезеңнің қатысушылары бола алады.

Конкурстың қорытынды кезеңі аясында мұғалімдер мен оқытушылар үшін әдістемелік әзірлемелер фестивалі өткізіледі.

Конкурс өткізу ережелері www.daryn.kz  сайтта көрсетілген.

18 сәуірге дейін электрондық пошта info@daryn.kz  жіберетін құжат тізімі:

  • қатысуға өтінім беру

Өтінім нысаны

Аты-жөні орыс тілінде

Аты-жөні ағылшын тілінде

Секция Жұмыс тақырыбы Байланыс деректері:

электрондық пошта ,

ұялы телефон,

пошталық мекенжайы

2) жұмысты жіберу

3) әр қатысушы үшін 2 400 рубль мөлшерінде ұйымдастырушылық жарнаны төлеу туралы түбіртектің көшірмесін жіберу (түбіртек үлгісі көрсетілген). Төлем Жеке және заңды тұлғалардың демеушілік жарналары есебінен де, жергілікті бюджет есебінен де жүргізіледі.

Ескертпе: өтінімнің аты-жөнін төлқұжат деректеріне сәйкес (немесе туу туралы куәлік немесе жеке куәлік бойынша) толтыру қажет.

Аты-жөні орыс тілінде

Аты-жөні ағылшын тілінде

Секция Жұмыс тақырыбы Байланыс деректері:

электрондық пошта,

ұялы телефон,

пошталық мекенжайы

Иванов Иван Иванович

Ivanov Ivan Ivanovich

Математика тарихы "Геометриялық фигура" және "Сан" ұғымдарының қалыптасуы» ivan@mail.ru

+77024442233

Нур-Султан қаласы , Уалиханова көшесі, 2 үй, 3 пәтер

 

Ұйымдастыру мәселелері бойынша мына телефондарға хабарласуға болады:

8/7172/ - 295-159, техникалық мәселелер бойынша: 8/7172/295-213, 295-266.

Төлем түбіртегі_Қазақстан

Date

Мам 01 - 16 2021
Expired!

Labels

События Школьникам КАЗ

Organizer

Дарынды оқушылардың жобалық қызметі және шығармашылық дамуы бөлімі
Phone
8-7172-29-51-59