«Мектеп жасындағы дарындылықты бағалаудың қазіргі заманауи әдістері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының қорытындысы

Әлемдік кеңістікте бәсекеге қабілеттілік пен интеграцияны арттыру үшін қуатты жеке және кәсіби әлеуеті жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру қажет.

Дарынды және ынталы балаларды сүйемелдеудің кешенді бағдарламасын зерттеу және әзірлеу аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы а.ж. 17-18 қараша күндері Нұр-Сұлтан қаласында «Мектеп жасындағы дарындылықты бағалаудың заманауи әдістері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын (бұдан әрі-конференция) өткізеді.

Конференцияның мақсаты - мектеп жасындағы дарындылықты психологиялық диагностикалаудың заманауи тиімді әдістерін анықтау.

Конференцияның міндеттері-дарындылықты диагностикалау саласындағы жұмыс тәжірибесін талдау, қорытындылау және тарату, сондай-ақ мектеп жасындағы дарынды балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау.

Конференция жұмысына педагогика және дарындылық психологиясы саласындағы жетекші шетелдік және отандық ғалымдар қатысады.

- Монина Галина Борисовна - п.ғ.к., А. И. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінің балалық шақ институтының жас ерекшелік психологиясы және отбасы педагогикасы кафедрасының доценті, әлеуметтік-гуманитарлық білім беру орталығының білім мен бизнестегі психологиялық жобалау зертханасының меңгерушісі, (Татарстан Республикасы), «Иматон» практикалық психология институтының тренері, Ресей Федерациясының білім беру ісінің құрметті қызметкері;

- Мамбеталина Алия Сактагановна – пс.ғ.к., Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық гуманитарлық университетінің психология кафедрасының меңгерушісі;

- Шишкина Вероника Юрьевна - Санкт-Петербург қаласы, Фрунзе ауданы №95 мамандандырылған мектебінің жоғары санатты педагог-психологы, «Кішкентай ханзада» үйлесімді даму Орталығының жетекшісі, Санкт-Петербург психологиялық қоғамының мүшесі, танымдық және эмоционалды-аффективті саладағы балалармен диагностикалық, түзету жұмыстарының жаттықтырушысы, тұлғааралық қатынастар, ата-аналар мен мұғалімдерге арналған кеңесші;

- Волокитина Анна Юрьевна - Санкт-Петербург қаласы, Фрунзе ауданы №95 мамандандырылған мектебінің жоғары біліктілік санатындағы педагог-психологы, Санкт-Петербург психологиялық қоғамының мүшесі, танымдық және эмоционалды-аффективті саладағы балалармен диагностикалық, түзету жұмыстарының жаттықтырушысы, тұлғааралық қатынастар, ата-аналар мен мұғалімдерге арналған кеңесші.

Конференция бағдарламасында авторлық презентация, шебер-сыныптар, тренингтер, кейстерді талдау қарастырылған.

Конференцияға қатысушылары үшін мектеп директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мамандандырылған білім беру ұйымдарының, дарынды балалармен жұмыс жөніндегі өңірлік орталықтардың педагог - психологтары шақырылады.

Білім басқармасы бекіткен конференцияға қатысуға өтінімді а. ж. 8 қарашасына дейін келесі үлгіде жіберу қажет, сондай-ақ барлық қатысушыларға көрсетілген сілтеме арқылы тіркеуден өту қажет http://tiny.cc/psychologyconf

Қатысушының аты-жөні Жұмыс орны Қызметі Жұмыс өтілі Телефон,

e-mail

Қонақ үйдің қажеттілігі Нұр-Сұлтан қ. келу күні, уақыты Кету күні, уақыты
                 

Конференция қорытындысы бойынша Жинақ шығарылады. Жинаққа өз жұмысын ұсынуға ниет білдірушілер мақаланы Ұйымдастыру комитетіне жібере алады. Ұйымдастыру комитеті жинаққа енгізу үшін ең үздік және өзекті жұмыстарды анықтайды («Антиплагиат» бағдарламасы қарастырылған).

