МАТЕМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША XXVII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ТУЙМААДА» ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ ҚАТЫСУЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Қазақстан құрама командасы 2020 жылдың 1-6 қазан аралығында онлайн режимінде өтетін математика пәні бойынша XXVII халықаралық «Туймаада»  олимпиадасына (бұдан әрі – Олимпиада) қатысады.

Олимпиаданың мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау үшін оңтайлы жағдай жасау, оларды  интеллектуалды дамыту және кәсіби бағдарлау, әр елдің оқушылары арасындағы байланыстарды нығайту, мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты дамыту болып табылады.

Олимпиадада Ресей, Румыния, Болгария, Сингапур, Иран, Тәжікстан, Қазақстаннан оқушылары бақ сынасады. Қазақстаннан олимпиадаға 38 оқушы қатысады, оның ішінде 18 оқушы Қазақстан құрама командасының мүшелері болып табылады.

Олимпиада екі күн бойы жеке біріншілікте математика пәні бойынша екі кезеңнен өтетін болады.

Қазақстан құрама командасының мүшелері:

Олжабаев Асылбек – Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы;

Сакенов Батырхан – Алматы қаласы Республикалық физика-математика мектебінің 11 сынып оқушысы;

Раушанов Марлен – Нұр-сұлтан қаласы дарынды балаларға арналған «Білім – инновация» лицей – интернатының 10 сынып оқушысы;

Абдикаримов Бексұлтан – Нұр-Сұлтан қаласы дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім – инновация» лицей – интернатының 11 сынып оқушысы;

Уколов Иван – Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы;

Муханбетияр Қасым – Алматы қаласы “Hаileybury” мектебінің 12-сынып оқушысы;

Беремкулов Алан – Алматы қаласы №165 мамандандырылған лицейінің 10 сынып оқушысы;

Жеңіс Алиби – Нұр-Сұлтан қаласы «NURORDA» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;

Бурамбаев Тамерлан – Нұр-Сұлтан қаласы Республикалық физика-математикалық мектебінің 10 сынып оқушысы;

Даминов Арслан – Көкшетау қаласы «Білім-инновация» лицей-интернаттың 11 сынып оқушысы;

Кожиков Дидар – Ақтөбе қаласы Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған “Білім-инновация” мамандандырылған лицей-интернатының 11 сынып  оқушысы;

Байшуақ Райымбек – Алматы қаласы Республикалық физика-математикалық мектебінің 9 сынып оқушысы;

Сейтенов Альдинаш – Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып  оқушысы;

Омар Махмұт – Талдықорған қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы;

Топоров Ярослав Алматы қаласы Республикалық физика-математика мектебінің 10 сынып оқушысы;

Абу Аділет – Ақтау қаласы «Білім-инновация» лицей-интернаттың 10 сынып оқушысы;

Есенбай Байсейіт – Алматы қаласы Республикалық физика-математика мектебінің 9 сынып оқушысы;

Дюсембаев Қозыкөрпеш – Нұр-Сұлтан қаласы дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаттың 10 сынып оқушысы.

Барлық қатысушыларымызға XXVII халықаралық «Туймаада» олимпиадасында жеңіс тілейміз!