МАТЕМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ТУЙМААДА» ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ ҚАТЫСУЫ ТУРАЛЫ ҚОРЫТЫНДЫ АҚПАРАТ

Қазақстан құрама командасы 2020 жылдың 1-6 қазан аралығында онлайн режимінде өткен математика пәні бойынша халықаралық «Туймаада»  олимпиадасына (әрі қарай Олимпиада) қатысты. Олимпиаданы ұйымдастырушы Саха Республикасының (Якутия) Білім және ғылым министрлігі. Олимпиада математика, физика, химия, информатика пәндері бойынша жеке олимпиадалардан тұрады. Биылғы жылы пандемия жағдайына байланысты Ұйымдастырушы комитет Олимпиаданы тек математика пәнінен өткізу туралы шешім қабылдады.

Олимпиада мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау үшін оңтайлы жағдай жасау, олард одан әрі интеллектуалды дамыту және кәсіби бағдарлау, әр елдің оқушылары арасындағы байланыстарды нығайту, мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты дамыту юолып табылады.

Олимпиадаға Ресей, Румыния, Болгария, Сингапур, Иран, Тәжікстан, Қазақстан сиақты 7 елден 152 оқушы қатысып бақ сынасты. Қазақстаннан олимпиадаға 37 оқушы қатысты, оның ішінде 18 оқушы Қазақстан құрама командасының мүшелері болып табылады.

Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы 1 алтын, 3 күміс, 5 қола медалді жеңіп, 6 құрмет грамотасын иеленді:

 Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Олжабаев Асылбекалтын медаль;

Нұр-сұлтан қаласы дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей – интернатының 10 сынып оқушысы Раушанов Марленкүміс медаль;

Алматы қаласы №165 мамандандырылған лицейінің 10 сынып оқушысы Беремкулов Аланкүміс медаль;

Нұр-Сұлтан қаласы Республикалық физика-математикалық мектебінің 10 сынып оқушысы Бурамбаев Тамерланкүміс медаль;

Алматы қаласы Республикалық физика-математика мектебінің 11 сынып оқушысы Сакенов Батырханқола медаль;

   Алматы қаласы Республикалық физика-математикалық мектебінің 9 сынып оқушысы Байшуақ Райымбекқола медаль;

  Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып  оқушысы Сейтенов Альдинаш – қола медаль;

  Талдықорған қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Омар Махмұтқола медаль;

       Алматы қаласы Республикалық физика-математика мектебінің 10 сынып оқушысы Топоров Ярославқола медаль;

Нұр-Сұлтан қаласы дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Абдикаримов Бексұлтанграмота;

Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Уколов Иван – грамота;

Нұр-Сұлтан қаласы «NURORDA» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Жеңіс Алибиграмота;

 Ақтау қаласы «Білім-Инновация» лицей-интернаттың 10 сынып оқушысы Абу Аділетграмота;

   Алматы қаласы Республикалық физика-математика мектебінің 9 сынып  оқушысы Есенбай Байсейітграмота;

   Нұр-Сұлтан қаласы дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаттың 10 сынып оқушысы Дюсембаев Қозыкөрпешграмота.

Құрама команда мүшелерін, олардың ата-аналарын және мұғалімдерді жеңістерімен құттықтаймыз!