Мақалаларды а. ж. 8 қарашасына дейін электронды почтаға жіберу қажет: t.bakieva@daryn.kz

Мақаланы ресімдеуге қойылатын талаптар:

  1. Жарияланымға көлемі 3 беттен бастап 8 бетке дейінгі мақалалар қабылданады.
  2. Мәтін, формулалар мен кестелерді теру үшін Windows үшін Microsoft Word редакторын пайдалану керек. Мәтінді терер алдында төменде көрсетілген мәтіндік редактордың параметрлерін орнатыңыз: жиектері 2 см; Times New Roman шрифті, өлшемі – 14; жоларалық интервалы – 1,5; ені бойынша дұрыстау; абзац шегінісі 1 см; парақтың бағдары – кітапша. Мақалада қолданылатын суреттер: jpg, gif, bmp форматында болуы керек, MS Word-тағы суреттер қабылданбайды. Барлық суреттер мен кестелер нөмірленіп, атаулармен немесе сурет астындағы қолтаңбалармен белгіленуі тиіс.
  3. Мақаланың құрылымы:
  • Авторлың фамилиясы, аты, әкесінің аты.
  • Ұйымның толық атауы, қаласы, елі – автордың жұмыс немесе оқу орны (атау септігінде).
  • Әр автордың электрондық поштасы.
  • Мақала атауы (атауды қысқартып жазуға болмайды).
  • Мақаланың қысқаша мазмұнын, негізгі нәтижелердің сипаттамасын ұсынатын аннотация (30–100 сөз).
  • Аннотацияны ағылшын тілінде және мақаланың жазылған тілінде ұсыну қажет.
  • Түйінді сөздер нүктелі үтірмен (мәтінде негізгі мағыналық жүктемесі бар 4-10 сөз немесе сөз тіркесі).
  • Автордың толық аты-жөні, оқу орнының, ұйымның атауы (оқу, жұмыс орны), мақала атауы, аннотация және түйін сөздер ағылшын тілінде.
    1. Библиографиялық тізім алфавиттік тәртіппен толассыз нөмірмен құрастырылады. Мәтіндегі библиографиялық тізімдегі тиісті дереккөзге сілтемелер шаршы жақшада ресімделеді, мысалы: [1, 277-б.]. Автоматты бет сілтемелерін пайдалануға жол берілмейді.
    2. Мәтінде библиографиялық тізімдегі барлық дереккөздерге сілтемелер болуы керек.
    3. Мәтіннің түпнұсқасы –75% кем емес.
    4. Талаптарға сәйкес келмейтін материалдар қабылданбайды.
    5. Конференцияға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде материалдар ұсынуға болады.

Барлық конференция қатысушыларына сертификаттар беріледі.

Қатысушылар үшін «ALANDA» қонақ үйінен орындар брондалды, тәулігіне тұру құны 13 мың теңге (үш мезгіл тамақтанумен).

Қонақ үйдің мекен-жайы: Нұр-Султан қ., Тәуелсіздік 33.

Қатысушылардың келуі – 16 қараша сағ. 14.00 бастап.

Конференция жұмысының басталуы: 17 қараша сағат 09.00.

Конференцияны өткізу орны: «ALANDA» қонақ үй кешенінің конференц-залы.

Конференцияның аяқталуы – 18 қараша сағат 18.00-ден кейін.

Іс-сапар шығыстары жіберуші тараптың есебінен (жолы, тұруы, тамақтануы).

Барлық сұрақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 2 қабат, 201 кабинет.

Байланыс тел., 8 (7172) 57-01-42;

8-701 52 80 945 Бакиева Т.А.,

Электронды почта: t.bakieva@daryn.kz

Date

Қар 18 2021
Expired!

Labels

Мұғалімдердің қорытындысы 2020

Organizer

Педагогикалық шеберлік және психологиялық қызмет бөлімі
Phone
8-7172-57-01-42